- •VI. Жаңа сабақ. Тұрмыс – салт жырлары адамның үш кезеңін қамтиды. Яғни, нәрестенің туылуын, ер жетіп үйленуін, қартайып дүниеден өтуін.
- •Тұрмыс – салт жырлары
- •VII.Бекіту, қорыту.
- •VIII. Үй тапсырмасы:
- •IX. Оқушылардың білімін бағалау.
- •...Жайлау,қыстау жер үшін».
- •Үй тапсырмасын сұрау;
- •2.Үй тапсырмасын сұрау;
- •2. Үй тапсырмасын сұрау;
- •-Өнер таластырған саңлақ ақын қыздың, шешен ділмар жігіттің дарынды айтысының негізгі тақырыбы қандай? Түрі жағынан қандай айтыс?
- •Сара айтыста өзін неге теңейді?
- •Үй тапсырмасын сұрау
- •Үй тапсырмасын сұрау
- •Үй тапсырмасын сұрау.
- •2. Жаңа сабақ.
- •3. Кімнің портреті берілген?
- •1. Үй тапсырмасын сұрау:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №1
- •Семантикалық карта №2
- •Үй тапсырмасын сұрау (5-7)
- •II. Үй тапсырмасын сұрау.
2. Жаңа сабақ.
Қорқыт ата кітабы, жырлары туралы түсініктер беру
3. Кімнің портреті берілген?
А) Ол Білге қаған кезінде төбе би болған. Елінің тарихын, тағдырын жыр еткен, толғап айтқан жырау
Ә) Түркілердің оғыз тайпасынан шыққан асқан сәуегейі, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы?
Б) Ол ағасы Қапаған ханмен бірге әке ісін жалғастырушы, алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет соғысып, жауларының «елдігін әлсіретеді», «Қағандығын қансыратады».
4. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
Оқиға |
Оқушы жауабы |
Баланың Бұқаш атануы |
Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді. |
Баланың өліміне себепші кімдер? |
Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады. |
Бұқаштың қайта тірілуі |
Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады. |
Әкесінің тұтқынға түсуі |
Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады. |
Жырдың тақырыбы, идеясы |
Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету |
5
.
Шығармашылық жұмыс.
«Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы».
Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап
шығарған өлеңдерін оқуы.
6. Сабақты қорытындылау, бекіту.
Қызылорда қаласында Қорқыт атындағы университет бар.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қорқыт атамыздың ескерткіші бар. (тақтадан суретін көрсету).
7. Сабақты қорытындылап, оқушы білімін бағалау.
8. Үйге: Қорқыт ата кітабындағы шығармаларды оқып, мазмұнын баяндау. Сөзжұмбақтар құрастырып келу. Қорқыт туралы материалдар жинақтап келу.
2-тоқсан №6
Айы, күні_________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: «Оғыз-нама» жыры.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Оғыз-нама» жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
Дамытушылық: Жырдың мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Мағына мен идеяны ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу. Мейрімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүйуге, қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, ерлік батырлық туралы мақал-мәтелдер(семантикалық карта), т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.
Пәнаралық байланыс: тарих,географиямен байланыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
