- •Тақырып 1. Ұлттық экономиканың мәні және ұлттық модельдің ерекшелігі.
- •1. Ұлттық экономика экономикалық ғылымдардың саласы және оқу пәні. Ұлттық экономикалық мәні.
- •2. Қазақстан экономикасы және оның салалық құрылымы.
- •1. Ұлттық экономика экономикалық ғылымдардың саласы және оқу пәні. Ұлттық экономикалық мәні.
- •2. Қазақстан экономикасы және оның салалық құрылымы.
- •Тақырып 2. Қр-ның экономикалық жүйесінің ұлттық негізін қалыптастыру.
- •2. Макроэкономикалық тұрақтылық.
- •3. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйенің негізінің дамуы.
- •1. Мемлекеттің экономикалық рөлінің басым бағыттары.
- •2. Мемлекеттің экономикалық саясатының реттеу әдістері.
- •Тақырып 3. Қр-ның эконмикалық саясаты мен оның нарықтық қатынастарға сай құрылуы.
Тақырып 3. Қр-ның эконмикалық саясаты мен оның нарықтық қатынастарға сай құрылуы.
1. Мемлекеттің экономикалық рөлінің басым бағыттары.
2. Мемлекеттің экономикалық саясатының реттеу әдістері.
1. Мемлекеттің экономикалық рөлінің басым бағыттары. Қайта құрудың екінші кезеңі 1999-2000 жылдан басталып 2007 жылдың тамызында басталған əлемдік қаржы дағдарысына дейін жалғасты. Қайта құру кезінде қолайлы даму динамикасы байқалып, экономика мен халықтың өмір сүру деңгейі өсті. 2000-2006 жылдары экономика экспорттың қарқынды түрде кеңеюіне, инвестициялар мен халықтың табысының артуының арқасында жоғары қарқынмен өрістеді. Жалпы ішкі өнім тұрақты бағада жыл сайын орташа 10,3%-ға ұлғайып отырды. Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын басқа да бірқатар көрсеткіштердің динамикасы – жұмыспен қамту деңгейі, табыс деңгейі күнкөрісі төмен адамдардың үлесінің деңгейі де жақсарды.
Халықаралық сауда саласында саясаттың негiзгi eкi түpi бар:
1. халықаралық сауда саясаты;
2. сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымы (БСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;
экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);
экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар:
epкін сауда саясаты;
протекционизм.
Epкін сауда саясаты таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы саудаға тiкелей араласудан бас тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн жүктеуiн бiлдiредi. Epкiн сауда оң саяси салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң өзара байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн төмендетеді. Ic жүзiнде, epкін сауда саясаты таза күйiнде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Epкін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктың күштердің еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады, өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген елдердiң экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлi, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іc-әрекетi пайдасыз болуы мүмкін. Протекционизм елде белгiлi бiр салалардың дамуына көмектеседi.
2. Мемлекеттің экономикалық саясатының реттеу әдістері. Тәуелсiздiк жарияланғаннан кейiн, Қазақстан сыртқы экономикалық ic-әpeкeтін ырықтандыру жолына түстi. 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық реформаларды жүргiзу кезеңiндегi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ic-әрекетiн ұйымдастыру туралы" жарлығы қабылданды. Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыруда алғашқы маңызды қадам 1993 жылы жасалды. 1994 жылы 15 шiлдеде ҚР Президентi қаулысымен "Экономикалық дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша үкімет ic-әрекетiнің бағдарламасы қабылданды. 1995 жылы ҚР сыртқы саудасын ырықтандыруда мынандай қадамда жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік, денсаулыққа деген көзқарастарға байланысты бiрқатар тауарлар тізімінен басқа, барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталынды; стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды; экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық және аукциондық сауда ұлғайтылды. 1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендiк Одағы туралы келiсiмге қол қойылды. Кейiн оларға Қырғызстан мен Тәжiкстан қосылды. Оның басты мақсаты - кедендiк кедергiлердi жою, адамдар, тауарлар, капитал мен қызмет көрсетудiң epкін ауысуы үшiн бірыңғай экономикалық кеiстiк құру болып табылады. 1996 жылы экспорттық өнімгe салынатын барлық кедендiк баж салықтар алынып тасталынды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер төмендетілді. 1997 жылдың 20 шiлдесiнде ҚР Кеден Комитетi мен Ұттық банк "ҚР экспорт-импорттың валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже қабылдады. Ол экспорт-импорттық валюталық бақылау тәртiбiн орнатып, экспорттан түскен валюталық табыстың дер уақытында келуi мен импорт мақсаттарында валюта қаржыларын пайдалануын заңдылығы мен негiзделгенiн бақылау тәртiбiн белгiледi. 1998 жылы да елдiң сауда балансы тepic болды. Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы оң, ал оны ТМД елдерiмен саудасындағы экспорттан импорттың асып түcyi ауқымды болды. Бiрақ бұрыңғы одақтас республикаларға арналған экспорт көлемi алыс шет елдерге арналған экспорт көлемiнен өте жоғары. 1999 жылдың 5 көкек айында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк валюталық курсты epкін қалқуға жiберу туралы бiрлескен шешiм қабылдады.
Бүгiнгi күнi Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар. Оның негiзгi әріптестерiне Ресей, ТМД елдерi, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Туркия, Корея жене т.б. елдер кiредi.
Қазiргi уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:
импорт құрылымын рационализациялау;
жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу;
өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру жатады.
