- •Аналитикалық химия
- •Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
- •Талдау әдістері
- •Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
- •Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
- •Иондардың қасиеттері Гомогенді тепе-теңдік. Массалар әрекеттесу заңы
- •Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы
- •Су емес еріткіштердегі протолиттік тепе-теңдігі.
- •Күшті және әлсіз протолитер
- •Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ын есептеу
- •Буферлі ерітінділердін рН-ын есептеу
- •Тұздар ерітінділеріндегі гидролиттік тепе-теңдігі
- •Комплекс түзу тепе-теңдігі
- •Комплексті иондарды түзу жэне ыдырату процестеріне түрлі жағдайлардың әсері
- •Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау
- •Гетерогенді тепе-теңдік. Ерігіштік константасы
- •Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі
- •Тұнба түзілу процесіне әсер ететін жағдайлар
- •Сандық анализ. Гравиметрлік әдіс
- •Тұнбаның ластануы.
- •Тұндыру және тұндырылған түрге қойылатын талаптар.
Талдау әдістері
Талдау әдістері химиялық , физикалық , физика-химиялық және биологиялық деп бөлінеді.
Химиялық әдістер - химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі, ал аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды. Химиялық реакциялардың орындалу тәсілдеріне байланысты а) құрғақ түрінде анализдеу және б) ерітінді түрінде анализдеу деп ажыратады.
Физикалық әдістерде – анализ химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы, спектралды, рентгеноструктуралық, масс-спектрометрия әдістері.
Физика-химиялық әдістерде – анализ химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, ал олардың нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді түрлі аспаптармен өлшейді. Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, фотометрия, амперометрия, полярография т.б. әдістер жатады.
Биологиялық әдістер – микроорганизмдердің өмір сүру уақытына негізделеді. Биологиялық әдістер дәрі-дірмектің , түрлі препараттардың биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады.
Химиялық әдістерге тоқтайық. . Құрғақ түрінде анализдеу тек алғаш мәлімет алу ұшін қолданылады. Бұл әдістің пирохимиялық түрінде зерттелетін заттың кристалдарын немесе ерітіндісіне малынған платина немесе нихром сымын жалында қыздырғанда, қосылыстардың ыдырауы, балқуы, айдалуы, булануы нәтижесінде жалын түсі өзгереді. Мысалы, натрий жалынның түссіз бөлігін сары түске бояйды, барий тұздары – жасыл түске, калий тқздары – күлгін түске бояйды. Құрғақ талдаудың екінші түрі – ұнтақтау әдісі. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен көліге салып ұнтақтайды. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі, түсіне байланысты қорытынды жасалады.
Ерітінді түрінде анализдеу сантиграмм-әдісімен кіші пробиркаларда жүргізіледі де аналитикалық сигнал байқалады. Тамшылық әдіспен талдауды фарфор шыныда немесе сүзгіш қағазда орындайды. Зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын сүзгіш қағазына тамызып, оның үстіне анықтаушы реагент қосады да өзгерісті көзбен шолып байқайды. Микрокристаллоскопиялық әдісінде реакция нәтижесінде түзілген химиялық қосылыстың өзіне тән пішіні мен түсіне қарап қорытынды жасайды. Ол үшін шыны пластинкаға талданатын ерітіндінің 1-2 тамшысының қасына 1-2 тамшы реагент тамызып, шыны таяқшамен екеуін абайлап қосады және жалында ұстап буландыру аркылы концентрлейді. Содан соң тамшылардың түйіскен жерінде түзілген кристаллдарды микроскоппен қарастырады.
Анализге алынған заттың мөлшеріне байланысты да аналитикалық әдістерді келесі түрлерге бөлуге болады:
грамм-әдіс макроанализ 1-10 г;
сантиграмм-әдіс жартылай микроанализ 0,05-0,5 г;
миллиграмм-әдіс микроанализ 10-6-10-3 г;
микрограмм-әдіс ультрамикроанализ 10-9-10-6 г;
нанограмм-әдіс субмикроанализ 10-12-10-9 г.
Әдістің түріне байланысты әртүрлі химиялық ыдыс және аспаптар қолданылады.
Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
Зерттелетін ерітіндіде бір емес бірнеше катион бірден болуы мүмкін. Оның үстіне көпшілігі бір-біріне ұқсас реакцияларға түсіп, анықтауға кедергі келтіреді. Сондықтан, иондарды белгілі бір жүйемен топтарға біріктіріп, кедергі келтіретін иондарды бөліп тастап, содан соң анықтауға кіріседі.
Иондарды осылай топтар бойынша жіктеп анықтауды жүйелік анықтау дейді.
Талдауды бөлшектеу әдісімен жүргізу үшін ерекше немесе таңдалмалы әсер ететін реагенттерді қолдану керек. Бөлшектеп анықтау әдісін А.Тананаев ашқан. Бұл әдіс жүйелік әдіспен салыстырғанда жылдамдығымен, басқа иондарды бөліп жатпай, әсіресе иондар саны көп емес ерітінділерде, бірден анықтауға мумкіндік беретінімен сипатталады.
