- •Мазмұны
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы түсінік...........................4
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық камтамасыз ету................................15
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету және өнімнің сәйкестігін растау бойынша жалпы түсінік
- •1.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (өмқ) басты мəселелері
- •1.2. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету
- •Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық құжаттарды (ғтқ) құру
- •Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібі
- •1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері
- •Метрологияға қойылатын талаптар
- •1.4 Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (мс) және метрологиялық өңдеу (мө)
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.1 Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.2. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.3. Кәсіпорынның өнім сапасын сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Метрологиялық қамтамасыз ету және өнімнің сәйкестігін растау бойынша жалпы түсінік
Метрология – ерте ғылымдардың бірі болып табылады да, және ол өлшемнің салыстырмалы талдау ғылымынан, қазіргі заман ғылыми-техникалық прогресстің сипаттайтын ғылымға дейін үлкен жол жүріп келді. Өлшемдер өте ерте пайда болды. Олар адамзаттың материалдық мәдениетті қайнар көзіне жатады. Олардың пайда болуы және дамуы өндіріс құралдарының дамуымен бірге жүреді, және материалдық ресурстардың сандық бағаларына және олардың түрлену процестеріне ие болу қажетін талап етті. Ертедегі уақытта адамдар біртекті объекттерді – малдардың басын, жауынгер санын және т.б. есептеумен өткізетін еді. Мұндай есеп өлшемнің шартты бірліктерін орнатуын және физикалық шамалар туралы түсініктерді енгізуді талап еткен жоқ. Есепті жүргізу үшін арнайы техникалық амалдарды пайдалануды және дайындауды қажет еткен жоқ. Қоғамның дамуы әр түрлі шамалардың – ара қашықтық, салмақ, өлшем, көлем және т.б. сандық бағаларына қажеттілікке алып келді. Бұл сандық бағаларды есепке түйістірді, ол үшін табиғаттық және антропологиялық бірліктер таңдап алынды. Мысалы: уақыт тәулікпен, жылмен өлшенеді, сызықтық өлшемдер – табан, шынтақ, ал қашықтық –қадаммен жолдағы тәулікпен. Орнатылған өлшемдер бірлігін қолдау үшін ертеде де эталондық (үлгілік) өлшемдер құрыла басталды. Оларға өте ұқыппен қарады: ертеде олар храмда, шіркеулерде, бағалы заттарды сақтайтын өте берік жерлерде сақталды. Түрлі себептерге байланысты шіркеулер татар-монғол қанау кезеңінде бұзылған жоқ. Өндірістің одан әрі даму процесінде арнайы құрылғылар құрылды –әр түрлі шамалардың сандық бағасына арналған өлшем амалдар. Осылай сағаттар, таразы, ұзындық өлшемдері және т.б. өлшеуіш құрылғылар пайда болды.
Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз ету дегеніміз – бұл стандарттарға сəйкес талап етілген өлшем бірліктері мен дəлдіктеріне қажет ережелер мен нормалардың, кешенді ғылыми жəне техникалық құрал-жабдықтардың жиынтығы. Өндірісті метрологиялық турғыда тиімді қамтамасыз етуде, стандарттаудың рөлі өте зор. Ол үшін Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесімен стандарттар өңделіп, «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. ӨМҚ стандарттаудың өнімді бақылау жəне сынақтан өткізу объектілерімен тығыз байланысты. Бұл объектілер үшін бақылауға алынатын метрологиялық параметрлері қатарын құру маңызды. Ол өлшенетін параметрлердің номенклатуралары мен өлшеу дəлдігінің оптималды нормаларынын құру, талап етілген өлшем дəлдігін жүзеге асыру тəсілдерін жасау. Жаппай, бір типті өлшеу тəсілдерін реттеудің қорытындысы стандарттау арқылы жүзеге асырылады.
Өлшеу үрдісі қажет өлшеу құралынсыз мүмкін емес (ӨҚ). Өлшеу құралының типін дұрыс таңдау, олардың пайдаланудағы күйін бақылау, уақытылы жəне объективті тексерістер қамтамасыз ету өте өзекті өндірістік мəселе. Өндірісті метрологиялықӨндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің негізгі ережелерін реттейтін Мемлекеттік стандарттау жүйелері болады.
ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ жалпы түсініктері – өлшеудің
талап етілген дəлдігіне жəне бірлігіне жету үшін қажет ережелер мен нормалар, техникалық құралдарды, ғылыми, ұйымдастырушылық негіздерді ендіру жəне құру. Өлшеу ақпараттарына келесі талаптар қойылады:
1. Өлшем нəтижелері заңдастырылған бірліктерде көрсетілу қажет. ӨМҚ-ның ғылыми негізі метрология. ӨМҚ ұйымдастырушысы – Мемлекеттік жəне ведомствалық ұжымдар. Ал техникалық ұйымдастырушысы – физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі, жүйе құру, өндіріске қою жəне шығару, өлшеу құралдарын сынау мен метрологиялық аттестациясы, өлшеу құралдарын мемлекеттік жəне ведомствалық тексеру.
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету - бұл өлшем бірлігіне және қажетті дәлдігіне жету жолындағы қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды белгілеу және қолдану. Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ғылыми негізі -метрология, яғни өлшеу, олардың бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар және қажетті дәлдікке жету жолындағы тәсілдер туралы ғылым
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің мақсаты - байланыстың сенімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету, энергетикалық ресурстар мен материалды құндылықтарды пайдалану тиімділігін жоғарлату, анықталған есепті қамтамасыз ету; сынау мен эксперимент жасау; тәжірибелі-конструкторлы жұмыстар мен ғылыми-зерттеулі жұмыстарды жоғарлату, бөлшектердің өзара алмасуын қамтамасыз ету, өндірстің басқару тиімділігі мен өнімнің сапасын жоғарлату болып табылады.
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің тағы бір мақсаты - процестер мен бұйымдар, материалдар, шикізаттарды бақылау мен өлшеу нәтижелері бойынша қателік шешімдерді қабылдауды мүмкіндігінше рационалды минимумға дейін төмендету болып табылады.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) келесі жиындардан тұрады: мемлекеттік метрологиялық органдардан және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін басқарулардан құрылады. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі функциялары:
· өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарының үйлесімділігі;
· бірлік шамаларының эталондарын құру, бекіту, сақтау және қолдануына қарай ережелерді бекіту;
өлшеу нәтижелеріне, әдістеріне және құралдарына жалпы метрологиялық талаптарды анықтау;
· мемлекеттік метрологиялық бақылау мен басқару,
· метрологиялық жұмыстарды жоспарлау және орындалуын ұйымдастыру;
ММҚ-ң құрамына мемлекеттік ғылыми-метролоигялық орталықтар және метрологиялық қызметтің ғылыми-зерттеу институты, стандарттау және метрология орталығы кіреді.
Ғылыми орталықтар мемлекеттік эталондарды ұсынып тұрады. Өлшеу теориясы бойынша зерттеулерді жүргізеді және дәл өлшейтін әдістерді және принциптерді тұрғызады, өлшеу жүйесін кеңейту мақсатында ғылыми әдістемелік негіздер жасайды.
Мемлекеттік эталондардың әртүрлі орталықтары физикалық шамалар бірлігі арқылы мамандандырылады (ұзындық және масса, магнит шамалары, қысым және заттардың қасиетттері).
Осы қызметтердің әрекеттерін ҚР-ң МЕМСТ-і бақылайды және олардың жұмыстарын реттеп отырады.
Метрологиялық қызметінің базасы. Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді басқарудың негізгі формасының бірі, дәл өлшеуді талап ететін және қамтамасыз ететін сапалы және толық орындалуы, ережелер мен нормаларды, принциптерді, жағдайларды тәртіпке белгілеу болып табылады.
