- •Тақырыбы: Телевизиондық байланыс
- •Сандық теледидар жүйелері , даму тарихы
- •2 Сандық теледидар жүйесінің қабылдағыш құрылғысы, жеке блоктарының сипаттамасы
- •3 Стандарттар. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары
- •4 Сандық теледидар жүйесінің стандарттары
- •6 Id tv интерактивтік теледидардың сервистері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
2 Сандық теледидар жүйесінің қабылдағыш құрылғысы, жеке блоктарының сипаттамасы
Сандық теледидар дабылын қабылдау үшін «d-box» немесе «Set-Top-Box» деп аталатын ерекше құрылғылар қажет. Мұндай құрылғыларды және соларға арналған микросхемаларды Еуропа, Жапония және Кореяның радиотехника саласындағы көптеген алдыңғы қатарлы фирмалары жасап шығарады.
Мысал ретінде Philips фирмасының микросхемасы негізіндегі «Set-Top-Box» құрылғысын қарастырайық (сурет 2).
Сурет 2 – DVB cтандартты қабылдағыш құрылғының сызбасы
1.Тюнер
Жоғары жиілікті тюнердің екі кірісі бар. Оның біреуіне (КТВ) кабельдік теледидар желісінің кабелі жалғанады. Бұл кірісте дабылдың жиілік диапазоны 50 мен 850 МГц арасында. Тюнердің екінші (СТВ) кірісіне спутниктік каналдың қабылдағыш құрылғысынан дабыл келіп түседі. Бұл канал 1...2 МГц диапазонындағы тасымалдағыш жиілік бойынша өтеді және диапазонға тасымалдау түрлендіргіш арқылы жүзеге асады. Екі кірістің кез келгенінің жұмысы кезінде тюнер керекті теледидар каналын таңдауға және дабылды тасымалдау жиілігінен аралық жиілікке ауыстыруға мүмкіндік береді. Канал үшін жұмыс режимін таңдауды басқару және каналды баптау І2С шинасы бойынша жүргізіледі.
2.АСТ
Кабелдік телеарна дабылын қабылдау кезінде тюнер шығысындағы аралық жиілікті дабыл АСТ-ға түседі. АСТ ретінде TDA8790 (Қосымша A) және TDA8761 типті микросхемалары қолданылады. Дабылдың келесі өңделуі сандық түрде жүреді.
3 ДМД КАМн
ДМД КАМн блогында квадратты амплитудалық манипуляциянын демодуляциясы және каналдық декодтау жүреді. TDA8046 микросхемасы 4, 16, 32, 64 немесе 256 мүмкін болатын позициялы КАМн-ды демодуляциялауға мүмкіндік береді (Қосмша B).
4 ДМД КФМн
Спутниктік телеарна дабылын қабылдау кезінде тюнер шығысындағы дабыл ДМД КФМн блогына келіп түседі. Мұнда квадратты фазалық манипуляцияның демодуляциясы және каналдық декодтау жүзеге асады. Бұл блок өздігінен демодулятор болып табылатын TDA8042М (Қосымша C) және демодулятордың жұмысын басқаратын TDA8043 микросхемаслары негізінде жасалған.
5 ҚК
Айтылған қабылдаудың екі режимінде де демодуляциядан және каналдық декодтаудан кейін дабыл Рид-Соломон декодеріне келіп түседі (ҚК – қате корректоры). Мұнда қабылданған деректердегі қателердің коррекциясы жүреді. Бұл блок шығысында MPEG-2 транспорттық ағымы жүретін SAA7207Н типті микросхемаларында (Қосымша D) орындалады. АСТ, ДМД КАМн, каналдық декодер және ҚК блоктарының барлығын бір ғана TDA10021 типті микросхемасы негізіндегі кабельдік телеарна қабылдағышымен ауыстыруға болады.
6 ДСкр
Содан кейін, ДСкр блогында дабылды дескремблирлеу, яғни нақты бір теледидар бағдарламасына қосылу шартымен сәйкес деректердің дешифрленуі жүзеге асады. Дескремблер SAA7206 микросхемасы (Қосымша E) негізінде жүзеге асады.
7 ДМп
Кейін ДМп блогында деректердің транспорттық ағымының демультиплексациясы жүзеге асады. Мұнда деректер MPEG-2 стандартына сәйкес бейнедерек және дыбыстық қолдау ағымдарына түрленеді. Бұл блок SAA7205 микросхемасында (Қосымша F) орындалады. Дескремблирлеу және демультипликациялау бір ғана SAA7219 микросхемасы негізінде жүргізіле алады.
8 ДКд MPEG
Алынған элементарлы деректер ағымы SAA7201(немесе SA7215, SAA7216) микросхемасы (Қосымша G) негізінде жасалған ДКд MPEG блогына келіп түседі. Блокта уақыттың белгілі уақытындағы 27 МГц тактілік жиілікті генератор синхронизациясы; бейне, дыбыс және қосымша тексттік ақпараттың толық декодталуы жүзеге асады. Мұндағы бейне 4:2:2 форматындағы бейне элементе 8 биттік Y (жарықтық дабылы) және U, V (түрлі-түстілік дабылы) сандық дабылдары ретінде шығарылады.
9 ОЖ
Декодер кірісіндегі деректер ағымының жылдамдығы 20 Мбит/с. Декодерге деректерді уақытша сақтау үшін 16 Мбит-тік сыртқы ОЖ (ОЗУ) жалғанады. Сандық шина бойынша декодер жұмысын басқару сыртқы басқару блогынан жүзеге асады. Бұл блоктың қорек кернеуі 3,3 В. Микросхеманың 160 тармағы бар.
10 Бейне САТ
Бейненің сандық дабылы Бейне САТ блогына келіп түседі. Блок SAA7124 микросхемасы (Қосымша H) негізінде жасалған. Мұнда кәдімгі аналогтық видеодабылға түрлу жүзеге асады. Бұл микросхема PAL, NTSC жүйелеріне сәйес толық дабыл құрылуының режиміне және S-видео стандартының дабылдарының құрылу режиміне ие. САТ разряд саны 10 немесе 9. Басқару І2С шинасы бойынша жүзеге асады.
11 Дыбыс САТ
Дыбыстық қолдаудың сандық дабылдары Дыбыс САТ блогына келіп түседі. Блок TDA1306T микросхемасы (Қосымша I) негізінде жасалған. Бұл микросхема стереофондық дыбыстық қолау үшін қолданылатын дыбыс дабылын өңдеудің екі каналынан тұрады. САТ разряд саны 16. Дыбыстың динамикалық диапазоны 95 дБ. Басқару І2С шинасы бойынша жүзеге асады.
12 ББ
Сонымен қатар, «Set-Top-Box» құрылғысы микропроцессоры және қашықтан басқару дабылын қабылдағышы бар басқару блогынан (ББ) тұрады. ББ блогынан басқару дабылдары басқа блоктарға екіразрядты І2С сандық шинасы бойынша таралады.
