Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007 Дондаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Сонымен қорыта келе мына ескерте айтқанымыз жөн: жалпы, кейбір жағдайларда жасалған әрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкін, бірақ ол жоғарыда аталған белгілердің бірінен немесе төртеуінен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Яғни, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар дегеніміз — сырттай қылмысқа ұқсас әрекеттерді заңды әрекеттерге, тіпті кей жағдайларда қоғамға пайдалы әрекеттерге айналдыратын жағдайлар.

Осы курстық жұмысты жазу барысында іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ҚР ҚК бойынша жеті түрі бар екендігін пайымдадық: қажетті қорғану (ҚК-ң 32-бабы), қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (ҚК-ң 33-бабы), аса қажеттілік (ҚК-ң 34-бабы), жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (ҚК-ң 34-1-бабы), орынды тәуекел ету (ҚК-ң 35-бабы), күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу (ҚК-ң З6-бабы), бұйрықты немесе өкімді орындау (ҚК-ң 37-бабы).

Әрекеттің қылмыстылығын блдырмайтын мәң-жайлар –бұл тұлға тигізген зиян қылмыстыққа әкелетін қоғамдық қауіпті әрекет ретінде қарастырылмайтын өзіндік жағдайлар. Бұрынрақта аталып өткендей, әрекет егер онда құқыққа қарсылықтың, қоғамдық қауіптіліктің, кінәлілік пен жазаналушылықтың белгілері болса қылмысты әрекет деп танылады. Осы белгілердің кез келгенінің жоқ болыуының әрекеттегі қылмыстылықтың жоқтығын білдіреді.

Көптеген жағдайларда әрекет сырттай (формальды) түрде алғанда қылмысқа ұқсас болуы мүмкін, бірақ белгілі мән-жайларда жасалғанда ол қылмыстың бір ғана емес, барлық көрсетілген төрт белгісінен де ада болуы мүмкін және оған байланысты қылмыс болып табылмайды.

Қылмыстық құқық териясында әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың қылмыстық заңда көзделгендерінен өзге де мән-жайлар аталады. Мәселен: А.А. Пионтовскидің мұндай мән-жағдайларға жәбірленушінің келісімін, қоғамға пайдалы кәсіби міндеттерді жүзеге асыру, өз құқығын жүзеге асыру, заңды орындауды жатқызған. Оқу әдебиеттерінде, әдетте бұл мән-жайлардың әрекеттің қылмыстылғын жоққа шығаратын заң жүзіндегі табиғаты теріске шығарылады. Көбінесе бұл жағдай олардың қылмыстық заңдарымен емес, өзге заңдармен(конституциялық, әкімшілік, азаматтық және құқықтықтың басқа шамаларымен) белгіленетінімен негізделеді. Бірақ мәселе шын мәнінде күрделірек блып келеді.

Сонымен бірге, қылмыстық құқықта әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын басқа бірқатар жағдайлар белгілі: жәбірленушінің келісімі, өз құқығын жүзеге асыру, кәсіби міндеттерін орындау.

Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетілген жағдайлар әрекеттің қоғамға қауіптілік элементін жойып оған әлеуметтік пайдалы сипатты береді. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлардың мәнін белгілі бір зиян келтіретін әрекетпен қатар жүретін өзіндік шарттар ретінде ашып көрсетуге дәлірек болады.

Кейде жоғарыда аталған жағдайлардың біреулері әрекеттің нақты қоғамдық, ал қалғандары- құқыққа қарсылығын жоққа шығаратындығы көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11). Алматы

Арнайы әдебиеттер

3. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

4. Авторлар тобы.: Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 1999

6. Алауханов Е. Жаза. 1. Жаза және оның мақсаты. 2. Жазалар жүйесі және олардың түрі // Заң, 19

7. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Дәрістер баяны И.Ш. Борчашвилидің жалпы редакциясымен. – Алсата,. 2006.

8. Жүнісов Б.Ж. Қазақстан республикасы қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) – Қарағанды, 2000.

9. Баулин Ю.В. Обстоятельства, исключающие преступность деяния. –Харьков,1991.

10. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций М.,1996.

11. Комментарий к уголовному кодексу Российской Федерации (под редакцией А.В. Наумова). М.,1996.

12. Комментарий к Угловному кодексу РК (под редакцией И.Ш. Борчашвили и Г.К. Рахимжанова). Караганда.,1999.

13. Угаловный Кодекс Российской Федерации (УК РФ),от 13.06.1996 N 63-ФЗ, (принят ГД ФС РФ 24.05.1996).