Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арайка ЦСП дайын курсовой.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
555 Кб
Скачать
☆

4 Регенерация аумағының ұзындығын есептеу

4.1 Регенератор кірмесіндегі өтпелі қорғанысты есептеу

Көршілес регенрациялық пунктер арасындағы аумақты (ОП-НРП, НРП-НРП, НРП-ОРП) регенерациялық аумақ деп атайды.Оның минималды, номиналды,максималды мәндері ЦЖТ-ның техникалық сипаттамаларында келтірілген. Регенерация аумақтың сұлбасы 12 суретте көрсетілген. Ол кабельдік тізбектен тұрады, металдық (симметриялық немесе коаксиалды) кабель және регенератор ретінде қолданылады.

lра ұзындықтағы «кабель + түзеткіш» тракты

Регенератор

Регенератор

Кабель ШН

ШҚ ТК ШҚ

Регенерация аумағының кірмесі

4.1 Сурет. Регенерация аумағының сұлбасы

Регенератор құрамында кабельдік тізбек пен енгізілетін, сигнал және үйкеліс түзеткішінің күшеюін қамтамасыз ететін түзейтуші күшейткіш көрсетілген, сонымен қатар белгілі қадамды кернеуі бар КК кірмесінде сигналды салыстыру жолы арқылы әр тактілік интервалда («0» немесе «1») таралатын сигнал туралы шешім қабылдайтын шешущі құрылғы (ШҚ) болады.

Регенерация үрдісінде қате шешім қабылдау мүмкіндігі бар, яғни ақпаратты тарату сапасының төмендеуіне әкелетін қателіктер пайда болуы мүмкін. Жобаланған аумақтағы қателік ықтималдығының үлкен мәні үйкеліс мөлшеріне байланысты, таңбааралық интерференция (ТАИ) арқылы шақырылған, шешім қабылдау нүктесінде (ШН) сигналды бөгеттен қорғау және аумақтағы регенератор санына да тәуелді болады

Регенерациялық аумақ ұзындығы байланыс жолындағы регенератор санын азайту үшін максималды болуы қажет. Ал регенерациялық аумақ ұзындығының өсуі регенератордағы қате ықтималдығының өсуіне әкеледі.

Таратудың қажетті сапасын қолдау үшін қателік ықтималдық шамасы орнатылған сәйкес шамадан үлкен болмауы керек. Бұл регенератор кірмесіндегі бөгеттен сигналдың минималды өтпелі қорғанысын және регенерация аумағының максималды өткізгішті ұзындығын анықтайды.

Екі абонент арасындағы халықаралық байланысты қйымдастыру кезінде цифрлық сигналдағы ықтималдық қателік халықаралық стандартқа байланысты рқат.∑=10-6 мәнінен үлкен болуы керек. Ұлттық аумақта рқат.ұлт.аум..∑ = 0,4·10-6 болады.

Ұлттық Халықаралық Ұлттық

аумақ аумақ аумақ

13200 км 27500 км 13200 км

Аб. ШС ХС ХС ШС Аб.

0,4·10-6 0,2·10-6 0,4·10-6

Рқат∑ = 10-6

ШК- ұлттық желінің соңғы станциясы; Аб- абонент.