- •Алматы, 2013
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.7. Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер
- •1.8. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны мекен-жайы:
- •2.Бағдарлама
- •2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.5. Пәннің реквизитіне дейін және реквизитінен кейін
- •2.6.Пәннің қысқаша мазмұны.
- •2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •III семестр
- •2.8. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тапсырмалары
- •2.9. Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •2.10. Оқыту және сабақ беру әдістері
- •2.11. Студенттердің білімдерін бағалаудың критерийлері және ережелері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Биологиялық химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Емтиханның іі сатысының – тәжірибелік дағдыларды қабылдаудың бағаларының критериі
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырғандағы балдық-рейтингтікжүйесі
2.11. Студенттердің білімдерін бағалаудың критерийлері және ережелері
Ағымдық бақылау: студенттердің тәжірибелік сабақтар барысында және СӨЖ қорғау кезіндегі алған бағаларынан құралады, олар әр сабаққа максимальды 100 %, әр СӨЖ -ге максимальды 100%, жиыны максимальды балл -60. Тәжірибелік сабақта студент ауызша және жазбаша бақылауға, жағдайлық есептерді шешуге, жаттығулар мен тесттік тапсырмаларды орындауға белсенді түрде қатысуы тиіс. ОСӨЖ кезінде жақсы немесе үздік жауап берген студенттерге қосымша баллдар 5 немесе 10 ағымдық бақылауға қосылады. Күзгі семестрде сәйкес тәжірибелік сабақтар болмағандықтан және студенттердің белсендігін арттыру үшін №11-№14 ОСӨЖ кезінде «Білім» құзырлылығы бағаланады. №11,14,15 ОСӨЖ кезінде сонымен бірге тәжірибелік дағдылар, №12 ОСӨЖ кезінде коммуникативтік құзырлылық бағаланады.
Биологиялық химиядан студенттердің білімін бағалау критерийлері
А 100% - Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланып, барлық сұраққа дұрыс және толық жауап бергенде.
А 95% Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.
А-90% Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа сәйкес келгенде, теориялық материалды дұрыс таңдап алынған мысалдармен бекіте алғанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда. Формула жазғанда 1-2 болмашы қате жіберуге рұқсат етіледі.
В+ 85% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 2-3 болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына берген жауабында болмашы қате болғанда, формула жазғанда 2-3 болмашы қате жібергенімен, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.
В 80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 3-4 болмашы қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, қисынды ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермесе де, негізгі түсініктерді келтіріп, формула жазғанда 3-4 болмашы қате жібергенімен, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда.
В -75% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Тапсырмаларды орындау барысында 1-2 болмашы қате жібергенде. Зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, жұмыс хаттамаларын жазып, жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасай білгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда, формула жазғанда 4-5 болмашы қате жібергенде.
С+70% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білім тереңдігі таяз, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және ары қарай бағдарламалық материалды меңгеруге қажет дағдыны білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындағанда, оның 80%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігінде (50-60%) қате жібергенде.
С 65% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге қажет білімі жететін болса. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 70%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігі қатемен жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.
С-60% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 50%-ға жуығы ғана дұрыс орындалса. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулалар мен реакциялар қате жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.
D+55% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 25%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулаларды жаза алмағанда, реакци теңдеуін жазуға деген талпыну болғанда.
D 50% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 10%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың ең болмағанда 1 сұрағына толық жауап бермегенде.
F 45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Үйде тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) жасамағанда. Сабақта бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде, бірақ тақырып бойынша конспект жасаған.
F 40%Студент сабақта болды.Оқу материалының білмейді, түсінбейді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Үйде тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) жасамағанда. Сабақта бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде, тақырып бойынша конспект жасамаған.
