- •VI модуль «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында қазақтың біртуар
- •14. Төле би айтқан нақыл сөздердің мәнін түсініңіздер, есте сақтаңдар.
- •1644 Жылы өмірге келген. (Қазіргі Өзбекстан Республикасы Науайы облысы) Ол он екі
- •1880 Жылдары поляк жігіті, заң ғылымдарының кандидаты Северин Гросспен,
- •1878 Жылы құрылған Семей облысытық статистика комитеті ғылыми ұйым
- •V. Ата мұраң – асыл қазынаң
- •1. Киіз үй әбзелдері мен оларға қатысты сөздерді есіңе сақта.
- •16 Ғасырда өмірге келген Әз Тәуке ханның "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне,
- •1988 Жыл мен үшін рухани жеңіс жылы. Республикамыздың жаңа басшысы
- •1449 Жж.) обсерваториясындағы көктаска дәл наурыздың 22-сі күні күн сәулесі түсетін
- •VI. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
- •1905 Жылы Шәкәрім қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын
- •1938 Жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын
- •1980-84 Ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті жанындағы әдеби ұйымның
- •1989 Жылғы ксро Жоғарғы Кеңесінде біз Мұхтар дос (Мұхтар Шаханов) екеуміз
- •Vіi. Текті де тегеурінді өнер
- •1993Ж., мамыр)
- •130 См. Ол тұтас ағаштан арнайы калыпта жасалады. Басы күрек тектес. Оның бас жағына
- •Vііi. Жетістікке жету жолдары
- •Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 6,8. Таралымы 150 д
1. Киіз үй әбзелдері мен оларға қатысты сөздерді есіңе сақта.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ
"Ас — адамның арқауы" деп тауып айткан қазақ дастарқан байлығына ерекше мән
беріп қараған. Тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет), және көк (жеміс) деп үшке
бөлген.
Қазақ халқының негізгі азық-түліктік өнімі ет пен сүт болған. Жылқы және қой еті,
бие, түйе, қой, сиыр сүті, олардан дайындалған өнімдер қазақ дастарқанына әр берген.
Халқымыз көшпелі жағдайда ұзақ сақтауға келетін ет, сүт өнімдерін де мол дайындаған.
Сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері, еттен дайындалған қазы, шұжық ұзақ
сақталады, сонымен қатар олардан дәмді тағам да пісіріледі.
Соның ішінде денсаулыққа пайдалы әрі құнарлы мол сүт тағамдарының бірнеше
түрлерін жасай білген. Сүтті қасиетті ас есебінде карап "ақты төкпе, малдың желіні
кетеді" деп ескерту жасап отырған. Қазактың құрт, ірімшік, ежегей сияқты сүт тағамдары
басқа елдерде де өте жоғары бағаланады. Қазақ халқы айранды, қ ымызды, шұбатты
(қымыранды) түрлі ауруларға шипалы сусын ретінде береді. Мұнымен қатар сүттен ұзақ
мерзімге сақтауға болатын құрт (малта, ежегей), қатык, сүзбе, ірімшік әзірленген.
Халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамының
бірі — қымыз. Ол — тек тағам ғана емес, сонымен қатар халыктың қасиетін, дәулетін,
салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Қымыз
- әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Дәулетті адамдар қымызды жазда да,
қыста да ішіп отырған. Қымызды піскен, сапырған сайын хош иісі артып, тәбет ашыла
түседі. Қымыз ыдыстары да бөлек ұсталып, оны "қымыз шара", "қымыз аяқ", "қымыз
ожау" деп қастерлеп атайды.
Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын — шұбат (қымыран).
Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі. Шұбат та қымыз сияқты
ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға қүйылып сақталады, пісіледі. Шұбат кымызға
карағанда дәмді, жұмсақ, майлы әрі қоюлау болады. Оның куаты мен емдік қасиеті
қымыздан еш кем емес. Екі-үш күндік шұбат ең жақсы, сапалы шұбат деп есептеледі.
Қой, сиыр сүтінен жасалатын сүт тағамының бірі - құрт. Әсіресе қой сүтінен
жасалған құрттың дәмі де, сапасы да өте жақсы болады. Кұрттың дәмі ащы болғанмен,
жеуге сүйкімді тағам. Ертеде алыс жолға шыққан жолаушы құртты тамақ есебінде әрі
шөл басуға өзімен бірге ала жүрген.
Тағамдық қуаты мол сүттен жасалған астың бірі — құрт көже. Ол көбінесе кыста
дайындалады. Қазақгар мұны "қыстың кымызы" деп те дәріптейді. Өйткені құрт көже әрі
тамақ, әрі сусын.
Қазақ дастарқанының сәні мен дәмі — май. Қазақ майды тұздап, қарынға салып
сақтайды. Қарындағы май өте жаксы сақталады әрі дәмді болады. Егер сары май көгере
бастаса қорытып та (қайнатып та) алады. Ондай майды "шыртылдақ" деп атайды.
Аталған тағамдардын барлығы дерлік ұзақ мерзімдік пайдалануға жарамды.
Қазақтардың күнбе-күн ішетін тағамдарын дайындау тәжірибесі де мол.
"Шешесін көріп — қызын ал. Ыдысын көріп — асын іш" деген қазақ мақалында
пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Қазақ ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ
мәселесі де шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда айтылған мақал дәлел.
Сондықтан ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез
сияқты металл бұйымдарынан жасаған.
Халықтың дәстүрінде ыдыс қасиетті, киелі, бағалы мүлік ретінде жоғары
бағаланған. Ыдысты аттамайды, оны тебуге болмайды. Сол себепті ыдыс-аяқты күту мен
сақтаудың жолдары, пайдалану ырымдары мен тыйымдары көп. Олай болса күнделікті
қолданылатын ыдыстар да қазақ өмірі мен мәдениетінің құрамды бөлігінің бірі.
Тапсырма:
1. Ұлттық, сүт тағамдары туралы әңгімеле.
2.Еттен, ұннан жасалатын ұлттық тағамдар туралы хабарлама дайында.
Айран. Айран қой мен ешкінің, кейде сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытылады.
Піскен сүтті біраз салқындатады да, бұрынғы айраннан ұйытқы құйып, араластырып,
үстін қымтап жабады. Айран әбден ұйығаннан кейін бетін ашып салқындатады. Жақсы
ұйыған айранға шанышқан қасық тік тұрады. Айран қалған сүт тағамдарын жасауға негіз
болады.
Сүзбе. Ұйытылған айранды дорбаға құйып, биікке іліп суын сорғытады. Мұның
тұздамаған және тұздаған түрлері болады. Тұздаған қатық көбірек сақталатындықтан,
ұзақ сапарға шыққанда, жорықтарда жолазыққа әрі сусын, әрі тоқ ас ретінде
пайдаланылады.
Құрт. Қалған қатық, майын алған сүт, ашыған айран, шикі сүтті күбіге жинап, қазанның
түбіне май жағып, қоюланғанша қайнатады. Қоюланған құртты қапқа салып, тағы
сорғытады. Содан кейін өреге сықпа, күлше, шығыршық, шақпақ формаларына келтіріп
күнге жаяды. Кейде қатықты іркіт етпей сүзеді де, тұздап, домалақтап кептіреді.
Ірімшік. Бұл ақ ірімшік, сары ірімшік болып екіге бөлінеді. Қазанға құйылған сүтке
айран құйып қайнатады. Ол іріген кезде ірімшігін сүзіп алады. Сары ірімшік жасау үшін
оны одан ары сары болған қайната береді.
Іркіт – құрт қайнату үшін үлкен ыдысқа құйып, жинаған сүтті пісіріп, майын алғаннан
кейін қалатын аз сусын. Сарымай, мәйек – жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен
ірімшік жасауға пайдаланылатын іріткіш зат;
Халқымызда бұлардан басқа уыз, малта, жент, қорықтық, піспе т.б. сүт
тағамдарының түрлері бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сүттен жасалатын қандай ұлттық тағамдар білесің?
2. Уыз, малта, жент, піспе, қорықтық туралы өз білгенің бойынша әңгімеле.
ҚЫМЫЗ
Қымыз – қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы
тағамы. Ол тек қана биенің сүтінен жасалады. Қымыз «құнан қымыз», «дөнен қымыз»,
«бесті қымыз» деп үшке бөлінеді.
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға
беріледі.
Дөнен қымыз – төрт тәулік бойы ашытылады.
Саумал – баяу ашыған қымыз немесе жаңа сауған биенің сүтін ащы қымызға
қосып, пісіп-пісіп жұмсартылған қымыз. Бұл екеуі де көбінесе қарттар мен балаларға
беріледі.
Халқымыз бесті қымызды қатты бағалаған. Өйткені ол – бабына келген, әбден
ашыған, иісі аңқып кісіні анадайдан тартып, түшкіртіп жіберетін күшті қымыз.
Қымызды ашыту – үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сүзіп, жылы кезінде
күбідегі немесе сабадағы қорға немесе ашытқының үстіне құяды да, бір сағатқа жақын
піседі. Қымызды неғұрлым көп піссе, солғұрлым жақсы болады. «Қор» деп – күбінің
немесе сабаның түбінде бұрынғы қымыздан қалғанын атайды. Ашытқы – сүр еттің
сүйегін сүтке немесе нан ашытқыны сүтке езіп ашытқаны.
Халқымыз жыл маусымына қарай уыз қымыз (мамыр қымызы), жазғы қымыз,
күзгі қымыз (сірге қияр), қысқы қымыз (қысырақ қымызы) деп те атаған.
Белбаудағы биелер күндіз алты-жеті рет сауылады.
Уыз қымыз (мамыр қымызы) – биенің сүтінен әлі уызы кете қоймаған кезде
ашытылған қоймалжыңдау қымыз.
Жазғы қымыз (сары қымыз) – жаз ортасындағы яғни шөп әбден пісіп, буыны
қатқан кездегі қымыз.
Түнемел қымыз. Мол қордың үстіне биенің сүтін құйып, ашытып, торсықта екі
тәулік сақталған қымыз. Кейде торсықтың ішіне піспеген сүр қазыны салып,
жылқышылардың қанжығасына байлап жіберетін болған. Бұл түні бойы шайқатылып,
әбден бабына келеді. Мұның емдік қасиеті өте күшті, оны халқымыз «тосап» деп атаған.
Қысырақтың қымызы – қысыр қалып тайы еміп жүрген биенің қымызы. Оны
қыс бойы ашытып, ауру адамға беріп отырады. Кейде аса құрметті қонақтарға берген.
Сірге қияр қымыз немесе күзгі қымыз – күзде биелерді ағытар кезде ағайын,
туған-туысқандарын шақырып берілетін қымыз.
Қымыз ыдыс талғайды, қымызға темір ыдысты жолатуға болмайды. Саба жылқы
терісінен жасалуы керек. Күбі, ожауға дейін ағаш болуы қажет. Сонымен бірге, қымыз
жерді де, ауа райын да, шөпті де талғайды. Қымыздың жақсы, жаман болуы биенің жеген
шөбіне, оны күткен адамға байланысты. Өлең, құрақ, қамыс, ши және мия жеген биенің
сүті бұзылады. Оған күреңсе, ақтасын, желкек, қара қорғасын сияқты шөптер беру керек.
Сабаны, күбіні үнемі тобылғының, қайыңның түтініне ыстап тұру шарт.
Кең даламыздың саналуан гүл-бәйшешегін және мың түрлі дәрі-дәрмектік шөбінен
емдік нәр алған жылқы қымызының емдік қасиетін халқымыз сонау көне дәуірдің өзінде-
ақ жақсы білген.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қымызды неге бағалы тағам дейді?
2. Қымыздың қандай түрлері бар? Әрқайсысына анықтама беріңдер.
3. «Ашытқы», «қор» сөздерін қалай түсінесіңдер?
4. Жыл маусымына қарай қымыз қалай аталады? Әрқайсысына түсініктеме беріңдер.
5. Қымыздың жақсы, жаман болуы неге байланысты?
6. Аталған шөптер туралы біліп ал.
Қымызға байланысты төмендегі өнегелі сөздерді біліп алыңдар
1. Ауруға ем, сауға қуат, дәрі – қымыз. (Жамбыл)
2. Осы қымыз қазаққа
Мақтаның ба, асың ба?
Қымызды басар артына
Ет даяр ма қасыңда? (Абай)
3. Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді? (мақал)
4. Байтал мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ (мақал)
5. Қыз жігіттікі, қымыз көптікі (мақал)
6. Бір аяқ қымыздың екі аяқ аяқ желігі бар.
7. Алдияр аруағына еткем, қымыз,
Сені ішкен мұратына жеткен, қымыз,
Мейлі доңыз болсын, қоңыз болсын,
Иеңнің түкірігін ем еткен қымыз.
Басыңнан қымыз кетсе, қызық кетер,
Сын-сыйлық сәулетіңді бұзып кетер,
Кешегі бәйік болып отырған жұрт
Күдерін сенен қалай үзіп кетер (С.Торайғыров)
Мына тұрақты тіркестер арқылы мысал келтіріңдер.
Қырық құбылу; қырық пышақ (болу); Қырына алу (М/ы: Барлық Ырғызбай
Дәркембайды содан бері көзге түрткі қып, шетке қағып, қырына ала беретін. (М.Ә.);
қыр соңынан қалмау (М/ы: Ғалияны қызғанған Қордабай Шолақтың қыр соңынан
қалмайтын болды. (Балуан Шолақ); қыршынан қиылу; қырғи қабақ (-Бөгелші, балам,
- деді анасы...- Сақ болғайсың. Қайнағамыз өмір бойы әкең марқұммен қырғи қабақ еді.
(Ғ.Мұс.) Құрақ ұшу (Құнанбай аттанып кеткенге шейін, мұндай ауылдар құрақ ұшып,
қалбақ қағып күтеді (М.Ә. ) Құрығы ұзын; Құты қашу;
ЕТ ТАРТУ РӘСІМДЕРІ
Халықтың жалпы өмірін, шаруашылығын, қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін
оның ұлттық тағамдары аркылы да білуге болады. Мал шаруашылығымен айналысқан
қазақ халқының асының ең бастысы - ет. Өзге халык өкілдері етті колмен, яғни бес
бармақпен жеу себебінен еттен жасалған бұл ас түрін "бесбармақ," деп атап кеткен. Етті
семіз қой, сиыр, жылқы етінен немесе сүрленген жылқы етінен жасайды. Жылқы етінің
барлық мүшесі қадірлі болып саналады. Етті пісіріп алған соң, жұқа қағаздай етіп жайма
нан жазып, етті түсірген соң, жайма нан сорпаға бір кайнатылады. Пияз, бұрыш, тұз
косылған тұздық жасалады. Ет жайлы табаққа салынады. Салынған мүшесіне қарай ет бас
табақ, құда табақ, күйеу табақ, көрші табағы болып бөлінеді.
Қазақта арнайы ет тарту рәсімі бар. Бас табаққа бас, жамбас, казы, жал-жая,
омыртқа және т.б. мүшелер салынады. Етті тураудың да, тартудың да өз реті бар.
"Отырғандардын ақылшысы, басы бол" деп пісірілген мал басын жасы үлкен
сыйлы аксақалға ұсынады. Ол мал басының кұйкасынан отырғандарға бір-бір тілім ет
кесіп таратады. Жастарға "сөзге шешен бол" деп тілін, "ақын бол" деп тандайын береді.
Сонан соң калған ет мүшелерін жасына, құрметіне қарай бөліп береді де, ет толық
туралып болғаннан кейін үлкен ақсакал табақтан дәм алысымен ас желіне бастайды.
Балалар дастарқан шетінде отырады, етті оларға тек ақсакалдар береді. Мұндай ғұрып
"асату" деп аталады. Бұл «біздердей ұзақ және бакытты өмір сүр» деген тілектен туған
деп есептеледі. Ет желініп, сорпа ішілген соң жиылған жұрттың басы - ақсақал үй иесін,
отырғандарды қошеметтеп бата береді. Қонақ күту салты атадан балаға ата мұра ретінде
таралып келеді.
Тапсырма:
1.
Мәтін мазмұнымен таныс.
2.
Ет тарту рәсімдерін есіңе сақта.
Мал сою. Әдетте мал көжеқатыққа, қонақасыға, тойға, асқа, күздікке, қыстық соғымға,
тасаттыққа, кісі өліміне арнап сойылады. Сойылатын малдың бәріне бата беріледі. Батаны
ер адам береді, әйел адам бата бермейді. Бауыздағанда қанын әбден ағызу керек. Өйтпесе,
ет қарайып кетеді. Терісін сыпырып болғаннан кейін мүшелейді. Мұның да үлкен
жауапкершілігі бар, бір мүшенің еті екіншіге мүшеге ауысып кетпеу керек. Үйдің отағасы
мен ас иесі сойылған малды мүшелей алмау әбестік болып есептеледі, тіпті кешірілмейді.
Ет пісіру. Етті пісіру, асу малдың түріне және оның кәрі, жасына байланысты. Кәрі
малдың еті тез піспейді. Етті тезек немесе ағаш жағып пісірген жақсы, мұндайда ет
бабымен піседі. Газға піскен ет дәмсіз және қатты болады.
Еттің қанды көбігін алғаннан кейін тұз салып, аударыстырып отырады. Ет пісіп
жатқан аршылған пияз, дала жуасын салып жіберсе, сорпасы тұщы, сүйкімді, дәмді
болады. Ет әбден піскен соң астын басып, баяу қайнатады.
Етті кептіру мен сүрлеу. Жаз айларында ет бұзылып, иістеніп кетпеу үшін аздап тұз
сеуіп, желдің өтіне сорғытады. Сонда оған шыбын қонбайды, көгермейді.
Сүрлеу көбінесе күздікте, қыстық соғымда болады. Қызы мен қартаны
айналдырып, жал, жаяны осып тұздап, шошаланың ішіне көлденең ағашқа іліп, астына
тобылғы немесе қайың ағашын жағып, түтінге ыстап сүрлейді. Түтін сіңген ет үсімейді.
Халқымызда «сүр сақтау» деген сөз бар. Ол – биылғы сүрді келер жылға дейін сақтау
деген сөз.
Асату (асатпа) – екі түрлі. Бірі – бас табақтан кіші табаққа жасы үлкен адамның дәмді,
майлы еттен үлес салуы. Екіншісі – сыйлы адамдардың алақаны толы майлы етті
жастарға асатуы.
Сарқыт – ауыл әйелдері, жастар иба сақтап мейман отырған үйге кіруден именеді.
Оларға қонаққа тартылған табақтан кесек ет қалдырылып, кейін үлестіріледі.
Ауыз тию – дастарқан жаюлы кезде үйге келген кісіге дәм тартқызып сыйлау.
СОҒЫМ
Соғым: - қазақ халқының негізгі, әсіресе, қыстық дәстүрлі тағамы, күздің қара басынан
сойылатын мал.
Соғымның үш кезеңі:
Күздік не қазан асы – суық түсіп, сауын мал суалып, ақ азайып, негізгі соғымға ай
жарымдай қалғанда семіз үш-төрт қой, тана, өгізше, жабағы, тай сойылуы.
Соғым (негізгі) – желтоқсан айының ортасында, сиректеу қаңтар айының басында
сойылатын ту бие, құр ат, құнажын, дөнежін, байтал.
Ақбайтал – қыс ұзаққа созылып, жем-шөп таусылып мал арықтар деген сақтықпен ақпан
айында сойылатын семіз бір-екі байтал. Терісіне бүріліп сақталған еті – бүрме.
ҚАЗАҚ ДАСТАРҚАНЫНЫҢ КӘДЕЛІ, СЫЙЛЫ КӨРІНІСТЕРІ:
Әр адам қазақ ғұрпындағы «бас табақ», «жай табақ» не «орта табақ», «қос
табақ», «жастар табағы» немесе «күйеу табақ», «аяқ табақ» болып бөлінетінін және
келген кісілердің орын дәрежесін жақсы білуі керек. Яғни, табақ жасау да – келген
қонақтарды орын-орнымен сый-құрмет көрсетудің бір түрі.
Бас табақ жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады, ел (ауыл)
басшыларына тартылады.Табаққа салынатын кәделі мүшелері: бас (қойдың) не шеке
(сиырдың, жылқының), жамбас, ортан жілік, белдеме (бел омыртқа), сүбе қабырға,
құйрық май, жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая.
Орта табаққа (жай табақ) ортан жілік немесе жауырын мен тоқпан жілік, асықты жілік
кейде жамбас салынады.
Күйеу табақ Салынатын кәделі мүшелері: төс – күйеу баланың, асықты жілік – күйеу
жолдасының, құйымшақ – қыздың, жас келіншектің сыбағасы. Мұнда келін отырса,
ұлтабар мен жүрек салынуы тиіс.
Қос табақ – құда-құдағиларға тартылатын арнаулы табық. Мұның да кәделі мүшелері бас
табақпен бірдей. Оның қос табақ деп аталатыны, ол құда-құдағидың көпшілікпен бірге
жеген қонақасының үстіне арнайы әкелінетін табақ немесе қосымша ет. Бұл табақта
құдағиға арнап екінші тоқпан жілік салынады.
Сый табақ – құда-жекжаттық қатынас болмаса да, ерекше сый-құрметке лайық
адамдарға тартылатын табақ.
Жай табақ – ортан және тоқпан жіліктер, жауырын, қабырға, омыртқа салынады.
Бас табақ, қос табақ, сый табақтарға жаурын, тоқпан жілік сияқты кәдесіз
мүшелер салынбайды. Басты жоғарыда отырған қарттардың ең үлкеніне немесе
сыйласына ұсынады.
Төмендегі ет сөзімен байланысты тұрақты тіркестерді пайдаланып сөйлем
құраңдар.
Ет алды; ет асым (пісірім); ет қызумен; ет жақын; еті өлген; еті тірі; еті үйрену; иттің
етінен жек көру; көзінің еті өскен; құлағының етін жеу; табан ет, маңдай тер; түйенің
жарты етіндей;
Мына мақал-мәтелдерді есте сақтаңдар.
1. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
2. Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.
3. Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.
4. Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.
5. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің.
6. Еттің соры – қуырдақ, ұнның соры – бауырсақ.
ЕТТЕН ЖАСАЛАТЫН ТАҒАМДАР:
Қазы – тек жылқы етінен, оның ішінде қабырға еттен жасалады. Қазының сапасы жылқы
етінің семіздігіне байланысты. Қазыға бұғана, мойын, қара тілше қабырға
пайдаланылмайды. Қалған қабырғаларды майлы етімен қоса тіліп, алдын-ала келіге түйіп
әзірленген тұздыққа салады. Қара бұрыш, сарымсақ, тұзды қосып түйеді. Бұларды
тілінген қабырғаларға жақсылап сеуіп, екі-үш күн салқын жерге қояды. Қазыны салатын
ішекті де тұздайды.
Қазыны пісіргенде бірден қатты қайнатпай, отты бәсеңдетіп, жарты сағаттан соң
екі-үш жерінен тесіп қойған дұрыс. Сонда қазының қабығы жарылмай бүтін күйінде
піседі.
Қарта. Қашанда қазымен қосақтала айтылатын қарта дәмділігі жағынан қазыдан кем
түспейді. Қарта жылқының тік ішегінің жуандау жерінен әзірленеді. Ішекті тазартып,
айналдырып жуған соң алдын-ала түйіп әзірлеп алған тұз, қара бұрыш, сарымсақ
қоспасын сеуіп араластырып салқын жерге бір-екі күн қоя тұрады.
Қартаны қазы мен шұжыққа қарағанда баяу жанған отта көбірек қайнатады.
Себебі, қатты қайнап піскен қарта қатып кетеді.
Шұжық. Бұл да жылқының сан, қол, омыртқа, бұғана етінен жасалады. Тек мойын еті
сіңірлі, шандырлы болғандықтан шұжыққа пайдаланылмайды.
Етті маймен қосып ұсақтап турап, қара бұрыш, тұз, сарымсақ сеуіп араластырып,
бір-екі күн салқын ерге қоя тұрады. Шұжық жасауға қажетті жуан ішекті де тұзды суға
сала тұрады. Соңынан судан алып сорғытып, туралған, тұз сіңген ұсақ майлы етті ішекке
тығады. Екі ұшын кендір жіппен мықтап байлайды.
Құйрық-бауыр. Жаңа құдалар шақырылғанда мал сойылысымен қазанға құйрық май мен
бауырды салып пісіреді. Піскен соң екеуін де турап, араластырып, құдаларға сыйлы тағам
ретінде береді. Құдалар ризалық танытып, құйрық-бауыр желінген соң табаққа ақша салу
ырмы дәстүрге айналған. Құйрық-буырдың сыйластық пен жақындастықтың бастамасы
сияқты да сипаты бар.
Бітеу – турап, бүйенге тығып пісірген ет. Оның бір жағы тігіліп, екінші жағы тұйық
болғандықтан, өз сөлі өзінде болады.
Жаужұмыр – түгелдей өз қарнына салынып, су құймай, қоламтаға пісірген қой еті. Оны
кейде «жаубүйрек» деп те атайды.
Сырбаз - өз терісіне орап, қоламтаға көміп пісірілген бағлан еті.
Жаубүйрек – қазіргі кәуаптың қазақы түрі. Тобылғы не аршаны жағып, оның түтінсіз
қызыл шоғына жапырақталып кесілген етті, аңның, малдың төсін істікке шаншып екі
жағы күреңіткенше қақтап пісіреді.
Үйткен мал – семіз тайынша, семіз қойдың ішек-қарнын жеке алып қойып, отқа үйтеді.
Шұрай – қазының ең семіз, майлы жері; сырбаз – дәмдеп, баптап пісірілген балауса ет;
түймеш – туралып, жаншылып, кішірек етіп доғалақталынып майға қуырылған ет тағам;
қақтама – шоққа қақтап пісірілген ет; қақпыш – жалпайта сүрленген майды қақпыш,
бөлшектенгенін қақпыш барша деп атаған (С.Мұқанов).
КИЕЛІ САНДАР
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып
есептеледі. Оның себебі орта ғасыр ғалымдарының жеті күнге жеті жұлдыздың атын
беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, колайы, мыс, қорғасын) пайда болған
күні деп, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат
берілуі деп карауынан болуы керек.
"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда "жеті қазына", "жеті күн", "жеті жұрт",
"жеті жоқ", "жеті жұт", "жеті ғалам", "жеті қат көк", "жеті ғашык" сөздері пайда болған.
