Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Традиционное хозяйство казахов в первой трети Х...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

Әлжаппарова Бахытгүл Қабділмәлікқызы

XX ғасырдын бірінші ширегіндегі қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: өзгеріске ұшырауы және күйреуі (Орталық Қазақстанның материалдары негізінде)

07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Түйін

Диссертациялық зерттеуде патша үкіметі қоныс аудару саясатының және кеңестік саяси экономикалық эксперименттерінің қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген ықпалы қаралады.

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы тәуелсіз Қазақстанның, яғни нарықтық экономикалық қатынастардың қарқынды түрде дамуына байланысты қоғамда аграрлық мәселелерге деген қызығушылық арта түсуде. Әсіресе, аймақтық аграрлық қайта құруларға басым назар аударылуда. Өйткені, әрбір аймақ географиялық және экономикалық ерекшелікке ғана емес, саяси, тарихи, мәдени және әскери ерекшелікке ие екендігі анық. Сондықтанда біз қарастырып отырған Орталық Қазақстан аймағы тарихи дәстүрлерге бай, мұнда ертеден-ақ қазақтардың көне шаруашылығы – көшпенді мал шаруашылығы дамыған өлке.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Орталық Қазақстандағы дәстүрлі шаруашылықтың өзгеріске ұшырау үрдісін және оның кері әсерін зерделеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді шешу қажет:

- патша үкіметінің қоныс аудару саясатын талдап, оның Орталық Қазақстанда шаруашылық жүргізудің жаңа түрлерін қалыптастыруға ықпалын көрсету;

- дәстүрлі шаруашылықтың Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы (1917-1927) өзгеріске ұшырау үрдісін зерттеу;

- Орталық Қазақстанда байлардың мал-мүлкін тәркілеу науқанын түбегейлі өзгерістерге дайындық сатысы ретінде көрсету;

- астық және ет дайындау науқандарын және оның өңірдегі дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін зерттеу;

- отырықшылық және ұжымдастыру науқандарының күштеп жүргізілгенін құжаттар арқылы анықтау;

- жаппай ашаршылық пен басқа өңірлерге көшіп кету жағдайына әкелген дәстүрлі шаруашылықтың күштеп өзгеріске ұшыраудың кері ықпалын зерделеу.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста алғашқы рет Орталық Қазақстан өңірі бойынша ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының күйреу үрдісі көрсетілген. Жұмыстың жаңалығы мен маңыздылығы:

- кеңестік саяси-экономикалық эксперименттердің қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына (1917-1927) кері ықпалы зерттелген;

- Орталық Қазақстан өңірі бойынша қазақ ауылындағы түбегейлі өзгерістер, олардың қазақ шаруашылығына әкелген зардаптары, мәселен кедейлену және қайыршылану үрдістері, зерделенген;

- ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Орталық Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы мен құлдырауы зерттелген;

- Орталық Қазақстанды жайлаған ашаршылық пен қазақтардың басқа өңірлерге қоныс аудару үрдісінің көлем деңгейі анықталған.

Диссертацияның әдіснамалық және теориялық негізі болып білім игерудің жалпы ғылымилық қағидалары, мысалы, тарихи қағида алынған. Диссертациялық зерттеудің концептуалдық негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының жұмыстары пайдаланылған.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • патша үкіметінің қоныс аудару саясаты Орталық Қазақстанда шаруашылық жүргізудің жаңа түрлерін қалыптастырып, шөп шабу және жер өңдеуді дамытты. Сонымен қатар дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы да сақталып қалды;

  • Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығындағы модернизациялық қайта құрулардың мақсаты мен қозғаушы күші ретінде индустриалды дамуға жағдай жасалынып қойған, шашыраңқы орналасқан қазақ халқына қатаң бақылау орнату болып табылды;

  • өлкедегі 1930-шы жылдардағы аштықтың белең алуының басты себебі дайындау кампаниялары жүргізген саясаттың әсері екендігі анықталды;

  • Орталық Қазақстандағы 1930 жылдардағы жаппай қоныс аударудың басты ерекшелігі ішкі жағдайдың сипатымен ерекшеленеді.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеудің мақсаты диссертацияның құрылымын аңықтады. Ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиет пен мұрағат көздерінің тізімінен тұрады.

Alzhapparova Bakhytgul

The traditional economy of Kazakhs in first third of the 20th century: transformation and collapse (on the materials of Central Kazakhstan)

SUMMARY

The dissertation for the scientific degree of the Candidate of Historical Sciences on speciality 07.00.02 – The Native History (History of the Republic of Kazakhstan)

The influence of the migration policy of czarism and Soviet political and economical experiments on the traditional economy of Kazakhs is considered in the dissertation research.

The aim of the research is analysis of the process of transformation of traditional economy in Central Kazakhstan and revealing its negative consequences. It’s necessary to do the following tasks in order to fulfill the provided aim:

  • analysis of the migration policy of czarism and its influence on the formation of new forms of economic activity in Central Kazakhstan;

  • research of the process of transformation of the traditional economy in first years of the Soviet Power (1917-1927);

  • interpretation of the campaign on confiscation of cattle and property from rich men in Central Kazakhstan as the preparatory stage for more radical reforms;

  • research of the raw storing campaigns and their negative influences on the traditional cattle breeding economy of the region;

  • revealing of the forced character of the settling and collectivization;

  • analysis of destructive consequences of forcible transformation of the traditional economy which were manifested in the large-scale famine and moving outs;

The scientific novelty of the dissertation research. In the work based on the example of Central Kazakhstan for the first time the process of destroying the traditional economy of Kazakhs in first third of 20th century is examined. The novelty and the significance of the work are expressed in the following:

- the influence of Soviet political and economic experiments on the traditional economy of Kazakhs (1917-1927) (in the regional scale) is investigated;

- the modernization reforms in Kazakh village and their consequences, in particular, the processes of marginalization and pauperization of Kazakh peasantry are analyzed (based on the example of Central Kazakhstan);

- the dynamics of development and decay of cattle breeding in Central Kazakhstan in first third of the 20th century are studied;

- the scales of famine and moving outs in Central Kazakhstan are revealed.

The points submitted for defence:

- Resettling policy of tsarism promoted the occurrence of new forms in economic activities, development of hay-mowing and agriculture. At the same time the nomadic stock- breeding remained the basic branch of the economy for the Kazakh population of Kazakhstan.

- The purposes and stimulating causes of modernism transformations of the traditional economy of the Kazakhs were not only creation of conditions for industrial development, but also aspiration to establish the control over disperse Kazakh population.

- The principal cause of the famine at the beginning of the thirties of the XXth century in the region became the policy of procuring campaigns.

- The peculiarity feature of the majority of the migrations of the natives of the Central Kazakhstan at the beginnings of the thirties of the XXth century, was their local, inner character.

The structure of the work. The tasks of the research determined the structure of the dissertation. It consists of introduction, three chapters, conclusions and list of the used sources

The structure of the work. The tasks of the research determined the structure of the dissertation. It consists of introduction, three chapters, conclusions and list of the used sources