Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус 4 курс ЕН.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Нефрология физиология, молекулярлық биология, морфология, генетика және тағы басқа ғылымдардың жетістіктерінің арқасында қарқынды түрде дамып келе жатқан медицинаның арнайы саласы болып табылады. Соңғы жылдары «Нефрология» мамандығы балалар мен ересектердегі бүйрек ауруларының ерте кезеңдерінен бастап созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (СБЖ) терминалды сатысына дейін диагностикалап, емдейтін, сонымен қатар бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды жүргізумен айналысатын біртұтас ғылым ретінде қалыптасты. Балалардағы бүйрек патологиясы іштен біткен және тұқым қуалайтын аурулардың және көптеген тамырлық аурулардың астарында (гипертония, васкулиттер) бүйректің екіншілік зақымдануына байланысты артып отыр. Сондықтан балалар нефрологиясын медицина дамуының қазіргі этапында терең және арнайы оқытудың өзектілігі ешқандай күмән тудырмайды.

«Нефрология» бойынша оқуды аяқтаған дәрігердің кәсіби аймағына денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелері, яғни нефрология, гемодиализ бөлімдері және амабулаторлық-емханалық қызмет мекемелері жатады.

    1. Пән мақсаты: бүйрек зақымдалуының негізгі түрлері жайында білімді қалыптастыру.

    2. Оқыту міндеттері

  1. Зәр шығару жолдарының инфекциясын диагностиакалудың клиникалық-зертханалық және аспаптық критерийлерімен таныстыру.

  2. Гломерулонефриттер туралы қазіргі заманғы түсінік беру, гломерулонефриттердің қазіргі кездегі диагностикасы мен емінің тактикасымен таныстыру.

  3. Нефрологияда кездесетін негізгі клиникалық синдромдармен таныстыру.

  4. «Бүйректің созылмалы ауруы» (БСА) ұғымымен, БСА жіктелуімен, БСА бар науқастарды диагностикалау және жүргізу ағидаларымен таныстыру.

    1. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

  • ЗШЖИ дамуының қауіп-қатер, этиологиялық және қоздырғыш факторларын

  • Қазіргі заманға тән ЗШЖИ микробтық сипатын

  • Нефриттік синдром патогенезін

  • Нефротикалық синдром патогенезін

  • Гломепрулонефриттердің синдромалды және нозологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдерін. Емдеу қағидаларын.

  • Гломерулонефриттердің морфологиялық саналуындығы мен жіктемесін.

  • БСА туралы түсінікті қазіргі медицинаның глобалды мәселесі ретінде қарастыру

  • БСА жіктелуін және диагнозын растау критерийлерін

  • Ішкі аурулар клиникасында БСА орнын

  • БСА бар науқастарды емдеу қағидаларын

Студент жасай білуі тиіс:

  • Жоғарғы және төменгі зәр шығару жолдарының инфенкциясын ажырата білуге

  • ЗШЖИ диагностикалау критерийлерін анықтап, нақты диагноз қоюға

  • Сәйкес ем тағайындап, нәтижелігін бақылай алуға

  • Гломерулонефриттер кезінде басты клиникалық синдромды ажыратып, бастапқы емін тағайындай алуға.

  • Гломерулонефритке күдікті науқасқа диагностикалық жоспар алгоритмін құарстыруға

  • ШФЖ бойынша бүйректердің функционалды жағдайын бағалауға

  • Ішкі аурулар клиникасында БСА диагностикалауға

Студент игеруі тиіс машықтар:

  • Бүйрек ауруларында негізгі клиникалық синдромдарды интерпретациялау

  • УДЗ, несеп талдауларының мәліметтерін нтерпретациялау

  • Бүйрек ауруы бар науқасты клиникалық тексеруден өткізіп, ауру симптомдарын анықтау

  • Бактериологиялық зерттеу үшін зәрді жинау

  • Басты клиникалық синдромға байланысты зерттеу алгоритмін құрастыру.

  • ШФЖ формуламен есептеу

  • Ішкі аурулар клиникасында БСА ерте анықтау скринингін өткізу

    1. Пререквизиттер: ішкі аурулар пропедевтикасы, микробиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология

Постреквизиттер: жалпы дәрігерлік тәжірибе, ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, хирургия.

    1. Пәннің қысқаша мазмұны.

Балалар нефрологиясындағы негізгі клиникалық белгілерге физикалық дамудың артта қалуы, сүйектік деформациялар, қаназдық, мешел (полиурия), электролиттік бұзылыстар, сонымен қатар, ісінулер, артериалды гипертензия және зәр синдромы жатады. Бұлардың барлығы нефритикалық, нефротикалық жекеленген зәр және тубуло-интерстициалді синдромдарға біріктірілген. Сабақтарда әртүрлі синдромдары бар науқастар көрсетіледі. Пікір-талас түрінде гломерулонефриттер кезіндегі әртүрлі синдромдар дамуының механизміндегі айырмашылықтар, сонымен қатар, басқа аурулар мен жағдайлар кезіндегі ұқсас клиникалық синдромдардың патогенезі талқыланады.

    1. Тақырыптық жоспар

Тәжірибелік сабақтар

№

Тақырыптары

Өткізу түрі және ұзақтығы, сағ

Дәріс

Тәжірибелік сабақ

1

Зәр шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Цистит. Клиникалық-зертханалық диагностикалау әдістері. Аспаптық зерттеулер өткізу көрсеткіштері. Емдеу қағидалары.

1

4

2

Гломерулонефриттер. Нефриттік, нефротикалық синдромдар, жекелеген зәр синдромы, тез үдемелі нефрит. Патогенезі. Жіктеу, диагностикалау және емдеу қағидалары. Жедел постинфекциялық ГН, болжамы.

1

6

3

БСА. Анықтамасы, этиологиялық факторлары, жіктелуі, диагностикилық критерийлері және ішкі аурулар клиникасында БСА ерте анықтау. БСА сатысына байланысты науқастарды емдеу тактикасы. БСА үдеуінің механизмдері.

-

6

Барлығы

2

16

2.8 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

№

СӨЖ тақырыптары

Түрі

Ұзақт., сағ

1

1) Асимптоматикалық бактериурия

2) Қант диабеті бар науқастарда ЗШЖИ

3)ЗШЖИ антибактериялық емінің қағидалары

Презентация

Презентация

Реферат

3

2

4) Нефротикалық және нефриттік синдромдар кезінде ісіну патогенезі.

5) Шумақтық базалды мембрананың қалыпты және патологиялық ультрақұрылымы және генетикасы.

Схема,

сүрет

Схема,

сүрет

Схема, сүрет

3

3

6) ШФЖ бағалау әдістері: артықшылықтары мен кемшіліктері. БСА үдеуінде гиперфильтрация маңызы.

7) ААФ тежегіштерінің әсер ету механизмі және аймақтары

Схема, презентация

Презентация

Схема,

сүрет

3

Барлығы:

9

    1. Ұсынылатын әдебиет

Негізгі :

  1. Папаян А.В., Савенкова Н.Д. Руководство по нефрологии детского возраста. С-Петербург, 2008.- С. 18-61.

  2. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Нефрологияда клиникалық симптомдар және синдромдар. Оқу құралы. Алматы, 2010.

  3. Лекции. 1-й Международный нефрологический семинар «Актуальные вопросы нефрологии», 24-26 апреля 2006, Алматы

  4. Игнашин Н.С. Ультрасонография в диагностике и лечении урологических заболеваний. М., 1997.

  5. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Бүйрек ауруларында зерттеу әдістері. Оқу құралы. Алматы, 2010.

  6. Қанатбаева Ә.Б., Нурбекова А.А., Наушабаева Ә.Е., Қабылбаев Қ.А. Бүйректердің клиникалық морфологиясы және физиологиясы. Оқу құралы. Алматы, 2010.

  7. Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005

  8. Шилов Е.М. Нефрология. Учебное пособие. Москва, 2007.

  9. Клинические проявления. В книге: Руководство по нефрологии. Под ред. Дж. А. Витворт, Дж.Р. Лоренса. Перевод с англ., Москва, 2000. С.104-113

  10. Протеинурия и нефротический синдром. В книге: Нефрология. Под ред. И.Е. Тареевой. Москва, 2000. С.145-187

  11. Nelson Pediatrics textbook 17 Intern.d.2005

  12. Нұрмұхамбетов Ә.Н. Патофизиология. Алматы, 2007, 680б

  13. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах. Алматы, 2009, 232с

Қосымша:

  1. Клинические синдромы. В книге: Храйчик Д.Е. и др. «Секреты нефрологии», 2001, С. 50-92

  2. Гистология. Под ред. Ю. Афанасьева, 2002, 203с

  3. Физиология человека. Под ред. В.Н. Покровского, 2003, 297

  4. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Нефрологияда клиникалық симптомдар және синдромдар. Оқу құралы. Алматы, 2009.