- •VI модуль «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында қазақтың біртуар
- •14. Төле би айтқан нақыл сөздердің мәнін түсініңіздер, есте сақтаңдар.
- •1644 Жылы өмірге келген. (Қазіргі Өзбекстан Республикасы Науайы облысы) Ол он екі
- •1880 Жылдары поляк жігіті, заң ғылымдарының кандидаты Северин Гросспен,
- •1878 Жылы құрылған Семей облысытық статистика комитеті ғылыми ұйым
- •V. Ата мұраң – асыл қазынаң
- •1. Киіз үй әбзелдері мен оларға қатысты сөздерді есіңе сақта.
- •16 Ғасырда өмірге келген Әз Тәуке ханның "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне,
- •1988 Жыл мен үшін рухани жеңіс жылы. Республикамыздың жаңа басшысы
- •1449 Жж.) обсерваториясындағы көктаска дәл наурыздың 22-сі күні күн сәулесі түсетін
- •VI. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
- •1905 Жылы Шәкәрім қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын
- •1938 Жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын
- •1980-84 Ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті жанындағы әдеби ұйымның
- •1989 Жылғы ксро Жоғарғы Кеңесінде біз Мұхтар дос (Мұхтар Шаханов) екеуміз
- •Vіi. Текті де тегеурінді өнер
- •1993Ж., мамыр)
- •130 См. Ол тұтас ағаштан арнайы калыпта жасалады. Басы күрек тектес. Оның бас жағына
- •Vііi. Жетістікке жету жолдары
- •Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 6,8. Таралымы 150 д
14. Төле би айтқан нақыл сөздердің мәнін түсініңіздер, есте сақтаңдар.
Сағың сынар, қанатың талар, сенімің кетер, түбіңе жетер, өрісің тарылар.
Төле би жайлы тағы қандай аңыздар, деректер білесіздер? Оқып айтыңыздар.
ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ
Тарихи жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге
келген, 97 жасында, яғни 1764 жылы көз жұмған. Қазыбек би Жоңғария хандығына
елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Бұған ел аузындағы аңыз әңгімелер куә. Жол
бастаған көсемнің, сөз бастаған шешеннің атақ-даңқы бірінші рет атқосшы ретінде
барғанда-ақ шыққан. Жас шамасы 14-15-тегі кезі. 1680-1684 жылдарда жоңғарлықтар
қазақ даласына ойран салып, мал-мүлкін алып, кісілерін тұтқындап, қанды қырғынға
ұшыратқан. Сол кезде Қазыбектің қалмақ ханына айтқан сөзі:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға
үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса,
хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан
қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен - қабылан болсаң, мен - арыстан алысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы,
табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға
көнбесең шабысқалы келгенбіз. Сен - қалмақ болсаң, біз - қазақ , қарпысқалы
келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін,
жабысқалы келгенбіз. Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің
баласын теліткелі келгенмін, егесетін ер шықса иілткелі келгенмін. Берсең жөндеп
бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт, - деп, келбеті келген сұңқар саңқылдаған
даусымен түйдекті, жалынды сөздерді меруерттей тізіп, бұршақтай жаудырыпты.
Өзінің жеңілгенін Қоңтәжі мойындап :
- Бұған қайтарып айтар сөзім жоқ , мал мен жанын есептеп қайтарып беріңдер, -депті.
Қаз дауысты деген атты осы сапарда Қоңтажы берген екен. “Балам атың кім?” дейді.
- Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек би. Ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек,- деп, жауап
беріпті.
- Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің Қаз дауысты
Қазыбек боп қайта жаңғырсын,- деп, оның қанаты бар, жас тұлпар, өркеші бар нар.
Заңғары бар тау екендігін қабылан түсті Қоңтәжі түсініп, түсі жылып, шыбықтай иіліпті.
Қазыбектің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, көршілес жатқан елдер тәнті
болған. Олар Қазыбек бидің мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде
парасатты елші, дипломат екенін жоғары бағалаған. Оған дәлел 1761 жылы Қытай
империясының елшілігінен, ал 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінен өкілдер арнайы
келген.
Қаз дауысты Қазыбек би – біріншіден, сөзге асқан шешен, ақын; екіншіден, ел
басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық
дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
1. Қазыбектің Қоңтажыға айтқан сөзін тақырыпшаларға бөліп,
а) халыққа берілген мінездеме;
б) келген мақсат; өз сөздеріңізбен айтып көріңіздер.
2. Қазыбектің Қоңтажыға айтқанын сол күйінде жаттап алыңыздар.
3. Қазыбек бидің тағы бір қырын көрсететін мәтінді оқыңыздар.
Бірде Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді. әйелдің бірі :
- Мен баламды жас күнінде жоғалттым, соны мына әйел тауып алды ма, оны білмеймін,
әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, өз балам деп бермейді, - дейді. Екінші әйел:
- Бала өзімдікі мынау босқа жармасып тұр, - дейді.
Қазыбек екі әйелдің сөзін тыңдап болып, біраз ойланады. Содан кейін, шындықты
анықтау үшін, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып, балтаны көтеріп тұрып:
- Екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма? – дейді.
Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! – депті. Ал баланы
таныған әйел:
- Ойбай, биеке! Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз! – деп жалынады. Сонда
Қазыбек:
Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне
бер, - деп билік айтыпты.
Мәтінде кездескен кейбір сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліп, жазып алыңыздар.
Шауып алу-басып алу, жаулап алу
Қол жинау - әскер жинау
Бәтуаға келу – келісу
Сөз байласу – шешім шығару
Соқтықпау – тиіспеу
Құт-береке – байлық, барлық
Басыну – езіп-жаншу, бағындыру
Бастан сөз асырмау – көнбеу
Дәм-тұзды ақтау – сенімді ақтау
Асқақтаған – менсінбеген, өзінен басқаны елемеген
Қазыбек бидің Барақ сұлтанға айтқаны
Қаз дауысты Қазыбектің әділдікке, дұрыстыққа, туралыққа суарылған келісті кесім-
биліктері, сұлулық пен мөлдірлікке ие, алғыр, тапқыр лебіздері өлшеусіз тереңдігімен,
өнегелі пайым-парасатымен, даналық қорытындыларымен ерекшеленеді. Дана бидің
сұңғылалығы мен сұңқарлығына мына бір жағдайға байланысты саралап билік айтқаны
айғақ. Әбілхайр ханды 1748 жылы тамыздың 24 күні Барақ сұлтан қастандықпен өлтіреді.
Қазақ аспанына қара бұлт үйіріліп, елдің еңсесі түсіп, сергелдең шақ туады. Заманынан
озып туған Қаз дауысты Қазыбек Көкжал Барақтың сұмдық зұлымдығын әшкерелеп,
төрелік айтады:
- Уай, Барақ! Елдің саулығын қашырып, қаскөйдің жаулығын бастадың сен. Бәрінен де
бұрын сен адамзаттың өмірін ұрлап, өлімге орын босаттың. Ханыңды қарадай өлтірсең,
халқыңды қынадай қырарсың. Жауыздың қақпасын ашсаң, қанын судай шашарсың. Ал
егер еліңді ығыр қылғың келмесе, жүрегіңнің ізгілігі өлмесе, тесікті өзің бітеп, жараны
өзің жазып ал. Өлген тірілмейді, өшкен жанбайды. Өлгеннің ісін жалғастырып, өшкеннің
отын тұтатсаң, өмір азбайды, шырақ қайта маздайды.
Сөйтіп, кесек-кесек, түйдек-түйдек толғаныстарымен Барақ сұлтанды ақыл тұзағына
түсіреді. Көпке топырақ шаша ала ма, өр көкірек, тәкәппар, менмен Барақ сұлтан Қаз
дауысты Қазыбектің тегеурініне шыдамай басы жерге жеткенше иіліпті.
***
Қазыбек би айтыпты...
Кім жақын? Не қымбат?
Тату болса – ағайын жақын, Алтын ұяң - әйелің қымбат,
Ақылды болса – інің жақын. Құт-береке – атаң қымбат,
Инабатты болса – келінің жақын, Аймалайтын – анаң қымбат,
Сыйлас болса – көршің жақын. Мейірімді – апаң қымбат,
Адал болса – досың жақын Туып-өскен – елің қымбат,
Жан серігің жас кезіңнен Кіндік кескен – жерің
қымбат
Бәрінен де әйелің жақын. Ұят пенен ар қымбат.
Өзің сүйген жар қымбат.
АЙЫР ТІЛДІ ӘЙТЕКЕ
Әйтеке би Нұрата тауының Бұқарға қарай созылған Қызбибі тауының сілемінде
