- •1 Әлеуметтану ғылым ретінде
- •1.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
- •1.5 Әлеуметтану функциялары
- •5.Э.Дюркгеймнің социологизмі.
- •6.Марксизм әлеуметтануы.
- •7. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.
- •8.Қазіргі әлеуметтаудыңдаму ерекшеліктері.
- •9.Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм.
- •10.Вебердің түсіну,ұғыну теориялары.
6.Марксизм әлеуметтануы.
Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады
1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды
2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;
4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
7. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың ӛкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечников болды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи ӛзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап кӛрсетті.Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А.И.Стронин және П.Ф.Лилиенфельд болды. А.И.Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес ӛмір сүруі шектеулі болады. П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады. Субъективтік бағыттың кӛрнекті ӛкілдері П.Л. Лавров пен Н.К.Михайловский болды. П.Л.Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның кӛзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол – тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады. Анархизм бағытын қалыптастырған М.Бакунин мен П.Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы – ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды. Психолгиялық бағыттың ӛкілдері Е.В.Де-Роберти мен Н.И.Кареев қоғам дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П.Струве, М.Туган-Барановский, Н.Бердяев, С.Булгаков және т.б. болды. Олардың кӛзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады. Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық – саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уалиханов (1835 – 1865 ж.ж.) Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889 ж.ж.), Абай Құнанбаев (1845 – 1904 ж.ж.) сияқты қоғамдық – саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (1870 – 1937 ж.ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873 – 1937 ж.ж.), т.б. оқымыстылар болды.Шоқан Уәлиханов әлеуметтік ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой – пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына үйрету идеясын жақтаған адам.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық - әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «О мусльманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеяларымен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан – жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер – білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың озық мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы етіп барлық қазақ ауылдарында орыс – қырғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. Өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуге баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады. Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан мылайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады.
Қазақ халқының ұлы ақын және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басынла өтті. Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. Өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтағы бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғары әлеуметтік – моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір – біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратын ақиқат, дейді Абай.
Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арсындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған. А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында ӛзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» кӛсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының ӛршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси кӛзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды. Ә. Бӛкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылытар шиеленісіп тұрған тұста шыққан ірі тұлға болды.Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, әлеуметтік-саяси мәні бар зор тұжырымдар жасайды. 1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бӛкейханов сонда алғашқыда статист қызметін атқарып, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды. Экспедициядағы жұмыс Ә.Бӛкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақтағы тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жете білуіне мүмкіндік жасады.
