Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анал.химия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146 Кб
Скачать
☆

Үшінші топ катиондарының реакциялары

Мақсаты: Қоспа құрамында ажырату мақсатымен үшінші топ катиондарын анализдеу реакцияларымен танысу.

Үшінші топқа А13+, Сr3+, Zn2+ және As3+, As5+, Sn2+, Sn4+ иондары жатады. Алюминий және цинктің тотығу дәрежелері тұрақты, қалғандарында айнымалы. ІІІ топ катиондарына топтық реактив – натрий немесе калий гидроксидтері (артық мөлшерде). Түзілген гидроксидтер амфотерлі, яғңи ерітіндіде негіз де, қышқыл да тәрізді диссоциацияланады:

Ме3+ + 3ОН- ↔ Ме(ОН)3 ↔ Н2О + Н+ + МеО2-

Қышқылдар ОН- иондарын диссоциацияланбаған су молекулаларына байланыстырып, гидроксидтер диссоциациясын басады. Сондықтан, тепе-теңдік оңнан солға қарай ығысады:

А1(ОН)3 + 3НС1 → А1С13 + 3Н2О

А1(ОН)3 + 3Н+ → А13+ + 3Н2О

Күшті сілтілер Н+ иондарын су молекуласына байланыстырып, гидроксидтердің негіз типті диссоциациясын басады.

Үшінші топ катиондар тұздарының көбі гидролиз ұшгырайды.

NаОН, КОН гидроксидтері үшінші топ катиондарының барлығымен (Мышьяктан басқа) реагенттің артық мөлшерінде еритін гидроксидтер түзеді:

CrCl3 + 3NаОН → Сr(ОН)3↓ + NаС1

Сr(ОН)3 + NаОН → NаСrО2 + 2 Н2О

Алюминий А13+катионына тән реакциялар

Алюминий табиғатта ең көп тараған элементтердің бірі. Көбіне әртүрлі силикаттар: альбит Na (А1Si3О8), анортит Са(А12Si2О8), ортоклаз К(А1Si3О8), каолинит (каолин, глина) А14(Si4О10)(ОН)8, корунд А12О3 және т.б. түрінде кездеседі. Қосылыстарда алюминий +3 тотығу дәрежесін көрсетеді. А13+ - түссіз катион.

1. КОН или NaOH сілтілер ерітіндісімен реакция нәтижесінде алюминий гидроксиді А1(ОН)3 түзіледі:

А1С13 + 3NaОН = А1(ОН)↓ + 3NaCl

Алюминий гидроксиді амфотерлі қосылыс, оның негіздер және қышқылдарға қатысын байқау үшін пробиркадағы тұнбаны араластырады да, екі бөлікке бөледі. Бірінші бөлікке НС1 или Н2SO4 қосады. Тұнба ериді:

А1(ОН)3 + 3НС1 = А1С13 + 3Н2О

Екінші бөлігіне сілті ерітіндісін қосады. А1(ОН)3 тұнбасы амфотерлі қосылыс ретінде сілтіде де натрий гексагидроксоалюминаты комплексті қосылысы түзіле ериді.

А1(ОН)3 + 3NaOH = Na3[А1(ОН)6]

2. Ализарин С14Н6О2(ОН)2 (1,2-диоксиантрахинон) (сипаттамалық реакция) аммиакты ортада А13+ катионымен ашық қызыл түсті қиын еритін қосылыс түзеді. Оны алюминий лагы деп атайды. Реакцияны тамшылық әдіспен істейді.

3. А13+ катионына құрғақ әдіспен реакция.

Аса сұйытылған кобальт нитраты ерітіндісі А13+ катионымен көк түсті тенар көгі деп аталатын кобальт алюминатын Со(А1О2)2 береді.

2А12(SО4)3 + 2Со(NО3)2 → 2Со(А1О2)2 + 6SО3 + 4NО2↑ + О2↑

Хром

Хром табиғатта хромит Cr2О3·FeO, крокоит PbCrO4 түрінде кездеседі. Сондай-ақ хром көптеген силикаттарда, желден бұзылған тау жыныстарында, мысалы әртүрлі саз боксит т.б. болады. Қосылыстарда хром +2, +3, +6 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сr2+ катионы ауадағы оттегімен Сr3+-ке тотығады. Сr3+ -жасыл түсті катион.

Хром (III) Cr3+ катионына тән реакциялар

Хром екі қатар тұрақты тұздар түзеді. Хром оксиді тұздары және хром мен дихром қышқылының тұздары. Хромат-ион СrО42- ерітінділері сары, дихромат-ион Сr72- -қызыл-сары түсті болады.

1. Аммиактың судағы ерітіндісі Сr3+ катионымен хром гидроксидінің Сr(ОН)3 сұр-жасыл (немесе сұр-көк) түсті тұнбасын береді:

СrС13 + 3 NH4OH → Cr(OH)3↓ + 3NH4C1

  1. Сілті КОН, NaOH немесе аммиак ерітінділерімен реакция. Al3+, Fe3+ , Fe2+, Mn2+ катиондарының сілтімен реакциясы тәрізді жасалады. Хром (ІІІ) гидроксидінің Cr(ОН)3 сұр-жасыл немесе сұр-қою көк тұнбасы түзіледі. Амфотерлік қасиеті бар гидроксид болғандықтан қышқыл және негіз әсерін тексеріңіз.

Қатар тұнбаға түсу реакциялары. Сr3+ катионына NаОН және КОН гидроксидтері Zn2+ катионы қатысында әсер еткенде сілтінің артық мөлшерінде ерімейтін хром цинкаты тұнбаға түседі.

2. Cr3+ катионының CrO42- ионына тотығуы сілтілік және қышқылдық орталарда өтеді.

а) Сілтілік ортада тотығуды сутегі асқын тотығы Н2О2 немесе натрий пероксиді Na2О2 көмегімен өткізуге болады.

Жасыл-сұр түсті Cr(ОН)3 тұнбасы түседі, сосын ол ериді. Ерітіндінің жасыл түсі (Cr3+) сары түске (CrO42-) ауысады.

2CrCl3 + 3Н2О2 + 10NaOH = 2Na2CrO4 + 6NaCl +8Н2О

б) Қышқыл ортада Cr3+ катионының калий перманганатымен КМnО4 тотығуы Cr2O72- анионы түзілгенше жүреді:

5Сr2(SO4)3 + 6 КМnО4 + 11Н2О → 5 Н2Cr2О7 + 6 МnSO4 + 3К2 SO4 + 6Н2SO4

10 Cr3+ + 6 МnО4- + 11Н2О → 5 Cr2O72- + 6 Мn2+ + 22Н+

Бұл реакция кезінде МnО4- ионының қызғылт түсі жойылып, марганец гидроксидінің МnО(ОН)2 немесе марганецтеу қышқылдың Н2МnО3 күрең тұнбасы пайда болуы мүмкін. Тұнбаның пайда болуы калий перманганатының КМnО4 артық мөлшерінің түзілген марганец сульфатымен МnSО4әрекеттесуінен. Қыздырғанда реакция жақсы жүреді.

3. Натрий тетраборатымен (бура) Na2B4O7·10H2О құрғақ әдіс реакциясы. (сипаттамалық реакция). Зерттелетін ерітіндіге сілтімен әсер ету арқылы Cr(OH)3 тұнбасын алып, оны центрифугалайды. Натрий тетрабораты мен хром оксидінің аздаған қоспасын от жалынына ұстап бақылайды. Хром қатысында перлдар қанық жасыл түске боялады.

Zn2+ катионына тән реакциялар

1. Аммиака ерітіндісі Zn2+ катионымен цинк гидроксидінің Zn(ОН)2 ақ тұнбасын береді, ол реагенттің артық мөлшерінде комплексті қосылыс – цинк аммиакатын Zn(NH3)4](ОН)2 түзе ериді:

ZnCl2 + 2NH4ОН → Zn(ОН)2 ↓ + 2↓NH4С1

Zn(ОН)2 + 4 NH4ОН → [Zn(NH3)4](ОН)2 + 4Н2О

2. Сілтілік металдар мен аммоний карбонаттары негіздік тұздың ақ тұнбасын түзеді:

2 ZnCl2 + 2Na2СО3 + Н2О → Zn2(ОН)2 СО3↓ + 4NaC1 + СО2↑

2Zn2+ + 2СО32- + Н2О → Zn2(ОН)2СО3↓ + СО2

Берілген тұздың құрамы ерітінді концентрациясы мен температураға тәуелді.

3. Калий гексациано-(II) ферраты К4[Fe(CN)6] Zn2+ катионымен қос тұздың тұнбасын береді:

3ZnSО4 + 2К4[Fe(CN)6] → К2Zn3 [Fe(CN)6]2↓ + 3К2SО4

Бұл реакция көмегімен Zn2+ катионын А13+ катионынан ажыратуға болады.

Sn4+ катионына тән реакциялар

Қалайы Sn2+ және Sn4+ иондарына сәйкес қосылыстардың екі қатарын түзеді.

1. Металл магний және темір металы Sn4+ ионын Sn2+ ионына дейін тотықсыздандырады:

Mg + [SnCl6]2- →Mg2+ + Sn2+ + 6Cl-

Fe + [SnCl6]2- → Fe2+ + Sn2+ + 6Cl-

[SnCl6]2- ионы реакция барысында түзіледі:

Sn(OH)4 + 6HCl → H2[SnCl6] + 4Н2О