Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ әдебиеті 9-сынып 1-2 тоқсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
247 Кб
Скачать
☆

...Жайлау,қыстау жер үшін».

1-тоқсан №13

Айы, күні______________________________________________________

Тақырыбы: Тарғын, Ақжүніс, Қартқожақ бейнелері.

Мақсаты:1. Кейіпкерлерге талдау жасау арқылы жырдың идеясын ашу;

2. Өз ой толғаныстарын жеткізе білуге үйрету;

3. Отанын сүюге, елін, жерін құрметтеуге үйрету.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

Қартқожаққа Ақжүністің айтқаны, Тарғынның елімен, атымен қоштасуы арқылы нені айтпақ болғанын жаттауға беріп үзінділер арқылы өрбіту:

  1. Бекіту үшін сұрақтарға жауап.

  1. Қартқожақтың мәрттігін неден байқауға болады?

  2. Ақжүніске мінездеме бер.

  3. Тарғынның басынан іс түскенде қайырылмай кеткен Ханзада хан мен Ақша хан арасында қандай байланыс болады?

Үйге: Жырдың көркемдігі неде? деген сұраққа жауап жазу.

1-тоқсан №15

Айы, күні___________________________________________________________________

Тақырыбы: Суреттеудегі шеберлік.

Мақсаты: 1. Образдарды суреттеудегі жыршы шеберлігін айқындау;

2. Көркем сөйлеуге, ойды анық жеткізе білуге дағдыландыру;

3. Ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;

II. Сабақтың түрі:Сын тұрғысынан ойлау сабағы.

  1. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау талдау, іздендіру.

  2. Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру-сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  2. Үй тапсырмасын сұрау; Тарғын монологын жатқа оқу.

  3. Жаңа сабақ: Тақтаға сын тұрғысынан ойлаудың ішкі құрылымы-үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі ілінеді.

Сын тұрғысынан ойлау: 1. Қызығушылықты ояту (ой қозғау, топтастыру, т.кестесі)

2. Мағынаны тану (мәтінмен жұмыс, түртіп алу)

3. Ой толғаныс (өзінен басқаға сын көзбен қарау, баға беру, түсініктеме, күнделігі, еркін жазу әдістері)

I. Кезең: Қызығушылықты ояту (ой қорғау)

1. Өткен сабақта Тарғынның образын жан-жақты талдадық, өздерің оның монологын оқыдыңдар. Қазір үш топқа («Алғырлар», «Білімділер», «Талаптылар») бөліне отырып, Ақжүніс пен Тарлан атты жырды жыршы қалай суреттегеніне тоқталамыз.

«Алғырлар» - Ақжүністі (42-бет), «Таланттылар»-Қожақты (45-бет) «Білімділер»- Тарғынды (47-бет) суреттеуді қағаз бетіне түсіріңдер.

2.Енді өз тобымызбен ақылдасып, жазғандарымызды талқылаймыз. Екі оқушы тақтаға шығып, Т.кестесін толтырады, яғни өз тобының жазғандарын толтырады.

Алғырлар

Таланттылар

Білімділер

-« Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де бетім көр,

Қар үстіне қан тамар

Қанды көр де бетім көр».

«Зергер барсаң қасында,

Алтыннан соққан түйме бар,

Түймені көр де басым көр».

-ақыл-парасат иесі.

-ойлы, тапқыр.

-адал жар, ақылшы серік.

-қайратты, адамгершілігі мол жан.

-батыр, ер,

-парасат иесі.

-көпті көрген танымал жан.

-адамгершілігі мол.

-алыстан болжайтын ақылды.

Тарлансыз Тарғын жоқ. «Бектер мінген бедеуге,

Сен тұрғанда бармадым».

«Қыран қиқу болғанда,

Қараңғы тұман толғанда,

Менің сенен еді дәрменім».

II. Мағынаны тану кезеңі.

«Алғырлар» -шендестіру(алм.)

«Таланттылар»- ұлғайту(әсірелеу)

«Білімділер»-параллелизм.

Жаңа ақпаратпен таныса отырып, тақырып бойынша жұмыс істейді. Әуелі Инсерт әдісі бойынша:

V-білемін

+ жаңа ақпарат

? маған түсініксіз белгілері арқылы түсінуге, өз ойын білдіруге тырысады:

III. Ой толғаныс кезеңі:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі».

Мәтін

Өз пікірім

«Тілекті бермес болар ма?

Сіз секілді асылдар».

«Аталы сөзге арсыз таласады»

«Ай, Қартқожақ, Қартқожақ!

Атыңның басын тарт Қожақ»

IV.Үй тапсырмасы: Ақжүністің Қартқожаққа айтқанын жаттау.

V.Сабақты қорыту: Оқушылар белсенділігін, шығармашылығын бағалау.

1-тоқсан №19

Айы, күні___________________________________________________________________

Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының маңызы, көркемдік ерекшелігі.

Мақсаты:1.Көшпелі қазақ тіршілігінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрып, салт-санасы, өмірге көзқарасын айқындай түсу;

2.Оқушылардың шығармашылық танымдық қабілетін шыңдау;

3. Халықтық дәстүрді өмірде жүзеге асыра білуге ықпал ету.

Сабақ түрі: Білімді бекіту.

Әдіс: Талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру;