Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЭТН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

7. Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені

  1. оның, әртүрлі қорлары болады;

  2. оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;

  3. оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;

  4. олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;

  5. дұрыс жауабы жоқ

8. Экономикалық теория нені зерттейді?

  1. өндірістің технологиясын;

  2. ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды;

  3. қоғамның өндіргіш күштерін;

  4. адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін;

E) өндірістік қатынастарды.

9. Индукция дегеніміз -

  1. жалпы қағиданың негізінде жекеліктерді түсіндіру;

  2. жекеліктердің негізінде жалпылама қағиданы дәлелдеу;

  3. тәжірибені ғылыми негіздеу;

  4. экономика-математикалық үлгілерді жасау;

  5. экономикалық құбылысты тарихи көзқараспен қарастыру.

10. Жинақтау әдісі қалай сипатталады?

  1. жеке элементтерді біртұтастық ретінде қосу, олардың өзара байланыстарын зерттеу;

  2. жекені жалпылама негізде дәлелдеу;

  3. тәжірибе жүргізу;

  4. экономикалық процестердің үлгісін жасау;

  5. статистикалық мәліметтер келтіру.

Нұсқа 2

1. Дедукция деген не?

  1. жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;

  1. жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;

  1. қарапайымдалған пікір;

  2. экономикалық үдерістердің үлгісін жасау;

  3. экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу.

2. Экономикалық теория:

  1. барша экономикалық жүйелерді оқып-білу үшін қолданылады;

  2. тек қана капиталистік шаруашылық жүйесін зерттеп-білу үшін қажет;

  3. социализмге сипатты экономикалық қатынастарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін емес;

  4. коммунизмге тән сипатты ерекшеліктерді қарастыру;

  5. индустриядан бұрынғы жүйелерді танып-білуге арналған.

3. Қоғам жәнә табиғат заңдарының бірлігі неден көрінеді ?

  1. объективті сипатынан;

  2. адамдардың іс-әрекетінің тәуелсіздігінен;

  3. адамдардың экономикалық іс-әрекетінен;

  4. тарихи өтпелі сипатынан;

  5. мәңгі болуынан.

4.Микроэкономика аталған зандардың қайсысын зерттейді:

  1. құн заңын;

  2. сұраныс заңын;

  3. қорлану заңын;

  4. ұсыныс заңын;

  5. ақша айналысы заңын.

5. Экономикалық ресурстар категориясын қалай түсінесіз?

A) табиғи ресурстар (жер, қазбалы кендер, су және орман алқабы);

  1. адамдар жасаған өндіріс құрал жабдықтары;

  2. кәсіпкерлік қабілеттілік;

  3. капитал;

  4. жоғарғы аталғандардың барлығы жатады.

6. Экономикалық заңдар дегеніміз:

  1. қоғамдық дамуды ғылыми болжамдармен бағдарлау;

  2. экономикалық өмірдегі құбылыстар мен процестерді түсіндіреді;

  3. мемлекеттік заңдардың жиынтығы;

  4. адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу нысапы;

  5. жеке тұлғанын пайымдау заңы.

7. Қоғамдық даму заңы мен табиғат заңы арасындағы айырмашылық:

  1. экономикалық заңдар адам қызметінің заңы болып табылады. Табиғат заңдары адам қоғамынан тыс та әрекет ете береді;

  2. экономикалық заңдардың, ашылуы мен қолданылуы белгілі бір күшті қажет етеді;

  3. табиғат заңдары мәңгілік, экономикалық заңдар тарихи өтпелі;

  4. жоғарыдағы жауаптардың барлығы орынды;

  5. дұрыс жауап жоқ.

8 .Ерекше экономикалық заңдар дегеніміз:

  1. өндірістік қатынастардың дамуын білдіреді;

  2. қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты;

  3. шаруашылықты жүргізуге байланысты туындайтын заңдар;

  4. шаруашылық жүргізудің нақты-тарихи нысандарының заңы;

  5. дұрыс жауабы жоқ.

9. Жалпы экономикалық заңдар — ол:

  1. құқықтық заңдар;

  2. табиғи заңдар;

  3. барлық тарихи кезендерге тән зандар;

  4. шаруашылықтың негізгі жалпылама заңы;

  5. мемлекеттік реттеу заңы.

10. Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені

  1. оның, әртүрлі қорлары болады;

  2. оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;

  3. оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;

  4. олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;

  5. дұрыс жауабы жоқ

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

  1. Мерқантилизм идеяларының дамуы географиялық жаңалықтар мен Еуропа және Азия арасындағы сауда қатынастарының жедел өсуімен сәйкес келді. Бұл оқиғалар арасында себеп-салдарлы өзара байланыс бар ма әлде олар бір-бірінен тәуелсіз бе?

  2. Төмендегі бағыттардың негізгі өкілдерін жазыңыз:

Экономикалық теорияның негізгі бағыттары

Өкілдері

Мерқантилизм

Физиократия

Классикалық саяси экономия

Маркстік саяси экономия

Маржинализм

Неоклассикалық бағыт

  1. Ф.Кенэнің жасаған «экономикалық кестесінің» мәнін ашып талданыз.

  2. Келесі экономикалық мектептерді пайда болуының тарихи кезеңдеріне қарай орналастырыңыз:

а) кейнстік бағыт;

в) физиократтар;

с) мерқантилистер;

д) классикалық бағыт;

  1. А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасының мәнін ашып талдаңыз.

Нұсқа 2

  1. Төмендегі кестені экономиканың зерттеу әдістеріне мысалдар келтіру арқылы толтырыңыз:

    Экономиканың зерттеу әдістері

    Мысалдар

    Индукция

    Дедукция

    Талдау

    Жинақтау

    Ғылыми абстракция

  2. Төмендегі тұжырымдамаларды дұрыстаңыз:

Экономиканың зерттеу әдістерінің сипаттамасы

Индукция

зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдас бөлігі ретінде зерттейді

Дедукция

зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді. Дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашады

Талдау

бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қорытынды жасау

Жинақтау

жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау

Ғылымиабстракция

жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар шығарады

  1. Экономикалық заңдарға мысалдар келтіріңіз.

  2. Төмендегі анықтамалардың қайсысы дұрыс?

Экономикалық зандар

адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтайды.

Экономикалық зандар

қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық түрғыдан сипаттайтын логикалық тусініктер

Экономикалық зандар

ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім

5. Қазіргі «Экономикс» - пайда табу туралы ғылым, яғни ақша жасау өнері. Айтылған пайымдау дұрыс па? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

1-апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Адамның әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай сипаттауға болады?

  2. Адам капиталы дегенді қалай түсінесіз және ол қандай элементтерден тұрады?

  3. Өндірістік қатынастар қандай сатылардан тұрады?

  4. Өндірістік қатынастардың мақсаттары қандай?

  5. Өндіріс факторларына не жатады?

  6. Маркстік теория мен маржиналистік теория бойынша өндірістік факторларға неліктен әртүрлі сипаттама берілген?

  7. А.Смит пен Д.Рикардо өндіріс факторларын қалай жіктейді?

  8. Өндіріс факторларының ішіндегі кәсіпкерлік қабілеттің рөлі қандай?

  9. Экономиканың басты үш сұрағы қандай, олар қалай шешіледі?

  10. Өндірістік функция дегеніміз не?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Адам еңбегі бағытталған:

  1. жиынтық табыс дәрежесін жетілдіруге;

  2. еңбек заттарына;

  3. басшылармен түсінбестікті азайтуға;

  4. ресурстардың сиректігін қысқартуға;

  5. тұтыну дәрежесін тұрақтандыруға.

2. Еңбектің анықтамасы:

  1. адамдардың көп жақты қызметі;

  2. бірнеше ұйымның бірігіп өнім шығаруы;

  3. адамның материалды игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі;

  4. адамның нақты міндеттеме алуына байланысты келісім-шарттық жұмысының нәтижесі;

  5. нақты және күрделі еңбектің жиынтығы.

3. Өндіргіш күштердің элементтері:

  1. еңбек заттары;

  2. өндіріс - құрал жабдықтары мен жұмыс күші;

  3. басқару және ақпараттық жүйелер;

  4. табиғи және қорланған материалдық игіліктер;

  5. еңбек құралдары, шикізаттар.

4. Экономикалық қатынастар жүйесі:

  1. өндіру;

  2. белу;

  3. айырбас;

  4. тұтыну;

  5. барлығының жиынтығында.

5. Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер:

  1. өнімді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастары;

  2. өндірістік ресурстарды пайдалану;

  3. техникалық -экономикалық қатынастар;

  4. әлеуметтік-құқықтық қатынастар;

E) меншіктік қатынастар.

6. Материалдық өндіріске жатады:

  1. денсаулық сақтау;

  2. білім беру;

  3. ауыл шаруашылығы;

  4. спортпен шұғылдану;

  5. балет енері.

7. Материалдық емес өндіріске жататын сала:

  1. білім беру;

  2. ғимарат тұрғызу;

  3. өнеркәсіп тауарларын өндіру;

  4. пайдалы қазбаларды игеру;

E) агроөнеркәсіптік кешен.

8. Капитал - еңбекпен қатар, өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің қоры деп санайтын ғалым:

  1. А. Маршалл;

  2. Кларк;

  3. А. Смит;

  4. Д. Рикардо.

  5. Курно

9. Кемімелі өнімділік заңының мәні неде:

  1. өндіріс факторлары өзгеше сипатталады;

  2. материалдық өндіріс аясында заттық игіліктер өндіріледі;

  3. басқа ресурстар және технологияның өзгеріссіз жағдайында бір ресурс шығыныңың ұлғаюы аз шекті өнім әкеледі;

  4. бастапқы иелену түрімен әдіс бірлігі;

  5. өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас дамиды.

10. Экономикалық теорияда ресурстар шектеулігін қалай бөледі:

  1. нақты және абстрактілі;

  2. ұдайы және ұлғаймалы;

  3. рухани және материалдық;

  4. индукция және дедукция;

  5. абстрактілі және салыстырмалы.

Нұсқа 2

1. Табиғи ресурстар дегеніміз не?

  1. өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғи компоненттер;

  2. адамдар жасаған ресурстар;

  3. өнім өндірудің технологиясы;

  4. еңбек құралдары;

  5. еңбек заттары.

2. Еңбек құралдары:

  1. жылу-отын;

  2. табиғи заттар;

  3. өңдеуші, техникалық құрал-саймандар;

  4. энергетика көздері;

  5. материалдар.

3. Нақты еңбек дегеніміз:

  1. күрделі еңбек;

  2. дене еңбегі;

  3. жай еңбек;

  4. тұтыну құнын жасаушы еңбек;

  5. басқарушылар еңбегі.

4. Абстрактылы еңбек дегеніміз:

  1. жай еңбек;

  2. басқарушылар еңбегі;

  3. адам еңбегінің жалпы жұмсалу сипаты;

  4. адам еңбегінің айырбастағы өлшемі;

  5. күрделі еңбек.

5. Белгілі бір білімді, дағдыңы қажет ететін еңбек:

  1. күрделі еңбек;

  2. жұмысшы еңбегі;

  3. тек жай еңбектің түрі;

  4. нақты еңбек;

  5. физикалық-күш қуат.

6. Технологиялық даму теориясына қатысы жоқ кезең:

  1. қола дәуірі;

  2. тас дәуірі;

  3. ірі машиналы индустрия;

  4. биөтехнология;

  5. өндірістің қоғамдасуы.

7. Тұрақты капитал:

  1. тек еңбек құралдарын сатып алуға кеткен капитал;

  2. еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен капитал;

  3. жұмыс күшіне жұмсалған капитал;

  4. құрылыс жүргізу үшін кеткен капитал;

  5. банкте жинақталған қор.

8. Капиталдың айналым уақыты құрылады:

  1. айналыс уақытынан;

  2. өндіріс уақытынан;

  3. жұмыс кезеңінен;

  4. өндіріс және айналыс уакытының сомасынан:

E) жұмыс кезеңі мен сату уақытының сомасынан.

9. Тауардың шекті пайдалылығы қалай анықталады?

A) адамның қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыру қабілетімен;

  1. белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігім тұтынудағы тұтынушының әсерімен;

  2. пайдалылықтағы барлық өзгерістермен;

D) тұтынылған көлемдегі өзгерістер қорытындысымен;

E) сандық өлшем ретінде.

10. Технологиялық жүйе элементтері:

  1. энергия көздері және тасымал құралдары;

  2. энергия түрлендіруші механизмдер;

  3. өңдеуші құралдар жүйесі;

  4. бақылау-өлшеу құралдары;

  5. жауаптардың барлығы.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. «Экономикалық адам» моделінін төмендегі белгілері бойынша модельді жасаған экономикалық мектептерді атаңыз:

Модельдер

Сипаттамасы

Мектептер

Бірінші бағыт

Материалдық (ақшалай) қызығушылық

Екінші бағыт

Психологиялық сипат алған

Үшінші бағыт

Жай тауар өндірушіден, капиталистікке ауысу

Төртінші бағыт

Рухани қажеттілік

2. Қажеттіліктердің түрін ажыратыңыз:

өндіріс құралдары мен жұмыс күшін

тұтыну

Жеке (тамаққа, киімге, демалысқа, қызметтерге және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру) және қоғамдық қажеттіліктер (ғылым, білім, мәдениет, қорганыс және т.б.)

3. Ғылыми тұрғыдан осы пайымдаулардың барлығы дерлік орынды деп ойлайсыз ба?

  • жалақы мөлшерінің артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі;

  • жер рентасының (жалдамалық төлемнің) артуы жер ұсынысының өсуіне әкеледі;

  • пайыз қойылымының артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі.

4. Нарықтық шаруашылықта инвестициялық қорлардың маңызды жабдықтаушылары – үй шаруашылығы. Капиталды бизнеске сала отырып үй шаруашылығы қандай құрбандыққа барады (яғни неден бас тартады)?

5. Сіз «қарызға өмір сүруді» жақтамайтын адамсыз. Осы аптада көлік сатып алу үшін сізге досыңыз ұсынған ақшаны алмадыңыз. Несиелік қатынастар беріп отырған тандау еркінен бас тарта отырып сіз нені жоғалттыңыз? Не ұттыңыз?

Нұсқа 2

1. Мына қатынаста берілген экономикалық категория қалай аталады?

Капиталдың физикалық шекті өнімі / салынған капиталдың мөлшері *100%;

2. Жаңа технологиялардың, тұтыну тауарларының жаңа рыногының пайда болуы капиталға деген сұраныс қисығының жылжуына қалай әсер етеді? Бұл пайыз қойылымының деңгейінде қалай көрінеді?

  1. Тропикалық климатты аралда жеті адам тұрады. Олар кокос, банан және тасбақаның жұмыртқаларын жинаумен шұғылданады. Әрбір құні 40 кокос, немесе 60 банан, немесе 15 тасбақаның жұмыртқасын жинайды.Осы аралдың экономикасының өндірістік мүмкіндіктер сызығын сызыңыз?

  2. Қолда бар технология арқылы 2 орындықты 1 адам / сағатта, 3 орындықты 2 адам / сағатта өндіруге болады.

Анықтау керек:

а) аптасына 40 сағат жұмыс істейтін 5 адамнан тұратын бриғаданың өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қандай болады?

б) егер өндірістегі еңбек шығындары 2 есе, жұмыс аптасының ұзақтығы ¼-ке қысқарған кезде өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қалай өзгереді?

в) 1-ші және 2-ші жағдайда 1 орындықты өңдіруге кететін балама шығындар қанша?

5. «Өндірістік мүмкіндіктер қисығы ресурстардың сиректігін, балама шығындардың балама тандауын көрсетеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

Суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы берілген.

Анықтау керек:

а) С нүктесі, Н нүктесі, М нүктесі нені білдіреді?

ә) Қайсы нүктеде болашақ тауарларға артықшылық беріледі? Қайсы нүкте қазіргі тауарларды көрсетеді?

б) болашақ экономикалық өсу қайсы игіліктен бас Тарту арқылы мүмкін?

в) Қазақстан экономикасы қай нүктеде болуы мүмкін? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

2-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Меншік пен меншік қатынастарының мәні неде?

  2. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны қандай?

  3. Меншік объектілеріне не жатады?

  4. Меншікті иемденудің типтері мен нысандары қандай?

  5. Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  6. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?

  7. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің мақсаттары қандай?

  8. Қазақстандағы жекешелендірудің нәтижелері мен салдары туралы не білесіз?

  9. Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері қандай?

  10. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы қандай кезеңдердсн тұрады?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйедегі ең басты қатынастардың бірі:

  1. нарықтық қатынастар;

  2. саяси қатынастар;

  3. меншік қатынастары;

  4. ұйымдастыру қатынастары;

  5. әлеуметтік қатынастар.

2. Меншіктің анықтамасы қандай?

  1. қоғамның барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы;

  2. рухани игіліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар;

  1. өндіріс жағдайлары мен нәтижелеріне байланысты қатынастар;

  2. адамдар мен кез-келген зат арасындағы құкықтық қатынастар;

  3. материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қатынастар.

3. Меншіктің ерекшеліктері:

  1. меншік нысандарының өзгергіштігі мен көптүрлілігі;

  2. меншік нысандарының қайшылығы мен күрделілігі;

  3. меншікті иемдену мен пайдаланудың тұтастылығы;

  4. тиімділікті анықтауы және ресурстарды әділетті бөлуі;

  5. табыс әкелуі және міндеттемелерді бекітуі.

4. Меншіктің қандай нысандары бар?

  1. жеке, аралас;

  2. қоғамдық, дербес;

  3. мемлекеттік, жеке;

  4. ұжымдық, жеке;

  5. мемлекеттік, акционерлік;

5. Жеке меншіктің қайшылығы неде?

  1. жеке мүдделік қоғам мүддесіне қарсы әрекет етуі;

  2. қоғам мүддесінің жеке мүдделерге қарағанда ескерусіз қалуы;

  3. жеке мүдделер арасындағы бәсекенің күшеюі;

  4. меншік кұқықтарын сақтау қиындықтарының болуы;

  5. жалдамалы еңбек етушілердің мүдделеріне қайшы болуы.

6. Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің ең маңызды мақсаты болып табылады:

  1. пайда табу;

  2. сату көлемін ұлғайту;

  3. өнім сапасын жақсарту;

Д) қызметкерлердің жалақысын көбейту;

Е) өткізу рыногын ұлғайту.

7. Кәсіпорын жарнамасы қай кезеңге тән:

  1. қызмет ету кезеңінің басында;

  2. кәсіпорынды құрылымдық қайта құру кезінде;

  3. кәсіпорынды үлғайту сатысында;

Д) жоғарыда аталған кезеңдердің барлығында;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

8. Кәсіпкерлік - бұл :

  1. табыс табу мақсатында негізгі өндіріс факторларын бірікті-ру, өндірісті белсенді түрде ұйымдастыру;

  2. меншіктен ажырату мүмкін емес қызмет;

  3. болжамға келмейтін іс-әрекет;

Д) кез-келген экономикалық іс-әрекет;

Е) сүраныс пен үсынысқа байланысты қызмет түрі.

9. Келтірілген кәсіпорын үлгілерінің қайсысы экономиканың қоғамдық саласына жатады:

  1. мемлекеттік кәсіпорын;

  2. кооператив;

  3. жеке акционерлік кәсіпорын;

  4. Д) жеке меншік қожалық;

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктстік.

10. Кәсіпкерлік фирманы экономикалық субъект ретінде сипаттайтын негізгі белгі:

  1. меншік нысаны;

  2. қызмет ету еркіндігі;

  3. мүліктік жауапкершілігі;

Д) фирманың көлемі;

Е) жоғарыдағы белгілердің барлығы.

Нұсқа 2

1. Жеке иемденудің қанша түрі бар?

  1. екі;

  2. үш;

  3. төрт;

  4. бір;

  5. бес.

2. ҚР меншіктің қандай түрлері заңмен қорғалады?

  1. жеке;

  2. мемлекттік;

  3. акционерлік;

  4. муниципалды;

  5. барлық меншік түрі.

3. Ұжымдық меншік дегеніміз не?

  1. жеке меншіктің мемлекет меншігіне өтуі;

  2. еңбек ұжымының өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып иемденуі;

  3. мемлекет меншігінің жеке меншікке айналуы;

  4. меншікті жеке адамның басқаруы, билік етуі;

  5. өндіріс нәтижелеріне тендей құқық беретін меншік.

4. Әкономикалық еркіндігі жақсы дамыған меншік түрі:

  1. мемлекеттік;

  2. акционерлік;

  3. ұжымдық;

  4. индивидуалды (дербес бір адамның меншігі);

  5. біріккен.

5. Әртүрлі меншік нысандарының қажеттігі немен түсіндіріледі?

  1. олардың барлығы тиімді;

  2. нарықты тауарлармен толықтыруға мүмкіндік береді;

  3. оларды өзара алмастыру мүмкін емес;

  4. дамыған елдердің тәжірибесінен өткен;

  5. олар өзара бір-біріне тәуелді.

6. Қазіргі экономикалық жүйедегі ең тиімді меншік:

  1. жеке;

  2. мемлекеттік;

  3. ұжымдық;

  4. акционерлік;

  5. аралас;

7. Жеке меншіктің артықшылығы неде?

  1. басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік әсері жоғары;

  2. басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік- экономикалық әсері жоғары;

  3. басқа меншікпен салыстырғанда құқықтары басым;

  4. басқа меншікпен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандырады;

  5. басқа меншікпен салыстырғанда оның кемшіліктері жоқ.

8. Кәсіпкерлік қызметтің қандай нысаныңда күрделі тех­ника өндіру оңай болады:

  1. жеке кәсіпорын;

  2. шаруашылық серіктестік;

  3. шаруашылық қоғам;

Д) ашық акционерлік қоғам;

Е) мемлекеттік кәсіпорын.

9. Серіктестіктің артықшылықтарының бірі:

  1. серіктестердің бірігуі қосымша қаражат келтіруге мүмкіндік береді;

  2. серіктестердің оркайсысы толық мүліктік жауапкершілікте болады;

  3. серіктестер біріге отырып, көп пайда табады;

Д) бір серіктес шығып кетсе де, оның қызметі жалғаса береді;

Е) серіктестікті ұйымдастыру жеңіл болып табылады.

10. Акционерлік қоғамда:

  1. басқару акционердердің қолында болады;

  2. директорлар кеңесі жалғыз меншік иесі болады;

  3. басқару мен иелену бөлінген;

Д) шаруашылық қызметінің нәтижесін жариялау міндетті емес;

Е) қоғамды бір адам құруы мүмкін.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

  1. Қазақстан экономикасы қазіргі реформалар нәтижесінде жаңаруда және нарықтық жүйенің белгілері толық қалыптасқан деуге болады. Оның тиімді қызмет етуінің бір шарты ретінде өндіріс факторларына жеке меншік болып табылады. Сіз осыған келісесіз бе? Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің басқа шарттарын атаңыз.

  2. Экономиканы рыноктық ұйымдастыру жеке меншіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауарлар айырбасының болуымен сипатталады. Нарықтық экономикалық жүйенің бұл сипаттамалары жоғары технологиялы өндірістің, жоғары сапалы өнімнің, тауарлар сұрыптамаларының көп болуымен қандай байланысы бар?

  3. ҚР Азаматтық кодексі бойынша меншік құқықтары мен қатынастарын анықтаңыз.

  4. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Толық серіктестік

Сенім серіктестігі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Акционерлік қоғам

Жеке кәсіпкерлік

5. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?

Нұсқа 2

  1. Экономиканы нарық арқылы ұйымдастыру шаруашылық жүргізу қағидалары мен ерекше ынталандыруларды туындата­ды. Мысалы, оларға: кәсіпкерлер, тұтынушылар тандауының еркіндігі, кез-келген бизнес сферасындағы жеке экономикалық мүдделердін болуы және т.б. жатады. Көптеген бұрынғы әкімшілік-әміршілдік мұндай ынталандырулар мен қағидаларға тыйым салынды. Неліктен? Түсіндіріңіз.

  2. Меншік нысаны - меншік субъектісі - меншік объектісі араларындағы өзара байланысты талдаңыз.

  3. Меншіктің қай нысаны өндірістін аса тиімділігін қамтамасыз етеді? Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

  4. Акционерлердің жеке және ұжымдық сипаттағы қандай кұкықтары бар?

  5. Толықсеріктестікпен сенім серіктсстігі арасындағы айыр-машылықты атаңыз.

  6. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?

2-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Экономикалық жүйе туралы кімдердің көзқарастарын білесіз? Олардың зерттеу ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Экономикалық жүйенің қасиеттерін атаңыз? Олар барлық жүйеге тән бе?

  3. Экономикалық жүйенің элементтері қандай?

  4. Аралас экономикалық жүйенің басқа модельдерден артықшылықтары қандай?

  5. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенің күйреуінің факторлары туралы не айтасыз?

  6. Мемлект пен нарықтық қатынасы туралы экономистердің көзқарастары қандай?

  7. Барлық нарықтық экономика модельдеріне тән ортақ белгілер қандай?

  8. ҚР нарықтық экономика моделінің қандай ерекшеліктері бар?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйенің басты міндеті:

  1. ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу;

  1. нарықты тауарлармен қамтамасыз ету;

  2. өндірушілердің максималды табыс алуын қамтамасыз ету;

  3. ресурстардың шектеулілігін жою;

  4. халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру.

2. Экономикалық жүйснің тиімділігі анықталады:

  1. алынатын пайда мөлшерімен;

  2. өндірілетін тауарлар көлемімен;

  3. сатылған тауарлар көлемімен;

  4. қойылған мақсаттарға жету деңгейімен;

  5. жаңа экономикалық жүйеге ауысумен.

3. Экономикалық жүйенің қасиеттері:

  1. тұрақтылық, біртұтастылық, көзғалғыштық;

  2. ашықтық, қарама-қайшылық, өзгергіштік;

  3. күрделілік, тәуелсіздік, орнықтылық;

  4. нақтылық, либералдық, ашықтық;

  5. қарапайымдылық, мақсаттылық, жалпылық.

4. Экономикалық жүйе сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты болінеді:

  1. либералды және дәстүрлі;

  2. аралас және рыноктық;

  3. ашық және жабық;

  4. жоспарлы және аралас;

  5. аралас және либералды.

Нұсқа 2

1. Нарықтық экономика моделінің белгісі:

  1. нарықта әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді;

  2. ақпараттар ашық, ресурстар қозғалысы икемді;

  3. экономикада жоспарлаудың рөлі басым;

  4. макроэкономикалық көрсеткіштерді мемлекег қатаң бакылайды;

  5. мемлекеттік инвестициялардың үлесі жоғары.

2. Аралас экономикалық жүйедегі мемлекет рөлінің артуын қалай түсіндіруге болады:

  1. экологиялық мәселелерді шешу;

  2. экономикалық тиімділік пен әлеуметтік мобилділікті қамтамасыз ету;

  3. көлеңкелі экономиканы заңдастыру;

  4. макроэкономикалық өсу және тепе-теңдік;

  5. барлық жауап дұрыс.

3. Жоспарлы экономикалық жүйенің белгілері:

  1. мемлекеттік меншік пен жоспарлаудың үстемдігі;

  2. жеке меншік және еркін бәсеке;

  3. меншіктің көптүрлілігі және еркін кәсіпкерлік;

  4. стратегиялық және индикативті жоспарлау;

  5. инвестициялық ресурстарға жеке меншік және әлеуметтік әділеттілік.

4. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың мақсаттары:

  1. шығындарды минималдау және пайданы максималдау;

  2. экономикалық қауіпсіздік және экономикалық өсу;

  3. әлеуметтік үйлесімділік және әлеуметтік тұрақтылық;

  4. экономикалық тиімділік және экология;

  5. көлеңкелі экономиканы шектеу және экономикалық тұрактылық.

5. Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша өндірістің көлемі шектеледі:

  1. шығындардың үздіксіз өсуімен;

  2. ҒТП даму шегімен;

  3. экологиялық дағдарыспен;

  4. қажеттіліктердің толық қанағаттануымен;

  5. ғаламдану мен халықаралық бәсекенін күшеюімен.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

    1. Экономикалық жүйедегі субъектілердің ақпараталу тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетініз.

      Табиғи тәртіп

      Сатылы тәртіп

      артыкшылықтары:

      кемшіліктері:

      артықшылықтары:

      кемшіліктері:

    2. Кестені толтырыңыз.

Экономикалық жүйенің модельдері

Сипатты белгілері

Жоспарлы экономика

Нарықтық экономика

Аралас экономика

3. Өтпелі экономика мен аралас экономикалық жүйенің мағыналары бірдей ме? Қазақстанда өтпелі экономика мен аралас экономика кезеңдерінің тұспа-тұс келуін қалай түсіндіресіз.

4. Кестені толтырыңыз.

Экономиканы реттеудін нарықтық тетіктері

Экономиканы реттеудін мемлекеттік тетіктері

  1. Жоспарлы, нарықтық, аралас экономикадағы мемлекет пен нарық қатынастарын модельдер арқылы сызып көрсетіңіз.

Нұсқа 2

1. Нарықтық экономика модельдерінің барлығына ортақ белгілер мен өзіндік ерекшеліктерін кестеге толтырыңыз.

Нарықтық экономика модельдері

Өзіндік ерекшеліктері

Ортақ белгілері

Америқандық модель

Жапондық модель

Неміс моделі

Швед моделі

Француз моделі

Оңтүстік Кореялық модель

Қытай моделі

  1. Қазақстанның экономикалық моделінің ерекшеліктері мен экономикалық өсу факторларын табыңыз.

  1. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және кұралдарын анықтаңыз.

Қазақстан-2030 даму стратегиясы

Басымдықтары:

Мақсаттары:

Құралдары:

4. Қоғам дамуын сипаттайтын формациялық және өркениеттік теорияның негізгі жағдайларын жазып, олардың басты қайшылықтарын анықтаңыз.

5. Қазіргі Қазақстандағы техногендік сипаттағы өндірістің сал-дарын анықтай-тын мәліметтер тауып, оларды кесте, график немесе модельдеу арқылы көрсетіңіз.

Жазбаша сұрақ

  1. Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі мен құқықтық қатынастар жүйесін бірге қараңыз. Осы жүйелер өздерінің мағыналары бойынша қалай бір бірімен ұқсас. Неліктен меншік иегерінің бекітілген өкілеттілігі меншіктің экономикалық қатынастарын мекемелер мен жекелеген тұлғалардың жағымсыз іс-әрекеттерінен қорғайды?

  2. Қазіргі экономикада ақысыз-пұлсыз ірімшік тек қана қақпанда болады деген мақал-мәтел шындық па?

  3. Қазақстан Республикасында меншікті жешелендіруден болатын экономикалық ұтысты қандай жолмен арттыруға болады?

4. Қазақстан Республикасы материалдық өндірісінің құрылымы Кеңес Одағы кезеңінде қандай сипатта болды Сол кезде Қазақстанда не себептен осындай жағдай қалыптасты Қазіргі нарық жағдайында Қазақстанда өндіріс құрылымына қандай ерекшеліктер тән? Ал мұнай-газ өндіруші және ірі металлургия аймақтарының өндіріс құрылымы не себептен ауыр салмақты?

5. Ақша өзінің төлем құралы қызметін атқара отырып, қоғамдық еңбек бөлінісін ынталандырады. Осы дұрыс тұжырым ба?

6.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының нарықтық жүйесі қандай ірі салалардан тұрады Сіздің ойыңызша, келешекте қандай салалардың үлесі басым болмақ? Не себептен?

7.Товар шаруашылығы таза күйінде, натуралды өндіріссіз бола ала ма?

8. Қазақстанда ұлттық валюта теңгемен қатар доллар қолданылады. Осы жағдай АҚШ және Қазақстан экономикасында қалай көрінеді?

9.Қазіргі нарықтық жүйе ірі салалардан тұрады. Осы салалардың тиімді жұмыс жасауына қандай жағдайлар қажет? Осы салалардың нақты өмірде маңызы қандай?

10.Нарықтық экономика жеке меншіктің болуымен, қоғамдық еңбек бөлінісімен және товарлардың эквивалентті айырбасымен сипатталады. Нарықтың осы сипаттары жоғары технологиялық өндірістермен, жоғары сапалы өнімдермен, товар рыноктарының көп түрлігімен және товар тапшылығының жоқтығымен қалай байланысты?

11.Нарықтық экономика шаруашылық жүргізуде ерекше ынта мен принциптерді туындатады деп пайымдалады. Оларға кәсіпкерлік қабілет, тұтынушының таңдау еркіндігі, жеке экономикалық мүдде кіреді. Сіздің көзқарасыңыз бойынша неліктен осы принциптерге әкімшілдік-әміршілдік экономикада тиым салынды?

12.Экономиканы құрылымдық қайта құруда сыртқы экономикалық қатынастар бойынша экспорт және импорт тауарлары көлемдері арасында балансталған арақатынасты қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Не себептен? Осы жағдай елдің сыртқы саудасына қалай әсер етеді?

13.Бұрынғы Кеңес экономикасы – үлкен масштабты экономикалық эксперимент. Осылайша пайымдауға сіздің көзқарасыңыз қандай?

14.Күн бетіндегі қара дақтардың пайда болуы мен экономиканың дамуы арасындағы байланысты дәлелдеу өте дөрекі теориялық қате болып табылады. Неліктен ?Әлде олардың арасында байланыс бар ма?

15.Әр түрлі экономикалық жүйелер экономиканың негізгі мәселелерін қалай шешеді?

16.Аралас экономика нарықтық экономика болып табылады. Осыған қарамастан экономиканың негізгі мәселелерін тауар мен қызметтер бағаларының деңгейлеріне бақылау жасай отырып мемлекет шешеді. Осы жағдайға сіздің көзқарасыңыз қандай?

17.Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, ұсыным икемділігі коэффициенті өсу тенденциясына бейім. Осы жағдай не себептерге байланысты туындайды?

18.Сұраным мен ұсыным икемділіктерінің үш балама варианттарын график бойынша көрсетіңіз.

19.Ақтөбе қаласында бұрын тұтынуда болған шетел автомобильдеріне сұранысты график бойынша бейнелеңіз. Осы товарға сұраныс қисығы мына келтірілген жағдайларға қатысты қалай өзгереді? Мысалы, осы автомобильдерді Қазақстанға әкелуде кеден салығы тағы да 2 есе көтеріледі, сатып алушылардың ақшалай табыстар мөлшері 2 есе өседі, автомобиль бензинінің бағасы 5 есе көтеріледі.

20.Егер телевизордың бағасы 30 мың теңге құраса, телевизор рыногінде тапшылық немесе артықшылық пайда бола ма? Егер телевизор бағасы көтеріліп, бағасы 60 мың болса ше? Осы жағдайларды сұраныс және ұсыным қисығы түрінде көрсетіңіз. Осы рынокте телевизордың тепе-теңдік бағасы неге тең болады?

3-апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс Ақша.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Натуралдық шаруашылықтың тауарлы шаруашылыққа ауысуының себептері қандай?

  2. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары қандай?

  3. Тауардың қандай қасиеттері бар?

  4. Тұтыну құнының қандай қасиеттерін білесіз?

  5. Тауар өндірісінің белгілері қандай?

  6. Құн және айырбас құнының мәні неде?

  7. Тауар бағасы қалай анықталады?

  8. Тауар құнын анықтайтын қандай факторлар?

  9. Ақшаның пайда болу себептері қандай?

  10. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?

  11. Ақша неліктен жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқарады?

  12. Қағаз ақшалар неліктен құнсызданады?

  13. Ұлттық валюта - теңгенің шығу тарихы туралы не айта аласыз?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Игілік дегеніміз:

  1. асыл тастан жасалған әшекейлер;

  2. бірінші кезектегі тауарлар;

  3. қажеттілікке байланысты өндіру көлемі;

  4. қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар;

  5. сұранысы төмен тауарлардың саны.

2. Қазақстан тарихының бастапқы кезінде қандай экономикалық даму басым болды:

  1. қолөнер;

  2. өнеркәсіп;

  3. көшпелі мал шаруашылығы;

  4. ауыл шаруашылығы;

  5. индустриалды.

3. Тауар шаруашылығының пайда болуының материалдық шарты:

  1. өндіріс құралдарына жеке меншік;

  2. тауар өндірушілердің оқшаулануы;

  3. айырбастың дамуы;

  4. өнімді рынок үшін өндіру;

  5. барлық жауаптардың жиынтығы.

4. Жай және капиталистік тауар шаруашылығының жалпы белгілері:

  1. сату үшін өнім өндіру;

  2. өндіріс ресурстарына жеке меншік;

  3. жұмысшыны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосудың тауарлы формасы;

  4. жиынтық өнімі ұлғаймалы ұдайы өндіріс;

  5. сату үшін өндіру.

5. Қоғамдық шаруашылықтың даму формалары

  1. жалпы экономикалық қатынастардың даму сипаты;

  2. натуралды, тауарлық, аралас шаруашылықтар;

  3. жоспарлы шаруашылық;

  4. нарықтық шаруашылық;

  5. феодалдық шаруашылық.

6. Ақшаның абсолютті өтімділігі төмендегілерге тәуелді:

  1. олардың алтын кұрамына;

  2. айналымдағы ақша саныңа;

  3. ақшаның айналым жылдамдығына;

  4. трансакциондық шығындарға.

  5. айналымдағы ақша

7. Қазіргі ақшаның құндылығы анықталады:

  1. баға дәрежесімен;

  2. абсолютті өтімділігімен;

  3. алтын құрамымен;

  4. айналымдағы ақша санымен;

  5. сіздің алтын запас қорыңызбен.

8. Ақша массасына жатады:

  1. сізде бар металл ақшалар;

  2. жинақ банкісіне салық салу;

  3. сіздің қолыңыздағы банкноттар;

  4. мелекеттік займдағы облигациялар;

  5. банктегі ағымдық шот.

9. Демонетизация дегеніміз:

  1. қағаз ақшаның құнсыздануы;

  2. ақша қызметін алтынның атқаруы;

  3. ақшаның бүлінуі;

  4. қағаз ақшаның алтынға еркін айырбасталуы.

  5. ақша қызметі

10. Деноминация дегеніміз не?

  1. жаңа ақша шығару;

  1. құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валюта шығару;

  2. ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастау, баға масштабын өзгерту жолымен ұлттық валютаны нығайту шарасы:

  3. ақша жүйесінің элементтерін өзгерту жолымен ұлттық ва­люта құнын төмендету шарасы;

  4. ақша құралдарының эмиссиясы.

Нұсқа 2

1. Жаңадан жасалған құн деген:

  1. дайын өнім құны;

  2. өнім өндіруге кеткен барлық шығындар;

  3. жұмыс күшінің тұтынылуынан жасалатын құн бөлігі;

  4. жалдама жұмысшыға қажетті өнім құны;

  5. барлық жауап орынды.

2. Құнның өсу процесінің мәні:

  1. айналыстағы ақшаның өсуі;

  2. артық бағаға сатудан түсетін өсім, пайда;

  3. түскен табыстан шығындарды шегеру құбылысы;

  4. тауар өндіруге жұмсалған шығындардан артық қосымша құн түзілу процесі;

  5. жаңа технологиялар.

3. Тауар құнын А.Маршалл немец анықтайды:

  1. қоғамдық қажетті еңбек шығындары;

  2. сұраныс пен ұсыныс;

  3. өзіндік құн;

  4. жалақы;

  5. пайыз.

4. Айырбас құнын Д.Рикардо қалай анықтады:

  1. құндылық;

  2. тұтыну құны;

  3. табиғи фактор;

  4. қоғамдық еңбек өнімділігімен;

  5. еңбектің жеке дара шығындарымен.

5. Құнның еңбектік теориясын негізін жасаған экономистер.

  1. А. Смит, Д. Рикардо;

  2. К. Маркс, Ф. Энгельс;

  3. А. Маршалл, Дж. М. Кейнс;

  4. П. Самуэльсон, М. Фридмен;

  5. К. Менгер, М. Тодаро.

6. Монометализмнің түрлеріне жатпайды:

  1. алтын несиелік стандарт;

  2. алтын монеталы стандарт;

  3. алтын құйма стандарт;

  4. алтын девизді стандарт;

  5. барлығының жиынтығы.

7. Халықаралық валюта жүйесінің құрамдас бөліктеріне жатпайды:

  1. халықаралық толем құралдары;

  2. валюта курсын қолдау және орнату механизмі;

  3. валютаны конверсиялау шарты;

  4. халықаралық нарық тәртібі;

  5. өтімді валютаны белгілеу.

8. Нуллификация бұл:

  1. тауарды көбейту арқылы ақша құнын көтеру;

  2. ақша құнының қалыпты жағдайы;

  3. құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валюта енгізу;

  4. ақша массасын көбейту;

  5. тауарлар санын кеміту.

9. Егер бағанын өсу қарқыны 5-10 пайыздан аспаса, онда бұл:

  1. қарқынды инфляция;

  2. ұшқыр инфляция;

  3. қалыпты инфляция;

  4. үздіксіз инфляция;

  5. сатылы инфляция.

10. Девальвация дегеніміз не?

  1. ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсына қарағанда төмендеуі;

  2. жаңа ақша шығару;

  3. ақша жүйесінің элементтерін өзгерту;

  4. инфляцияға қарама-қарсы ұғым;

E) ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсынан жоғарылауы.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?

  • тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;

  • еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байланыстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;

  • өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;

  • өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;

  • дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;

  • экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;

  • қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;

2. Осы анықтамалардың қайсысы маркстік экономикалық ілімге және қайсысы неоклассикалық теорияға жатады?

- Тауар - бұл еңбек өнімі, сату-сатып aлy жолымен айырбасқа негізделген.

- Tayap - экономикалық игілік, яғни айырбасқа негізделген, саны шектеулі, төлем қабілетті сұранысы болады.

Бұл анықтамалар қандай рөл атқарады: а) еңбек шығындары; ә) өндіріс аясы; б) сиректік заңы; в) айырбас аясы; г) қоғамдық қажеттілік.

3. Осы анықтамаларды талдай отырып рыноктық категория ретінде қайсысы алғашқы орынға шығатының анықтаңыз?

  • Баға - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі.

  • Баға - бұл игілік пайдасын ақшалай бағалау.

  • Баға - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге не, қалай, кім үшін өндіру керек екенін көрсететін ақпараттық сигнал.

  1. Ақшаның классикалық қызметі мен қазіргі қызметтерінің бірнеше ерекшелігін көрсетіңіз.

Нұсқа 2

  1. Нуллификация мен демонетизацияның ерекшелігі неде?

  2. Несие ақшаның шығу себептерін атаңыз.

  3. ҮІ -ҮІІІ ғасырларда Тараз, Испиджаб қалаларында шыққан теңгелерге қайсысы жатады:

  4. Мыс теңгелер

  5. Үшбұрыш таңбалы теңгелер

  6. «Ақшаны алтын орнына пайдалану мүлде тоқтатылсын, оның орнына салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81 пайыз күміс ақшалар айналымға кірсін» - бұл тұжырым қай жылы және кімнің реформасынан кейін енгізілді?

Бақылау жұмысы

  1. Экономика дегеніміз не және оның көп жақтылығының мәні неде?

  2. Экономикалық теорияның дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі Американ ғалым экономисі кім?

  3. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы нені қолдану арқылы жүзеге асырады?

  4. Экономикалық теория әдістерінің айырмашылығы және негізі.

  5. Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы қандай экономика ретінде дамыды?

  6. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі экономикалық теорияның алатын орны.

  7. Қазақстанда нарықтық экономикаға кәшу жағдайы қандай?

  8. Экономикалық теорияның атқаратын қызметін атаңыз?

  9. Нарықтық экономика жағдайында жеке меншік құқы нені білдіреді.

  10. Қазақстанда меншіктің алуан түрлі нысандарының объективті қажеттілігін қалай түсіндіресің.

  11. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны неде?

  12. Жекешелендірудің объектілері мен субъектілеріне не жатады?

  13. Қазақстанда жекешелендіру барысында қандай кемшіліктер мен қателіктер орын алды?

  14. Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылды?

  15. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді?

  16. Натуралды шаруашылық пен тауарлы шаруашылықтың айырмашылықтары мен ортақ белгілерін қалай түсінесіз?

  17. Тауарға сіңген еңбектің екі жақты қасиетінің ғылыми өзектілігі неде?

  18. Ақша дегеніміз не. Ақша нысандарының формаларын атаңыз?

  19. Ақша қандай қызметтерді атқарады?

  20. Несие ақшаны қалай түсінесіз. Олардың қандай түрлері бар?

  21. Инфляция ұғымын қалай түсінесіз?

  22. Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның түрлерін атаңыз?

  23. Ақша айналымын тұрақтандыру әдістері мен түрлері қандай?

  24. Инфляцияның туындауына әсер етуші маңызды себептер және оны бәсеңдету шараларын атаңыз?

  25. Ақша айналысы заңының экономикалық мәні неде?

  26. Экономикалық жүйе қандай элементтерден тұрады?

  27. Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі белгілерін атаңыз.

  28. Әкімшілдік - әміршілдік экономикалық жүйенің қандай негізгі кемшіліктері мен ерекшеліктері бар? Осы жүйенің негізін не құрайды?

  29. Аралас экономикалық жүйе дегеніміз не?

  30. Нарықтық экономикалық жүйенің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

  31. Өтпелі экономиканың негізгі сипаттық белгілерін атаңыз?

  32. Өтпелі экономикада ескі экономикалық элементтердің және жаңа экономикалық элементтердің бір мезгілде болуын қалай түсінесіз?

  33. Нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан моделі қандай?

  34. Не себептен ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату басты міндет болып табылады?

  35. Қазақстан Республикасында нарықтық инфрақұрылым институттарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз?

  36. Қазақстан Республикасындағы өтпелі экономиканың ерекшеліктері қандай?

  37. Сізге нарықтың қандай түрлері белгілі?

  38. Нарықтың кемшілігі, артықшылығы неде?

  39. Нарық қандай қызметтерді атқарады?

  40. Нарық инфрақұрылымын қалай түсінесіз?

  41. Нарық экономикасын адамзаттың экономикалық өмірін ұйымдастырудың идеалды моделі деп есептеуге бола ма?

  42. Неге адамдар пропорцияларды реттеудің нарықтық әдістеріне тән экономикадан қорқады? Олар барлығын мемлекет реттегенін қалайды.

  43. Нарықтық экономиканың субъектілері, олардың өзара іс - әрекеті жайлы сізге не белгілі?

  44. Экономикалық жүйенің негізгі мәселелерінің не, қалай, кім үшін? Мазмүнын ашыңыз. Сіз осы сұрақтарға өзіңіздің сұрақтарыңызды қоса аласыз ба?

  45. Бәсекелі нарықтық экономикалық жағымды жақтарын атаңыз? Сіздің көзқарасыңыз бойынша жағымсыз жақтары қандай?

  46. Сұраным заңының мәні неде?

  47. Сұраным қисығының жылжуына қандай жағдайлар әсер етеді?

  48. Ұсыным заңының мәні неде?

  49. Ұсыным мөлшеріне әсер ететін жағдайларды атаңыз. Олардың әсерлері график түрінде қалай көрсетіледі?

  50. Нарықтың тепе-теңдігі деген не?

  51. Нарықтың тепе-теңдігінің бұзылуы неге әкеледі?

  52. Сұраным икемділігі деген не? Мысалдар келтіріңіз.

  53. Ұсыным икемділігі, икемсіздігі деген не?

  54. Капитал дегеніміз не? Капиталдың түрлері және олардың өндіріс процесіндегі ролі.

  55. Капиталдың қорлануын қалай түсінесіз және осы процесс қандай салдарға алып келеді?

  56. Капитал амортизациясын қалай түсінесіз?

  57. Негізгі капиталдың тозуының қандай түрлерін білесіз?

  58. Инвестицияға анықтама беріңіз?

  59. Инвестиция қандай қызметтерді атқарады?

  60. Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту не үшін қажет?

  61. Инвестицияға қатысты қандай теорияны білесіз?

4-апта. Сабақтың тақырыбы: Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс пен ұсыныс.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Нарықтық қатынастардың қандай субъектілері мен объектілерін білесіз?

  2. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

  3. Сұраныс пен ұсыныстың қандай қызметтері бар?

  4. Сұраныс көлемі мен сұраныстын өзгерісін, ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзгерісін қалай ажыратуға болады?

  5. Нарықтық тепе-теңдіктің түрлері?

  6. Икемділік коэффициенттерінің қандай түрлері бар, оларды талдаудың қажеттігі неде?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Нарық шеше алмайтын мәселелер:

  1. инфляция, жұмыссыздық, экология;

  2. тауар сапасын арттыру, ҒТП жандандыру;

  3. нарық инфрақұрылымын, институттарын дамыту;

  4. экономикалық тиімділік;

Е) ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

2. Нарық жүйе ретінде өзінің дамуында келесідей белгілерге ие:

  1. стихиялы, бәсекеге негізделген, ұйымдасқан, монопольды;

  2. дәстүрлі, рыноктық, аралас, жоспарлы;

  3. натуралды, тауарлы;

  4. эволюциялық, революциялық, аралас;

  5. жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі.

3. Нарықтың артықшылығы:

  1. әлеуметтік әділеттілік орнайды;

  2. ресурстарды тиімді бөледі;

  3. экология мәселесін тиімді шешеді;

  4. толық жұмысбастылық орнайды;

  5. монополияны қалыптастырады.

4. Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері:

  1. баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс;

  2. жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік;

  3. биржа, жәрмеңке, аукцион;

  4. материалдық және материалдық емес өндіріс;

  5. білім, идея, ғылым, денсаулық.

  1. Сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар:

  1. өндіріс шығындары, тауар саны, сапасы;

  2. жарнама, ақпараттардың жеткіліктілігі;

  3. тұтынушылардың саны, талғамы, табысы, мода;

  4. технология, салық, субсидия;

Е) сұраныс пен ұсыныстың икемділігі.

6. Сұраныстың өсуі:

  1. тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;

  2. тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төменде-теді;

C) тепе-тендік баға мен тепе-тендік көлемді өсіреді;

Д)тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;

Е) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлем өзгермейді.

7. Үсыныстың төмендеуі:

  1. тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;

  2. тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төмендетеді;

  3. тепе-теңдік баға мен тепе-тендік көлемді өсіреді;

  4. тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;

  5. тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-теңдік төлем өзгермейді.

Нұсқа 2

1. Нарықтың инфрақұрылымының материалдық негізі:

  1. ақпараттық, коммуникациялық, көлік жүйесі;

  2. брокерлік, делдалдық, коммерциялық мекемелер;

  3. қаржы-несие институттары;

  4. мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

  5. материалдық өндірістің мүмкіншіліктері.

2. Шартта көрсетілген баға бойынша тауарды келесі құны жеткізу туралы келісім:

  1. форвард;

  2. опцион;

  3. фьючерс;

  4. спот;

  5. хеджирование.

3. Нарықтық инфрақұрылымның мәні:

  1. мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер арасында мүдделер үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  2. сатушылар және сатып алушылардың табыстары мен шығыстары туралы ақпарат беру;

  3. экономика салалары арасындағы тепе-тендікті қамтамасыз ету;

  4. тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

  5. монополияны шектеу және бәсекені қолдау.