Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЭТН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆
  1. Экономикалық теория көзқарасы бойынша “экономика” бұл:

А) шаруашылық қызметі;

В) адамдардың мақсаттары мен шектеулі ресурстарының арасындағы қатынастарға байланысты, олардың іс-әрекеті;

С) шаруашылық жасау туралы ғылым;

Д) статистика;

Е) демография.

  1. Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді…

А) физиократтар; В) маржиналистер; С) меркантелистер;

Д) классикалық саяси экономия; Е) институционализм.

  1. Ұлттың байлығының көзі ауыл шаруашылығында деп есептейді…

А) меркантелистер; В) марксизм; С) марженализм;

Д) Физиократтар; Е) институционализм.

  1. “Көрінбейтін қол” жеке өндірушілер мен тұтынушылардың дербес іс - әрекетін солай қылып бағыттайды, нәтижесінде барлық жүйе ұзақ мерзімді экономикалық тепе – теңдік жағдайында болады деген тұжырымды кім ұсынды?

А) У. Петти В) Ф. Кенэ С) К. Маркс Д) К. Менгер Е) А. Смит

5. К. Маркс ашқан буржуазиялық қоғамның негізгі заңы:

А) құндылық В) қосымша құн С) сұраным және ұсыным

Д) меншік құқы теориясы Е) ұтымды күту

6. 1936 Жылы Дж. М. Кейнстің шығарған кітабы аталады

А) “халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы”

В) “саяси экономияның принциптері”

С) “жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы”,

Д) “капитал”

Е) “Ресейде капитализмнің дамуы”

7. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:

А) демографиялық өзгерістер; В) статистикалық есеп берулер;

С) еңбек қатынастары; Д) әлеуметтік даму.

Е) шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар;

8. Мемлекеттік саясатты іске асыру барысында дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін экономикалық теорияның функциясы (атқаратын қызметі):

А) танымдылық В) тәжірибелік С) прогностикалық

Д) методологиялық Е) мағлұматтық

9. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады?

А) индукция; В) дедукция; С) ғылыми абстракция;

Д) талдау (анализ) Е) біріктіру (синтез)

10. Экономикалық өмірдің құбылыстары арасында объективті орындалатын тұрақты себепті – салдарлы байланыстар…

А) экономикалық заңдар; В) табиғат заңдары;

С) экономикалық категориялар; Д) әлеуметтік өмірдің заңдары;

Е) құқық заңдары.

11. “Нарықта сұраным баға, тұтынушылардың табыстары, бәсеке сияқты оны анықтайтын әртүрлі факторларды зерттеу жолымен оқылатын экономикалық теорияның әдісі:

А) ғылыми абстракция; В) логикалық және тарихи;

С) индукция және дедукция; Д) талдау; Е) синтез.

12. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі…

А) микроэкономика; В) макроэкономика; С) саяси экономия;

Д) экономикс; Е) жалпы экономика.

13. Жалпы ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бағыты:

А) микроэкономика; В) экономикс; С) саяси экономия;

Д) макроэкономика; Е) салалық экономика.

14. Ақшаға эгоистік қызығушылық төмендегілердің қайсысының арекетінің басты мотиві болып саналады?

А) экономикалық адамның; В) мемлекеттің; С) кәсіпорынның;

Д) кооперативтің; Е) қоғамдық ұйымдардың.

15. Жеке тұлғаның шығынды азайта отырып барынша жоғары нәтиже алуға ұмтылу әрекеті

А) ұтымсыз В) біреудің арқасындағылар

С) тұтынушылық Д) қоғамдық Е) ұтымды