Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус проф.стом каз 2013- 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
595 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама.

2.1. Кіріспе.

Студенттердің жалпы биология, жалпы клиникадан стоматология кафедраларынан, балалар аурулары кафедрасынан алған білімне сүйеніп, студенттерді балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алуына, диагностикалауға және емдеуге үйрету, университетті бітіргеннен соң баланың жалпы жағдайын ескере отырып тіс жақ жүйесінің аномалиясын және пародонт ауруларының алдын алуда жұмыстар жасау.

2.2 Пәннің мақсаты:

Жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматологтың басты тағайындауы кепілді стоматологиялық көмекті міндетті медициналық сақтандырумен (ҚР президентінің жарлығы «азаматтарды медициналық сақтандыру» 17 маусым 1995ж.). ҚР ДМ № 92 26 ақпан 1996 ж толық көлемді алдын алу және емдік стоматологиялық көмек (ортодонтиядан басқа)балалар мен жасөспірімдерге кепілді. Стоматологиялық аурулардың алдын алу дәрігер-стоматологты дайындауда басты орын алады.

2.3. Оқытудың тапсырмалары:

- оқу бағдарламасына сәйкес келетін теориялық және тәжірибелік;

- балаларды стоматологиялық қарап тексерудің әдістерін үйрену;

- тісжегімен ауырудың (таралуы, интенсивтілігі, тісжегінің өсуі), тісжегі үрдісінің белсенділігінің дәрежесінің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

- ауыз қуысы гигиенасына ұйымдарда үйрету, стандартты тіс тазалауды;

- тістемді анықтау, тіс жақ жүйесінің аномалиясына алып келетін факторларды анықтау;

- ауыз қуысы гигиенасына қажетті құралдарды таңдау;

- балалардың тістерін жұлу отасын жүргізу ерекшеліктерін оқып үйрену, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау;

- студенттерде стоматологиялық қабылдау кезінде этико-деонтологиялық нормаларды қалыптастыру;

- болашақ дәрігер –стоматологқа стоматологта балалардың диспансеризациясын ұйымдастыру жоспарын жүргізу, балалардың ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

- стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық құрылғылармен жұмыс істегенде өзін өзі қорғау техникасын білу;

- баланы қарап тексеру әдістерін жүргізуді үйрену;

- баланың медициналық картасында стоматологиялық статусты белгілей отырып ауыз қуысын қарап тексеру әдістерін жүргізуді үйрену;

- тісжегімен ауырудың негізгі көрсеткіштерін анықтау (таралуы, тісжегінің интенсивтілігі, интенсивтіліктің өсуі);

- жоғарғы және төменгі еріндердің, тілдің үзеңгілерінің орналасуын, ауыз қуысының кіреберісінің тереңдігі;

- РМА, ПИ, CPITN индекстерін қолдана отырып пародонт тіндерінің жағдайын тексеру әдістерін үйрену;

- тістемнің жағдайын анықтау, тісжақ ауытқуларын анықтайтын факторлар;

- окклюзиограмманы жүргізу әдістерін үйрену;

- ұйымдастырылған ұжымдарда гигиена сабағын жүргізу, стандартты тіс тазалау әдістерін үйрету, бақыланатын тіс тазалауды жүргізу;

- ауыз қуысының оптимальды гигиенаға арналған заттары;

- жүлгелерді герметизациялау әдістерін жүргізу;

- тістерді таңдап егеу әдісін үйрену;

- баланы қарап тексеру;

- профилактикалық картада стоматологиялық статусты белгілеу арқылы ауыз қуысын қарап тексеруді жүргізу;

- Федоров-Володкина, Грин-Вермиллион гигиеналық индекстерінің көмегімен ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтау.

2.5. Пререквизиттер (пәндер мен тәжірибелердің тізімі, білімінің, жұмысының және машықтарының мазмұны): қалыпты физиология, қалыпты анатомия, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Қалыпты физиология. Жұту, шайнау үрдістерінің физиологиялық механизмі, оларды бағыттау,оральды анализатордың ерекшелігі, ішкі секреция бездерінің балалардың тісжақ аппаратының қалыптасуына әсері. Шайнау аппаратының және ауыз қуысының тіндерінің патологиясы сілекейдің рөлі.

Қалыпты анатомия. Уақытша және тұрақты тістердің, ауыз қуысының ағзаларының, тіс формуласының, тістердің жарып шығуының, уақытша тістердің қалыптасуы мен сорылуының, тұрақты тістердің жарып шығуының, тұрақты тістердің түбірлерінің қалыптасуының әр түрлі жас кезеңдерінде жақтың құрылымының, ауыз қуысының ағзалары мен тіндерінің қанмен қамтамасыздануының және иннервациясының анатомиялық ерекшеліктері. Самай-төменгі жақ буыны, құрылымы, жас аспектісіндегі қызметі.

Патологиялық физиология, анатомия. Әр түрлі жас кезеңдерінде стоматологиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін оқып үйрену. Ауыру сезімі, балалар жасындағы психофизиологиялық ерекшеліктер, эмоционалдылық, тістерді емдеуге мотивациясы. Қабыну,Одонтогенді қабыну ауруларының даму ерекшелігі. Аллергия. Балалардың жақ-бет аймағының ісіктерінің өсуі мен дамуы. Қан ауруы.

2.5. Постреквизиттер (пәндер мен тәжірибелердің тізімі, білімінің, жұмысының және машықтарының мазмұны): хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, терапиялық стоматология.

Хирургиялық стоматология. Хирургиялық стоматологиялық аурулары бар науқасты қарап тексеру, жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандыруды жүргізудің техникасына үйрету. Қабыну ауыруларының клиникасы, диагностикасы және одонтогенді қабыну ауруларын емдеу принциптері. Жақ-бет аймағының жарақаттарының клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері.Жақ-бет аймағының ісіктерінің клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері. Жақ-бет аймағының пластикалық және реконструкциялық операцияларының принциптері.

Ортопедиялық стоматология. Ортодонтиялық аппараттардың әсер ету механизмі, басқару және дозалау күші. Балалардың екіншілік тісжақ деформацияларын алдын алу ретінде балалар мен жасөспірімдерге тіс протездерін тағайындаудың көрсеткіштері мен ерекшеліктері.

Терапиялық стоматология. Стоматологиялық науқасты қарап тексеру. Тісжегінің, тістердің тісжегі емес ақауларының, пародонт ауруларының және ауыз қуысының шырышты қабатының этиологиясы, патогенезі, нақтамасы, алдын алу және емдеу принциптері.