- •«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
- •Қазіргі жастардың өзекті проблемалары
- •2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
- •3. Іске асыру кезеңдері және межеленген нәтижелер
- •1. Жастар саясатын іске асырудың базалық қағидаттары
- •2. Жастар саясатын іске асырудың негізі бағыттары
- •6. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары
6. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары
Осы Тұжырымдаманың ережелері заңнамалық актілерді, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын жетілдіру арқылы іске асырылатын болады.
3-БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН 2020: БОЛАШАҚҚА ЖОЛ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕТІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
Осы Тұжырымдаманың ережелері мынадай нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді іске асыру арқылы орындалатын болады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқа заңнамалық актілер;
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы;
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы;
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы;
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы;
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылғы дейінгі «Жастар – Отанға!» стратегиясы;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қоғамды жаңарту және адами капиталға қойылатын талаптардың өсуі жағдайларында мемлекеттік жастар саясаты елді дамыту және қайта жаңарту құралына айналуға тиіс.
Бұл жастардың әлеуметтік қалыптасу процесіне қатысушылардың бәрінен жастарды өз проблемалары мен жалпы ұлттық міндеттерді шешуге тікелей тартуға бағытталған тәсілдерді әзірлеуді және оны дәйекті іске асыруды талап етеді.
Мұндай ауқымдағы мемлекеттік жастар саясатының міндетін жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, мемлекеттілікті дамыту басымдықтарына қол жеткізуге бағдарланған жобалық тәсілді қолдану арқылы ғана шешуге болады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жастар мен бүкіл халықтың өзіндік ұйымдасуы, Қазақстанның алдында тұрған міндеттердің ауқымына сай келетін бастамаларды дамыту – азаматтардың әл-ауқатының өсуі және қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін орнықты шарттарды қалыптастырады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев біздің буынның сүйіп оқитын кітабына айналған «Қазақстан жолы» атты өз еңбегінде атап айтқандай, «Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен бірге табыс та ілесіп жүреді».
Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол – БІЗДІҢ ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚОЛЫНДА!
_____________________________
