- •1 Әлеуметтану ғылым ретінде
- •1.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
- •1.5 Әлеуметтану функциялары
- •5.Э.Дюркгеймнің социологизмі.
- •6.Марксизм әлеуметтануы.
- •7. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.
- •8.Қазіргі әлеуметтаудыңдаму ерекшеліктері.
- •9.Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм.
- •10.Вебердің түсіну,ұғыну теориялары.
1.5 Әлеуметтану функциялары
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
Макро және микро әлеуметтану Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.
3.Әлеуметтану қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. О конттың әлеуметтануы .Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).
Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).
Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.
Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.
4) Спенсердің натуралистік концепциясы. Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.
Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.
