Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анал.химия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146 Кб
Скачать
☆

Натрий ионына тән реакциялар

  1. Цинкуранилацетат Zn[(UO2)3(СН3СОО)8] бейтарап және сірке қышқылды ортада Na+ иондарымен, қара фонда жақсы байқалатын, жасыл-сары түсті натрийцинкуранилацетаттың NaZn[(UO2)3(СН3СОО)9]·9Н2О кристаллдық тұнбасын береді:

Na+ + Zn[(UO2)3(СН3СОО)8] + СН3СОО- + 9Н2О =

NaZn[(UO2)3(СН3СОО)9]·9Н2О↓

Цинкуранилацетаттың орнына магнийуранилацетатты қолдануға болады. К+, Mg2+, NH4+ иондары және сілтілік жер металдарының иондары бұл реакцияға кедергі болмайды.

2. Калий дигидроантимонаты КН2SbO4 Na+ иондарымен бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада (при рН =7,5–8) натрий дигидроантимонатының NaН2SbO4 ақ түсті кристал тұнбасын береді:

NaCl + КН2SbO4 = NaН2SbO4 ↓+ KCl

NaН2SbO4 тұнбасы ыстық суда ериді, сондай-ақ сілтілерде жартылай ериді.

КН2SbO4 реактивін қышқылдар ыдыратады. КН2SbO4 –ге аммоний тұздарының әсері қышқылдар әсерімен бірдей, себебі гидролиз салдарынан аммоний тұздарының судағы ерітінділерінде сутегі ионы болады:

NH4+ + Н2О = NН4ОН + Н+

Бұл кезде ерітінді рН-ы соншалық төмендеуі реактивтің ыдырауына әкеледі. Магний тұздары КН2SbO4 – мен кристалдық тұнба беруіне байланысты Na+ иондарын ашуға кедергі жасайды.

КН2SbO4 реактивін натрийді ашу үшін қолданғанда келесі ережелер сақталуы тиіс: ерітіндіде NH4+ және Mg2+ иондары болмауы керек; ерітінді бейтарап немесе әлсіз сілтілік және жеткілікті концентрлі болуы керек; реакцияны салқында өткізу қажет.

  1. Жалынның боялуы. Натрийдің ұшқыш қосылыстары түссіз жалынды қанық сары түске бояйды.

Аммоний ионына тән реакциялар

1. Сілтілермен реакция. NaOH, КОН күйдіргіш сілтілер және сілтілік жер металдар гидроксидетрі Са(ОН)2, Ва(ОН)2 аммоний тұздарымен қыздырғанда аммиак бөледі:

NH4Cl + КОН = NH4ОН + КСl

Аммиак иісі бойынша немесе қызыл лакмус қағазының көгеруі, сондай-ақ сынап (І) нитраты ерітіндісімен ылғалданған сүзгіш қағаздың қараюы бойынша анықталады.

2. Несслер реактиві – комплексті тұздағы K2[HgI4] және КОН ерітінділері қоспасы – аммоний тұздары ерітінділерімен құрамы NH2Hg2I3 қызыл-күрең түсті тұнба түзеді. Егер аммоний тұзының мөлшері аз болса, тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары немесе күрең түске боялады.

NH4Cl + КОН = NH3 + КСl + Н2О

NH3 + 2 K2[HgI4] + КОН = NH2Hg2I3 + 5КI + Н2О

Магний ионына тән реакциялар

Магний барлық қосылыстарында екі валентті. Оған тек бір негіздік оксид MgO тән. Магний тұздарының көбі суда ериді. Ерімейтіндері магний гидроксиді, фосфаты, гидрофосфаты, карбонаты, оксалаты, ферроцианиді, феррицианиді, фториді, дигидроантимонаты және оксихиноляты.

1. NaOH және КОН күйдіргіш сілтілер және сілтілік жер металдарының гидроксидтері Са(ОН)2 және Ва(ОН)2 магнийдің ерігіш қосылыстарымен магний гидроксидінің Mg(ОН)2 ақ түсті іркілдек тұнбасын береді

Mg2+ + 2ОН- = Mg(OH)2↓

Көп мөлшердегі аммоний тұзының қатысында магний гидроксиді тұнбаға түспейді. Магний гидроксиді қышқылдарда ериді:

Mg(OH)2 + 2Н+ = Mg2+ + 2Н2О

2. Аммиактың судағы ерітіндісі Mg2+ ионымен Mg(OH)2 тұнбасын түзеді. Реакция қайтымды болғандықтан, тұнбаға түсу толық жүрмейді:

MgCl2 + 2NH4ОН ↔ Mg(OH)2 + 2NH4Cl

3. Аммоний тұздары қатысында аммиактың судағы ерітіндісі Mg2+ ионымен тұнба түзбейді, себебі аммоний тұздары NH4OH диссоциациясын төмендетеді де, гидроксил иондарының концентрациясы Mg(OH)2 қаныққан ерітіндісінде болуға тиістіден төмен болады.

4. Натрий гидрофосфаты Na2HPO4 NH4OH және NH4Cl қатысында Mg2+ ионымен қос тұз магний-аммоний фосфатының MgNH4PO4 ақ түсті кристал тұнбасын береді:

MgCl2 + NH4ОН + Na2HPO4 = MgNH4PO4↓ + Н2О + 2NaCl

Магний-аммоний фосфаты қышқылдарда жақсы ериді және 2,5%-тік аммиак ерітіндісінде ерімейді.