- •Силлабус
- •Алматы, 2012ж.
- •1. Жалпы мәлімет:
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.6 Реквезитен кейінгі
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары:
- •2.5 Реквезитке дейінгі
- •Тәжірибелік сабақтардың тізімі
- •Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар (осөж)
- •2.8. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар (сөж)
- •Пәндік сағаттарды бөлу.
- •2.9. Ұсынылған әдебиеттер
- •2.10 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері
- •Сабақтың тәжірибелік бөлімі – дағдылар (максималды 100 бал)
- •Орындалу критерилері:
- •Бағалау критерилері:
- •Аралық бақылау
- •Ауызша немесе жазбаша жауап – ең жоғарғы балы -100 бал
- •Тестілеу - ең жоғарғы балы -100 бал
- •Коммуникативті дағдылар Бағалау критерилері
- •Құқықтық компетенция Бағалау критерилері
- •Студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру әдістері Студеттердің бақылау білімін тексеру
- •Пән бойынша студенттің білімін бағалайтын шкаласы
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты хирургия бойынша жаңа мамандарды дайындаудың мазмұнына, көлеміне және сипатына қойылатын талаптарды едәуір өзгертіп отыр.
Хирургия дегеніміз адам денесінің барлық ағзалары мен бөліктерінің сырқаттары мен жарақаттануын зерттейтін және емдеудің арнаулы әдістерін жасақтап, әрі қолданатын медицинаның бір бөлігі болып табылады.
Хирургия ілімі үнемі дамып отыру үстінде, жаңалықтар үсті-үстіне жинақталуда және хирургияның асептика мен антисептика, қан мен қан алмастырғыштарды құю, хирургиялық инфекция, жарақаттарды емдеу, жансыздандыру мен реанимацияның негіздері, пластикалық хирургия және басқалары сияқты негізгі ұғымдары туралы түсініктерге басқаша көзқарас қалыптасуда. Жалпы хирургияның негізгі тарауларын барлық дәрігер мамандары білуі қажет. Жалпы хирургия негізі жөнінен пропедевтикалық хирургиялық пән ретінде хирургиялық науқастарды клиникалық зерттеуді оқытуды көздейді. Студенттер мен колледж оқушылары жалпы хирургияны оқып үйрену процесінде өздерінің кәсіптік қызметіне керекті және қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.
2.2 Пәннің мақсаты:
Хирургиялық сырқаттарды тексеру, диагностика және емдеудің негізгі принциптерімен таныстыру және хирургиялық патологиялар жөнінде білімін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
Білім
Медициналық, клиникалық және хирургиялық түсініктер туралы; десмургия туралы; хирургиялық тәжирибедегі қолданылатын жансыздандыру әдістермен тәсілдер туралы білімін қалыптастыру; онкологиялық, іріңді-қабыну аурулары бар науқастырды лабораториялық – құрал жабдықты зерттеу әдістерін интерпритациясын жасау, диагностика және ем туралы білімін қалыптастыру.
Тәжірибелік дағдылар
Тұрғындар арасындағы хирургиялық аурулары бар науқастарға дәрігерлік көмек көрсету үшін, негізгі медициналық емдеу – диагностикалық және алдын-алу шараларының дағдыларын құратыру;
Хирургиялық аурулары бар науқастарға дифференциалды диагностикалық дағдыларды жетілдіру және құрастыру;
Медициналық есеп- тіркеу құжатын жүргізуді үйрету.
Коммуникативті дағдылар
Коммуникативті дағдыларды, командалық жұмыс дағдыларын, диагностикалық және емдеу шараларын ұйымдастыруды құрастыру;
Науқастармен және олардың туыстарымен қарым – қатынас жасау дағдыларын жетілдіру және құрастыру.
Денсаулық адвокаты
Адамның және семьясының салауатты өмір сүру әдістері мен білімін құрастыру және жетілдіру;
Қазақстан Республикасының заңдық құқықтық негіздерін, социалды ғылымды және денсаулық сақтау жүйесін, этикалық және құқықтық қалыпты жағдайларын, адам-адаммен қатынасын реттеу білімдерін құрастыру.
Медициналық қызметкер мен науқас құқықтары білімін құрастыру.
Өзін-өзі жетілдіру
Өзінің барлық мамандық жолында мамандандырылған оқу мен білім дағдыларын жетілдіруді қажет ету;
Ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамытуға ат салысу.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студентте қалыптасқан білімі болуы қажет:
Кәзіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптері туралы;
Хирургиялық науқастарды клиникалық және аспаптық зерттеудәң жалпы принциптері туралы;
Негізгі хирургиялық симптомдармен синдромдар туралы;
Хирургиялық ауруларының жиі кездесетін түрлерінің негізігі емдеу кезендері туралы
Хирургиядағы анестезиология мен трансфузиологияның негіздері:
Талыпқалу (обморок), коллапс, талықсу (шок), жедел тыныс алу жетіспеушілік, аллергиялық әсерлестіктер, күйіктер, сынықтар және қан кетулерді шұғыл біріншілікті (дәрігерлік көмекке дейін) көмекті көрсету туралы;
Амбулаторлық хирургиялық жұмысты ұйымдастыру туралы
Студентте қалыптасқан жасай - алуы қажет:
Науқастарды жалпы қарап тексерумен науқастын жалпы жағдайының бағалау және жергілікті патологиялық ошақты сипаттау;
жараның алғашқы хирургиялық өңдеу, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау;
жергілікті жансыздандыруды орындауын
таңғыштарды салу және таңуды орындауын
таза және іріңді жараны өңдеу
жұмсақ ұлпалардың, клетчаткалы кеңістіктер мен қуыстардың жедел іріңді аурулардың кейбір түрлерін (шиқан, сом іріңдік; флегмона, гидраденит, мастит, парапроктит, паранефрит, медиастенит) айқындауын;
іріңді ошақты тіліп ашып, ревизия жасап дренирлеу;
сүйек сынық кезінде тасымалдау және емдеу иммобилизациясын салуын (Крамер, Детерихс);
омыртқалар сынғанда иммобилизациясын жасау;
Талыпқалу (обморок), коллапс, талықсу (шок), күйіктер, сынықтар және қан кетулерді шұғыл біріншілікті (дәрігерлік көмекке дейін) көмекті көрсету
сыртқа қан кету кезінде уақытша мен бір жола қан тоқтатуды өткізу
Венепункция және перефериялық тамырларға катетеризация жасау;
қан тобын және резус-факторын анықтауын, қан құю алдынағы сынауларды (топ-, резус-, биологиялық) өткізуін, сонымен бірге қан мен қаналмастырғыштарды құюын
Студентте қалыптасқан дағдылар болуы қажет:
операцияның алдында және жараны таңу алдындағы қолды өндеу;
операциялық алаңды операцияға дайындау;
залалзысдандырылған халатты, қолғапты кию және ауыстырып кию.
Жұмсақ тіндерді жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру;
Ішті, сүт безді қарау және пальпация, тікішекті саусақпен тексеру;
Қуыққа катетер қою, операция алдында асқзан мен ішекті тазалауын жүргізу;
жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу;
тері тігістерін салу мен алуды;
жүрек-өкпе реанимациясын;
транспорттық шиналарды, гипстік, бинттік таңғыштарды салу мен алу.
Студентте қалыптасқан компетенциялар:
Когнитивті – негізгі іріңді – қабыну ауруларының диагностикалық және дифференциалды диагностикалық әдістеріненің ерекшеліктері.
Операционалды – клинико – лабораториялық зерттеулерге сүйену; УДЗ, УДЗГ, ЭФГДС, КЕ және ЯМРТ мәліметтеріне сүйену.
Коммуникативті –қатынас жасау дағдыларын науқаспен және әріптестермен құрастыру, жеклеген жағдайлардан шығы білу ( моралды және психологиялық бейімділік, әріптестермен коммуникативті дағдылар, қайтыс болған науқастардың туыстарымен, ауыр жағдайдағы науқастардың жағдайын хабарлау, қайтыс болғанын айту).
Құқықтық – науқастың келісімі туралы мәлімет. Шектеулі мәліметтер (конфиденциальность). Медициналық қызметкер мен науқастың құқықтары. Тегін медициналық көмек көлемі.
Өзін – өзі дамыту – арнайы медициналық әдебиеттерді оқу, электронды мәлметтермен жұмыс істеу, интернет жүйесімен және т.б. СӨЖ презентациясының дағдыларын жетілдіру, портфолио құрастыру, мақалалар, эсселер, түйін жазу.
