- •Тақырыбы: Телевизиондық байланыс
- •Сандық теледидар жүйелері , даму тарихы
- •2 Сандық теледидар жүйесінің қабылдағыш құрылғысы, жеке блоктарының сипаттамасы
- •3 Стандарттар. Түрлі-түсті теледидар жүйесінің стандарттары
- •4 Сандық теледидар жүйесінің стандарттары
- •6 Id tv интерактивтік теледидардың сервистері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
6 Id tv интерактивтік теледидардың сервистері
«Интерактивтік теледидар» (ID TV) – бұл арналардың тақырыптық топтары бойынша, сондайақ бірыңғай арналар пакетіндегі бөлек арналар бойынша навигация мүмкіншіліктері бар қызметтің барлық жазылушы абоненттері үшін контенттің цифрлы таралымы (қазақстандық және шетел телеарналарын).
«Электрондық хабар бағдарламасы» (Electronic Program Guide, EPG) – экранға шығарылатын телехабар бағдарламасының кестесі. EPG, интерактивтік теледидар опциясы сияқты, жақын арадағы күнге әрбір телехабардың қысқаша суреттелуі бар телехабар бағдарламасынан тұрады. EPG ұстайтын арналар үшін, абоненттер теледидар экранынан қаап шығуды үзбей отырып, электрондық хабар бағдарламасын қарап шыға алады. Бұл ретте, абоненттер осы мезетте арнада не хабар болып жатқандығын, хабар қашан аяқталатынын, қазіргі сәтте басқа арналарда не таратылып жатқандығын біледі, сондай-ақ таңдалынған бағдарлама туралы толық ақпарат алады. ID TV қызметі арналар пакеттерінің құрылымы абонентке тек таңдау ғана емес, жеке ықыласы мен қажеттіліктеріне байланысты өз бетімен жеке арналар тобын құру мүмкіндігін береді. Абонент 56 телеарнадан тұратын «стандартты» пакетінен бастауына және мәлімдеу тақырыбы/бағыты бойынша топтастырылған: «Әуенді», «Балаға арналған», «Үй иесі», «Танымдық», «Бос уақыт» қосымша пакеттерге жазылу есебінен телеарналар тізімін 90 астамға дейін кеңейтуіне болады.
«Сұраныс-бойынша-бейне» (Video-on-Demand) – бірегей сервис абоненттеріне фильмді немесе бейнебағдарламаны жеке қарап шығу қосылысын сатып алу және теледидар экранында тапсырыс берілген фильмді тез арада немесе кез келген ыңғайлы уақытта қарап шығу мүмкіндігін береді. Бейненің цифрлық сапасы, көлемді дыбыс шығаруы, фильмді жасаушы және актерлер туралы ақпарат – бұның барлығы iD TV қызметінің абоненттерін күтуде. Теледидар пультінің көмегімен фильмге дереу тапсырыс беруге болады. Фильм теледидар экранында ұсынылған бейнеконтент тізімдемесінен таңдалынады.
Қосымша сервистер
«Виртуалды кинозал» (near Video-On-Demand) - кесте бойынша танымалы фильмдерді қарап шығудың болашақ сервисі (көпзалды кинотеатрдың «виртуалды» аналогы).
«Менің жазбаларым» (Personal Video Recorder, PVR) – бұл жақсы көретін телехабар таралымын бөлек телеарналарда кейінгі жеке қарап шығу үшін алдын ала таңдау мүмкіншілігі. Осы сервисті қолдана отырып, абоненттердің оларды электрондық хабар бағдарламасынан таңдай отырып, қызықтыратын телехабарларын жазу мүмкіншілігі бар. Қарап шығу кезінде кез келген хабар эпизодын таңдауға немесе таралымды тоқтатуға болады.
«Телехабарларды кейінге қалдырылған қарап шығу» (Time Shift TV) - абоненттер iD TV қызметінің аталмыш сервис көмегімен соңғы тәулікте көрсетілген телехабарлар таралымын ыңғайлы уақытта қарап шыға алады.
«Желілік дербес бейнежазу магнитофоны» (network Personal Video Recorder) – теледидар хабарын кейінгі жеке қарап шығу мүмкіншілігі. Осы сервистің жазылушылары электрондық хабарлар бағдарламасынан оларды қызықтыратын телехабарды таңдай алады. Жеке қарап шығу кезінде «қайта орау» және «үзіліс» әрекеттерін пайдалануға болады.
ID TV интерактивті теледидары жазылушыларына қызметтің пайдаланушысымен бірге екі жақты байланыс арнасының қолда бар болу есебінен сервистердің кең шоғырын алу мүмкіндігін ұсынады. iD TV абонентке сервситер жиынтығын өз бетімен басқару мүмкіндігін береді: қосымша телеарналар пакетіне жазылу, оларды ауыстыру, қосымша сервистерге және оларды тек дистанциялық басқару пультімен ғана көмегімен пайдалану.
