- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2013 мазмұны
- •1. Силлабус
- •1. Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы л.Н.Гумилев атындағы еұу, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.Ғ.К.
- •2) Экономикалық теория. Коды et1109. 2 кредит
- •5) Оқу пәніне сипаттама:
- •7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер.
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
- •4 Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •5 Тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Нарықтық тепе-теңдік
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •8.1.Сурет Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Банктердің функциялары:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бюджет-салық саясаты
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •2) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •3) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
- •2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •3. Қайталауға арналған сұрақтар
- •Сабақтың мақсаты
- •Талдау сұрақтары
- •Талдау сұрақтары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары
- •Микроэкономикалық.
- •Ресурстарды тиімді бөлу.
- •Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.
- •Тек нарықты экономиканы.
- •«Не болу керек».
- •Сыртқы саудаға енуі.
- •Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.
- •Макроэкономика.
- •Дедукциялық әдістер.
- •22. Экономикалық жүйеде бағаның жалпы деңгейі мен жұмысбастылық қай курста оқытылады:
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •1) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
- •2) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
Несиелік белсенділікті басқару
|
Арзан ақша саясаты |
Қымбат ақша саясаты |
Қолданылады |
Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда |
Жоғары инфляцияда |
Іс-әрекеттер: |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді. |
Нәтиже: |
Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі |
Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады. |
Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:
Ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.
Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.
Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ мемлекеттің экономиканы реттеу құралдарына дәріс барысында жеке тоқталып таныстырылды. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудегі мәселелер ашып көрсетілді. Қаржылық жүйе және Фиcкалдық саясаттың ролі, ақша жүйесімен толық таныстырылып, несие түрлерін, банк жүйесі, ақша жүйесінің мәні және несиенің мәні формалары терең қарастырылды.
