- •Нормативтік сілтемелер [a]
- •1 Теориялық бөлімі
- •1.1 Негізгі ережелер
- •1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу
- •1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі
- •1.4 Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар
- •1.5 Сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдылықтар
- •1.6 Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу
- •(Жазықтық)
- •Көмекші база База – ось симметрия түзуі База – жазықтық (негізгі база)
- •2 Курстық жұмыс
- •2.1 Жалпы ережелер
- •1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар
- •2.2 Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар
- •2.3 Курстық жұмыстың мазмұны
- •2.4 Курстық жұмысты қорғау
- •2.5 Құрастыру сызбаларын тетіктеу үшін нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •3 Курстық жұмысты орындау үлгісі
- •3.1 «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- •Курстық
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •31.03.2004 Ж. Берілген №50 мемл.Баспа лицензиясы
1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар
Сызбаларға өлшемдерді конструкциялық ерекшеліктердің, бұйымдағы тетіктің жұмыс жағдайы, оны дайындау технологиясы және өлшемдерді бақылау есебінен салу керек. Бұл талаптардан шыға отырып, тетікті оны дайындау кезінде өлшейтін, сондай-ақ бұйымдарды бақылау және құрастыру кезіндегі базаны таңдау керек. Базалар конструкциялық, технологиялық өлшеу және құрамалы болатынын басшылыққа алу қажет. Конструкторлық база үшін бұйымдағы тетіктің жағдайын анықтайтын бет, сызықтар немесе нүктелерді қабылдау керек (18-сурет). Технологиялық база ретінде дайындау кезінде тетік бетін өңдеуге бағдарланатын салыстырмалы бетті таңдау керек (19-сурет). Аталған тетіктер үшін А және Б екі технологиялық база пайдаланылған.
Өлшеу базасы үшін дайын бұйымдарды өлшеу кезінде өлшемдері есептелетін бет, сызықтар немесе бет жиынтықтары қабылданады. Құрас-тыру базасын беттер, сызықтар және нүктелер жиынтығы ретінде, бұйымдарды жинау кезінде қалған тетіктерді бағдарлайтындай таңдап алады. Сызбадағы өлшемдердің саны минимум болуы мүмкін, бірақ бұйымдарды дайындау және бақылау үшін жеткілікті болуы тиіс. Сызықтық өлшемдерді белгілеу кезінде 2.307-68 [A8] МЕСТ-ты және 6.636-69 МЕСТ-ты (Д қосымшасы, 10-кесте) басшылыққа алу ұсынылады. Сызбада өлшемдерді салудың үш: тізбектік, координаталық және аралас тәсілі болады.
Конструкторлық
база
(Жазықтық)
18-сурет – Конструкторлық база
19-сурет – Конструкторлық және технологиялық
базалардан өлшемдерді қою
Тізбекті тәсіл аралас элементтер (тізбекті) арасындағы өлшемдерді жүйелілікпен салуға мүмкіндік береді (20-сурет). Бұл тәсіл тек қана үлкен ұзындығы бар тетіктер үшін қолданылады.
20-сурет – Өлшемдерді тізбектеп салу үлгісі
Анықтамалық деп аталған сызба бойынша орындалмайтын, ал оқудың үлкен ыңғайлығы үшін көрсететін өлшемдер аталады. Анықтамалық өлшемдер сызбада * белгісімен белгіленеді. Барлық өлшемдер координаталық тәсілдер кезінде бір базалық жазықтықтан (негізгі база) бір бірінен тәуелсіз түрде салынады (22-сурет). Бұл тәсіл жоғарылаған дәлдікпен ерекшеленеді және сондықтан неғұрлым басымдырақ. Өлшемдерді салудың аралас тәсілі С координаталық әдістің тізбекті әдіспен үйлесуін білдіреді. Сызбадағы әрбір өлшем бір рет көрсетілуі тиіс және ол қай жерде барынша сипатты болса сол жерге салу керек. Штрихты сызықпен көрсетілген тетіктің көрінбейтін контурына әдетте өлшемдерді қоймайды. Шеңбер өлшемін радиус түрінде емес, диаметр түрінде қою керек.
21-сурет – Тесіктердің өлшемдерін салу
Көмекші база База – ось симметрия түзуі База – жазықтық (негізгі база)
22-сурет – Өлшемдерді координаталық
тәсілмен салу үлгісі
2 Курстық жұмыс
2.1 Жалпы ережелер
«Жалпы түрдегі сызбаларды оқу және тетіктеу» курстық жұмысының орындалуы студенттің дербес жұмысы болып табылады. Тетіктеу процесі бұйымдар тетіктерінің конструкциялық пішіндерін талдай білуді және олардың өзара әрекеттестігін анықтай білуге, жалпы түрдегі сызбаны оқи білуге және сол бойынша тетік сызбасын орындай білуге бағытталған. Сондықтан курстық жұмыс «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәнін оқудың аяқтаушы кезеңі болып табылады. Курстық жұмыстың мақсаты алдында алынған білімді тереңдету мен бекіту, студенттерді анықтамалық әдебиеттерді, КҚБЖ стандарттарын пайдалана білуге, сондай-ақ конструкциялық құжаттаманы құрастыра білу дағдысын иеленуге үйрету керек.
