Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007 Дондаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

Қажетты қорғану

РФ ҚК 37-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе езге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Кодекстің осы бабының 2-бөлігіне орай "барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға мүмкіндігі бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе билік органдарының көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады". "Қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін қасақана әрекеттер қажетті қорғану шегінен шығу деп танылады" (РФ ҚК 37-бабының 3-бөлігі).[13. 26б].

Сөйтіп, РФ ҚК 37-бабына сәйкес, қажетті қорғануды қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушы адамға зиян келтіретін құқыққа сыйымды қорғаныс ретінде анықтауға болады.

Қылмыстық құқық теориясында (сот тәжірибесін ескере отырып) қажетті қорғанудың құқыққа сыйымдылық шарттарын жасап шығарды. Олардың қол сұғушылыққа да, сондай-ақ одан қорғануға да қатысы бар. Қол сұғушылық мынадай талаптарға жауап беруі қажет:

Бәрінен бұрын қол сұғушылық объективті түрде қоғамға қауіпті болуы керек. Қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке елеулі зиян келтіретін немесе келтіре алатын қол сұғушылық осы қатарға жатады. Оның үстіне қол сұғушылық қылмысты, яғни қылмыстық тұрғыда жазалауға жататын болуы шарт емес. Өздерінің формальды — заң жүзіндегі белгілері бойынша қылмыстық тұрғыда жазалауға жатпайтын қол сұғушылықтар да болады, бірақ олардың құқық қорғайтын мүдделерге айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Мәселен, адамның өміріне және денсаулығына есі дұрыс емес адам немесе жасы қылмыстық жауаптылық, арқаланатын жасқа жетпеген адам тарапынан жасалған қол сұғушылықты (қастық жасауды) алайық. Мұндай қол сұғушылықтардан да қажетті қорғануға жол беріледі. Егер мұндай жағдайларда адамгершілік тұрғысынан алғанда, өзінің қажетті қорғануға деген құқығын жүзеге асырушы өз құқығын іске асыру шектеріне ықтиятты болса, әлгіндей ахуалда барынша шамалы зиян тигізуге немесе таза қол сұғушылықтан жалтаруға тырысу үшін (өзге жағдайларда бұл қажет те емес) ұмтылса — онда басқа. Есі дұрыс емес адамның қастық жасауынан жалтару үшін бар шараларды қолданған адам (қашып кетеді, не көмекке шақырады) әрине, өз қылығымен адамгершілік тұрғысынан қолдауға жатады, өйткені ол бұл жағдайда аталған шараларды қорыққандықтан емес, имандылық тұрғысынан алғанда және ойланып барып жасайды.[11. 442б].

Күштеп немесе психикалық мәжбурлеу

РФ ҚК 40-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.[13. 27б].

Күштеп мәжбүрлеу жөніндегі мәселе іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жай ретінде қылмыстық жауаптылықты негіздеу туралы мәселемен тығыз байланысты. Алдында аталып өткендей, қылмыстық жауаптылықтың негізіне кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет емес, тек ерікті болып табылатын іс-әрекет жатқызылады. Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам езінің іс-қимылдарына ие бола алмай қалған жағдайда, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды да, мұндай жағдайларда жасалған іс-әрекет қылмысты болып табылмайды. Мәселен, мұражайда әлдекімді қағып кетіп және ол құлап бара жатып сондағы қымбат бағалы вазаны сындырып алса, оның бөтен мүлікті қасақана (РФ ҚК 167-6.) немесе абайсызда жою не оны бүлдіру (РФ ҚК 168-6.) құрамдары жоқ.[9. 193б].

РФ ҚК 41-бабының 2-бөлігі күштеп мәжбүрлеу нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін тиісті тұлғаның жауаптылығы жөніндегі мәселені шешеді. Мұндай жағдайда (күштеп мәжбүрлеу кезінде адам өз әрекеттерін билей алатын мүмкіндігін сақтаған болса) мәселе аса қажеттілік ережелеріне сай (РФ ҚК 39-6.) шешіледі. Егер психикалық мәжбүрлеу кезінде(немесе адам өз әоекеттеріне жауп бере алатындай мүмкіндігі сақтаған күштеп мәжбүрлеу тұсында) келтірілген зиян алды алынған зиянмен салытырғанда аздау болса, оның әрекеті қылмысты болып табылмайды. Мәселен: нотариус әлдекім табан астында өлімге душар етемін деп қорқытқандықтан заңсыз пәтер сатып алу құжаттарын куәландырады. Бұл жағдайда нотариустың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.[12.305б].