- •Мазмұны
- •1.1 Сурет– Коммутация элементінің стандартты моделі
- •Виртуалды локалды желінің жіктелуі
- •7.1 Сурет - порт негізіндегі vlan
- •10.4 Сурет - Коммутатор authenticator
- •Трафикті сегментациялау
- •10.1 Сурет - Traffic Segmentation функциясын қолдану
- •Ieee 802.1х хаттамасы
- •10.2 Сурет - Аутентификация сервері (radius)
- •10.3 Сурет - аутентификация сервері
- •12.3 Сурет - ip-телефониядағы жалғастыруды орнату және ажырату
- •13.1 Сурет - ngn - келешек ұрпақтың торабы
- •Әдебиеттер тізімі
1.1 Сурет– Коммутация элементінің стандартты моделі
IC – input controller – кіріс бақылушы
OC – output controller – шығыс бақылаушы
№ 2 дәріс. Дестелі коммутация жүйесінің принципі
Мазмұны:
- дестелі кеңжолақты желі негіздері: виртуалды VCI каналы және VPI виртуалды жолдар;
- маршрут режимдері: бір бағытты режим, көпарналы режим, кеңтаратушы режим. Дестелі коммутация жүйесінің құрылымы.
Мақсаты:
- кеңжолақты дестелі коммутация негіздерін оқып үйрену;
- маршруттау режимдерін оқып үйрену.
АТМ коммутаторларының шығысында конфликтер пайда болу салдарынан АТМ дестелерін буферлеу мүмкіндігі туады. АТМ желісінде виртуалды канал (VC) мен виртуалды жолдар (VP) маршрут объектілері аралығында виртуалды жалғастыру болып анықталады.
Екі соңғы тұтынушы аралығындағы логикалық байланыс бірнеше виртуалды байланыс арқылы орындалады. Егер n коммутация түйіндері коммутацияланатын болса, онда виртуалды жол виртуалды канал байланысы болып табылады. Өйткені виртуалды жалғастыру АТМ ұяшық тақырыбында VPI/VCI (виртуалды жол идентификаторы/ виртуалды канал идентификаторы) иерархиялық кілті арқылы белгіленеді, ал коммутация схемасы толық VC коммутациясын немесе VP коммутациясын қолдануы мүмкін.
Бірінші жағдайда толық АТМ коммутаторына сәйкес келеді, ал екінші жағдай қысқартылған коммутация түйініне сәйкес келеді. Сондықтан VP/VC коммутаторы қайтадан әрбір коммутацияланатын виртуалды ұяшыққа VP коммутаторында VPI қайтадан берілетінін ескере отырып жаңа VPI/VCI белгілейді. Ол 2.1 – суретте көрсетілген. [5,6]
2.1 Сурет – Виртуалды десте және виртуалды канал коммутаторы
АТМ коммутациясының мысалы 2.2- суретте көрсетілген.
VPI/VCI иденфикаторлы А және C ұяшықтары АТМ бірінші түйінінің кіріс портына беріледі. Онда олар жаңа F және E белгіленіп, сәйкес c және f шығыс жалғауына жіберіледі.
Бірінші F-пен белгіленген десте J коммутаторына беріледі. Онда ол басқа В-ға ауысып «с» жалғауы арқылы желіге жіберіледі. Соңғы десте К коммутаторына жіберіледі. Онда оған жаңа VPI/VCI «А» және коммутатордың шығыс адресі беріледі. Әрбір жеке ұяшықтың виртуалды жалғасуында IPC шығыс жалғау адрестерін өзіне жазып отырады. Бұл өзіндік маршруттау адресін ұяшық түйіннен шыға бере OPC алып тастайды.
2.2 Сурет – АТМ коммутаторының жұмысы
Коммутатор кідіріссіз түскен барлық дестелерді талап етілген шығыс арналарына дестелерді жоғалтпай реттілігін сақтай отырып беріп отырады. Сонымен қатар екі функцияны орындайды. Біріншісі, көпадресті беру, екіншісі – приоритетті қызмет ету мүмкіндігі.
№ 3 дәріс. Дестелі коммутация негіздері
Мазмұны:
- коммутация принципі;
- дестелі коммутаторлардың жіктелуі.
Мақсаты:
- коммутатор құрылымын оқып-үйрену;
- комутатор түрлерін оқып-үйрену.
АТМ коммутаторы үш түрге бөлінеді:
- коллективті жадылы коммутатор;
- ортақ аймақты коммутатор;
- кеңістікте бөлінген коммутатор.
Коллективті жадылы коммутаторға қойылатын талаптар:
- процессордан түсетін пакетті қандай тізімге қою керек екенін және басқару сигналдарын өңдеу үшін керек. Сондықтан орталық бақылаушы болады. Ол әрбір цикл уақыт ішінде Nкіріс пакетін тізбектей өңдейді және беру үшін N пакетті таңдайды;
- коллективті жадыға көңіл бөлу қажет. Өйткені бір мезгілде барлық кіріс және шығыс трафиктерге қызмет етуде есептеу, жазу жылдамдықтары жоғары болуы қажет.
3.1 Сурет - коллективті жадылы коммутатор
ІС - кіріс бақылаушы
ОС - шығыс бақылаушы
Егер порт саны N болса, ал оның жолдары V болса, онда есептеу жазу жылдамдықтары 2NV болады.
Мысалы, N=32; V=150 Мбит/с; v=9,6 Гбит/с
Сонымен, коллективті жадылы коммутаторға талап етілген жады көлемі ғана емес әртүрлі шығыс тізбектерінде жадылы коллективті әдісі қолданылады.
Коллективті жадылы коммутаторды қолданғанда жады көлемі шағымдалады.
3.2 Сурет - Ортақ аймақты коммутатор
Ортақ аймақты коммутаторда кіріс арнасынан түскен барлық пакеттер жоғарғы жылдамдықпен берілуде синхронды мультиплексор арқылы орындалады (уақыт бойынша бөлінген ортақ шина немесе шеңбер арқылы). Егер ортақ аймақта коммутаторға паралеллельді шина қолданылса, онда оның өткізу жылдамдығы бір кіріс арнаның бөліну жылдамдығына қарағанда N есе болады. Ал әрбір шығыс арна шинаға «бірінші келіп, бірінші болып шығу» принципі бойынша ұйымдастырылады. Олар шығыс буфер мен адрестік сүзгіден тұратын интерфейс арқылы жалғанады. Мұндай интерфейстер шина арқылы берілетін пакеттерді қабылдай алады. Әрбір интерфейстегі адрестік сүзгі виртуалды жол немесе виртуалды арна мәніне байланысты шығыс буферге ұяшықты жазу немесе жазбау керек екенін анықтайды. Сонымен ортақ аймақты коммутатор түсетін барлық пакеттерді мультиплекстейді және кері процесс - демультиплекстейді. Бұл коммутатордың жадылы коммутатордан айырмашылығы «бірінші келіп, бірінші болып шығу» принципі бойынша жадыны толық бөлу арқылы қолданылады. Мұндай коммутаторға NEC фирмасының АТМ коммутаторы жатады.
Кеңістікте бөлінген коммутатор
Бұл коммутатор кірістен шығысқа дейін бірнеше жалғастыруларды ұйымдастырады. Олардың беру жылдамдығы өткізу қабілеттілігі шектелген бір арнаның беру жылдамдығына тең. Оның бір айырмашылығы ішкі блокировканың болуында.
Кеңістікте бөлінген коммутатор үш топқа бөлінеді:
- матрицалық;
- баньяндық (тармақталған);
- жеке жалғастырушы.
Коммутатордың әрбір кірісі тармақталған, яғни демультиплексор қолданылады, ол пакеттерді N түрлі буферге бағыттайды (әрбір шығыс портқа бір буфер), ал әрбір шығыс желі мультиплексорға қосылады. Ол барлық N буферді шығыс желіге жалғайды. Сонымен, кеңістікте бөлінген коммутатор N тармақты N концентраторлы және N2 буферлі болады. Осы бөлінген үш түрдің ішінде көбіне матрицалық кеңістікте бөлінген коммутатор қолданылады.
Бұл коммутаторда N кең жолақты шинаға көптеген кіріс сигналын қосуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, N шығыс шинасымен N2 матрицасының есте сақтау қондырғысы бар матрицалық буферде қолданылады. Бұл коммутотордың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі накаутты коммутатор.
3.3 Сурет - шиналы құрылымды коммутатор
Накаутты коммутаторда әрбір кіріс арна өзінің пакеттерін кең жолақты шинаға береді. Ал кең жолақты шина шығыс арнадағы шығыс интерфейске жалғанады. Әрбір шығыс интерфейс N адрестік сүзгіден тұрады. Мұндай параллельді қосылған сүзгі бір уақыт интервалында N пакетті қабылдай алады. Яғни, кіріс жолақсыз N*V тең сүзгінің шығысы L концентраторға қосылады. Егер бір және сол шығыс арнасына N пакет қосылса, онда буферге L пакетті ғана жазады, ал қалған пакеттер жойылады. Яғни оны накаутты коммутатор деп атайды.
Накаутты коммутатор шығыс интерфейсі
Шығыс интерфейс негізгі үш бөліктен тұрады: адрестік сүзгі концентратор және бөлінген аймақты буфер. Адрестік сүзгіде әрбір ұяшықтың адресі көрсетіледі, соның ішінде тек концентраторға шығысы бар ұяшық адресі қосылады, ал қалғандары блокировкаланады. Концентратор шығысында тиісті ұяшық бөлінген аймақты буфердің жылжымалы цилиндрі арқылы буферге жалғанады. Буфер толық ұяшықтың бөлінуін қамтамасыз етіп, тек 1L шығысын сол L шығысымен жалғастырады.
№4 дәріс. Координатты және матрицалы коммутатор.
Мазмұны:
- координатты және матрицалы коммутаторларға жалпы түсінік;
- матрицалы коммутатордың қиылысу нүктесін буферлеу.
Мақсаты:
- координатты және матрицалы коммутатордың құрылу принципін оқып-үйрену;
- коммутатор құрылымын оқып-үйрену.
Матрицалы коммутация құрылымы
Ішкі блокировкаланбайтын коммутация құрылымы 4.1- суретте көрсетілгендей өзара байланысты орнату үшін тік бұрышты қиылысқан матрица түрде болуы мүмкін. Осымен бірге бір мезгілде кез-келген бос жұп кіріс-шығыстың байланыс мүмкіндігі болады. Кіріс пен шығыстың қиылысу байланысы ұяшық ақпаратына тәуелді болады.
Буферлер коммутация құрылымының ішінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін:
кіріс бақылаушысында;
шығыс бақылаушысында;
матрица түйіндерінде.
4.1 Сурет – матрицалы коммутация құрылымы
IC – кіріс бақылаушы
ОС – шығыс бақылаушы
Кіріс буферлі матрицалы коммутатор
4.2 – суретте көрсетілген матрицалы коммутация құрылымында жеке буферлер кіріс бақылаушыда орналасқан. FIFО (first-in first-out) буферін қолданғанда конкуренция екі немесе бірнеше ұяшықтардың бір мезгілде бір шығысқа бағытталуынан пайда болады [3,8]. Мұндай жағдайда блокировка тізбектің басында болады. Бұл жағдайда блокировканы тудырмас үшін FIFО буферін еркін таңдаудағы (RAM) есте сақтау қондырғысына орналастыру қажет. Егер бірінші ұяшық блокировкаланып қалса, онда беру үшін берілетін порты бос болатын келесі ұяшық таңдалады.
4.2 Сурет – кіріс буферлі матрицалы коммутатор
Шығыс буферлі матрицалы коммутатор
4.3- суретте шығыс буферлі матрицалы коммутатор көрсетілген [8,9]. Егер матрица кіріс желісі сияқты жылдамдықта орындалса, онда конфликт пайда болуы мүмкін, яғни бірнеше ұяшық бір мезгілде бір шығысқа бағытталады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін буфер уақытының мүмкіндігін төмендету мен матрицалы коммутатордың жылдамдығын ұлғайту қажет.
Шығыс буферлі коммутация элементі блокировкаланбайды, егер матрицалы коммутатордың шапшаңдығы b тең болса, яғни b ұяшық бір мезгілде бір шығысқа ұмтылады (b х b).
4.3 Сурет – шығыс буферлі матрицалы коммутатор
Матрицалы коммутатор қиылысындағы буфер
4.4 - суретте матрицалы комутатор қиылысындағы буфер көрсетілген [8]. Мұндай коммутация элементі «Бабочка» (butterfly) деп аталады. Бұл схема бір шығысқа бағытталған ұяшықтардың соқтығысын ескертеді. Бір және сол шығысқа арналған ұяшықтар орналасқан буфер осы немесе басқа жүйеде бірінші болып орындалады.
Мұндай коммутатордың кемшілігі, буфер әрбір қиылысу нүктесінде орналасу қажет, сондықтан оны бөлуге болмайды.
4.4 Сурет – матрицалы коммутатордың қиылысуындағы буфер
№ 5 дәріс. Автоматты блокировкаланатын коммутатор («Баньян» коммутаторы).
Мазмұны:
- «Баньян» коммутаторы туралы жалпы түсінік;
- өзіндік маршрутты алгоритм.
Мақсаты:
- «Баньян» коммутаторының құрылымын оқып-үйрену;
- өзіндік маршрутты алгоритмді оқып-үйрену.
Баньян желісінің негізгі айырмашылығы – кез-келген кіріс кез-келген шығысқа шыға алуында [8].
а
)
араласқан (Омега) желісі;
b) реверсті араласқан желі;
c) сезімталдықты Баньян желісі;
d) қарапайым желі.
5.1 Сурет – Баньян түріне жататын төрт түрлі желі құрылымы
Бұл желілердің негізгі қасиеттері:
бұлар n=log2N және N/2 түйіннен тұрады;
олардың өзін ретке келтіретін қасиеті бар – n-битті адрес әрбір деңгейге 1 биттен болатын кез-келген кірістен кез-келген шығысқа ұяшықтарды бере алады;
олардың өзара байланысатын схемасы VLSI (VLSI - өте жоғарғы дәрежелі интеграция) қолдану үшін арналған.
5.2- суретте 8х8 Баньян желісінің схемалары көрсетілген. Онда қалың сызықпен жүру жолы көрсетілген. Оң жағында әрбір шығыс сигналының адресі n-битті,b1…bn қатары келтірілген. Сигнал ұяшығының адресі ұяшық тақырыбында кодталған. Бірінші деңгейде b1 биті тексеріледі. Егер ол нөлге тең болса, онда ұяшық жоғарғы шығыс деңгейге жылжиды; ал егер ол 1-ге тең болса, онда ұяшық төменгі деңгейге жіберіледі. Келесі деңгейде бит b2,тексеріледі. Мұнда да дәл солай орындалады.
5.2 Сурет – 8х8 Баньян желісі
Желі деңгейінде конфликт болған жағдайда ұяшықтың жоғалуынан ішкі блокировка пайда болады. 5.3 – суретте 8х8 Баньян желісінің ішкі блокировкасы көрсетілген.
Егер келесі шарттар орындалса, онда Баньян желісінде блокировка болмайды:
кез-келген екі активті кірістердің аралығында бос кіріс сигналы болмауы қажет;
ұяшықтың шығыс адрестері тура немесе кері бағытта болуы керек.
5.3 Сурет – 8х8 Баньян желісіндегі блокировка
5.4-суретті қарастырайық. Баньян желісі шығыс мәндерді ескере отырып, ұяшыққа түскен мәндерді реттеп отырады. Алынған мәндер құрылымы блокировкаланбайтын реттеуші Баньян желісі деп аталады.
а) кіріс сигналдары блокировкаланбайтын Баньян желісі;
b) реттеуші Баньян желісі.
5.4 Сурет – блокировкаланбайтын және реттеуші Баньян желісі
Кеңжолақты Баньян желісі. Жалпы өзіндік маршрутты таңдайтын алгоритм
Кеңжолақты Баньян желісі – бұл ұяшықтарды көшіру арқылы орындайтын коммутацияның түйін желісі. Әрбір түйінге түскен ұяшық шығыс каналдарының біріне немесе екі шығыс каналының біріне көшіріліп беріледі. Үш нұсқа орындалады log23 = 1.585, яғни ақпарат тақырыбының min көлемі әрбір түйінде екі битке тең.
5.5 – суретте еркін мәнді N-битті адрестке арналған бір- битті өзіндік маршрутттың жалпы алгоритмі көрсетілген. Ұяшықтар k-каскадты түйінге келгенде ұяшықтардың маршруты барлық адрестердің k битті тақырыптарымен анықталады. Егер олар нөлге немесе бірге тең болса, онда ұяшықтар сол мәнге сәйкес нөлдік немесе бірлік шығыстарға жіберіледі. Басқа жағдайда ұяшықтар көшірмесі екі шығысқа да жіберіледі. Сонымен қатар бұл ұяшықтардың көшірмесінің тақырыптарындағы адрес те өзгереді.
5.5 Сурет – өзіндік маршрутты алгоритм
5.6- суретте өзіндік маршрутты алгоритмді орындайтын енгізу-шығару тармақтары көрсетілген.
5.6 Сурет– өзіндік маршрутты алгоритмді орындайтын енгізу-шығару тармақтары.
Өзіндік маршрутты алгоритмін орындауда келесі қиындықтар пайда болуы мүмкін:
ұяшық тақырыптары өзгеріп тұратын адрестерден тұрады, сондықтан коммутация түйіндерінде олардың барлығын есептеуге тура келеді;
ұяшық тақырыптарын модификациялау кезінде барлық адрестер жиынтығы есепке алынады, сондықтан коммутация түйіндерінің жұмысы қиындайды;
барлық енгізу-шығару каналдарының сұлбасы желіде тармақтардың пайда болуын тудырады.
Кіріс ұяшықтарының еркін қатарынан тұратын тармақтар каналға байланысты болады. Сонымен ұяшық тақырыптарындағы абсолюттік адрестердің тұрақсыздық салдарынан жүйеде блокировка пайда болады.
№ 6 дәріс. Локалды желі D-Linк коммутаторлары
Мазмұны:
- коммутациялау технологиясы: екінші деңгейлі коммутация; коммутация түрлері;
- коммутаторлардың түрлері: коммутаторлардың таралуы; басқару мүмкіндіктері бойынша коммутаторлардың жіктелуі.
Мақсаты:
- коммутация технологиясын оқып-үйрену;
- коммутаторлардың таралуын оқып-үйрену.
Желі кабельді немесе сымсыз жалғастырғыш желі қондырғыларынан тұрады: маршрутизатор, коммутатор немесе концентратордан. Бұл барлық қондырғылар бір компьютердегі мәліметтерді басқа бір желіде орналасқан екінші басқа компьютерге жібере алады.
Коммутаторлар – желінің негізгі фундаменті. Ол микросегментацияны қолдана отырып, желіде орналасқан көптеген тұтынушыларға ақпарат бере алады. Микросегментация бір сегментте орналасқан бір жұмыс станциясынан тұратын жеке меншік немесе бөлінген сегментті құрайды (коммутатор портына сегмент емес, оның жұмыс станциясы қосылады). Әрбір жұмыс станциясы барлық өткізу жолағына қатысу мүмкіндігіне ие бола алады.
Желіде әртүрлі коммутаторлар қолданылады. Компанияның әрбір ішкі желісінде бөлінген жалғастыруларды орындайтын коммутаторларды локалды желі коммутаторлары (LAN Switches) деп атайды.
LAN коммутаторларының артықшылықтары:
- локалды желінің тиімділігі жоғарылайды, яғни кабель мен желі адаптерлері қажет емес;
- желіні жеке логикалық сегменттерге бөледі (бір сегменттің трафигін екінші басқа сегмент трафигінен);
- желі аралығындағы экран (брандмауэр) қызметін орындай алады, яғни кейбір желі аралығындағы қателіктерді өткізбейді;
- қашықтықтағы станцияларды қосу арқылы желінің көлемін ұлғайта алады;
- әртүрлі өткізу жолағы бар локалды желіні жалғастыра алады. Мысалы: 10-мегабитті және 100-мегабитті Ethernet локалды желісін коммутатор арқылы жалғауға болады;
- буферсіз дестелі коммутацияны қолдайды (без буферизации пакетов «cut-through switching»), яғни желідегі кідіруді азайтады.
Концентраторға қосылған барлық түйіндер барлық өткізу жолағын өзара бөледі. Ал коммутаторлар әрбір түйінге жеке жиілік жолағын бөледі (егер ол тікелей коммутатор портына қосылса).
Мысалы: концентраторға қосылған 10 қондырғы 10 Мбит/секундты бөледі, яғни кейбір қондырғылар мәліметтерді бермесе де олардың әрқайсысысының өткізу қабілеттілігі 1 Мбит/с тең болады (10/N Мбит/с, N-жұмыс станциялар саны). Ал коммутаторға қосылған 10 қондырғы жеке 10 Мбит/с жылдамдықты өткізу жолағын бөле алады.
Коммутациялау технологиясы
Коммутаторлар көбіне OSI моделіндегі арналық деңгейде жұмыс істейді. Олар кіріс кадрларына талдау жасайды, олардың МАС-адрестері бойынша берілуіне шешім қабылдайды және бағыты бойынша кадрларды береді. Коммутаторлар екінші деңгей функциясын орындағандықтан, OSI моделінің жоғарғы деңгейлеріне талдау жасамайды.
2-ші деңгейлі коммутация – аппаратты. Коммутаторлардың кадрларды беруі мамандандырылған арнайы бақылаушымен Application-Specific Integrated Circuits (ASIC) анықталады, бұл технология аз кідірісті гигабитті жылдамдықты қолдайтын коммутаторларға арналған.
2-ші деңгейлі коммутаторлардың қолданудың екі себебі бар - желіні сегменттеу және жұмысшы топтарын (желідегі компьютерлерді) біріктіру. Күрделі желіні бірнеше локалды сегментке бөлу желінің өнімділігін арттырады. Сонымен қатар желінің иілгіш құрылымы желіні басқаруды жеңілдетеді.
3-ші деңгейлі коммутация – бұл аппараттық маршруттау. Мұнда десте (пакетті) ASICs бақылаушысымен өңделеді. 2-ші деңгейлі коммутатордан айырмашылығы МАС- адрестері негізінде емес, желі деңгейіндегі ақпараттарды қабылдауында. Негізгі мақсаты 2-ші деңгейлі коммутация жылдамдығын қабылдау және масштабтау кеңділігін алу. Бұл деңгейдегі коммутатордың қызметі маршрутизатор қызметі сияқты:
- пакеттің берілу орны бойынша байланыс жолын анықтау;
- 3-ші деңгейдің тақырыбының дұрыстығын анықтау;
- пакеттің берілу уақытын анықтау;
- кез-келген қосымша ақпараттарды қабылдап, өңдейді;
- басқару базасындағы ақпараттардың статикалық мәліметтерін жаңартады (Management Information Base -MIB);
- қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етеді (керек жағдайда);
- қажет қызметтерді ұсынады.
Маршрутизатор мен 3- ші деңгейлі коммутатордың айырмашылығы, ол аппаратты тарату қызметі. Маршрутизатор коммутация пакеттерін жалпы бағдарламамен қамтамасыз ету арқылы орындалса, 3-ші деңгейлі коммутаторда локалды желіні қолдану арқылы пакеттерді жылдам береді, әрі маршрутизаторға қарағанда арзан.
3-ші деңгейлі коммутаторларға D-Link қондырғысының DES-3326S және DES-3326SR, DES-3350SR коммутаторларын жатқызуға болады.
4-ші деңгейлі коммутация желі деңгейінің аппаратты маршруттауына негізделеді. Ол басқару ақпараттарына жауап береді. Пакет тақырыбы: желі деңгейінің адресін, 3-ші деңгейлі хаттаманың түрін, (TTL) орындалу уақыты мен бақылау қорытындысынан тұрады. Сонымен қатар пакет жоғарғы деңгей хаттамалары туралы ақпараттар хаттама түрі мен порт нөмірінен тұрады.
4-ші деңгейлі коммутация – МАС және IP адрестерінен басқа, порт нөмірі арқылы пакеттерді беру туралы шешім қабылдайды.
Маршрутизаторлар транспортты деңгей арқылы трафикті басқара алады. Оның негізгі әдісі- кеңейтілген қатынас тізімдерін құру (extended access lists).
Коммутаторлар 4-ші деңгей функциясын орындауда TCP өрісі мен UDP ішкі тақырыптарды оқып, пакетте ақпараттың қандай түрі берілетінін анықтайды. Желі администраторы осы мәліметтерге қарап бағдарламаны өзерту арқылы трафикті өңдеп, жібереді. Бұл функция тұтынушы үшін қызмет сапасын анықтайды. Осы қызмет сапасы арқылы 4-ші деңгейлі коммутация трафикті бөледі. Егер конфенренц байланысы болса, онда FTP пакеті немесе пошта хабарына қарағанда өткізу жолағы үлкен болады.
4-ші деңгейлі коммутацияны орындайтын коммутаторлар коммутацияның үлкен кесте сандарын сақтау мен анықтау мүмкіндіктері бар (егер коммутатор корпоративті желінің ішінде болса).
Басқарылатын және басқарылмайтын коммутаторлар
Коммутаторлар басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді:
Басқарылатын коммутаторлар – басқарылатын Web-интерфейс, (интерфейс командной строки -CLI), Telnet, SNMP (Simple Network Management Protocol), TFTP (Trivial File Transfer Protocol ) қолдайтын бірнеше функцияларды орындай алады. Мысалы D-Link коммутаторлары: DES-3226, DES-3226S, DES-3250TG, DES-6300, DGS-3212SR, DGS-3224SR және т.б.
Басқарылмайтын коммутаторлар – басқару және реттеу функцияларын орындамайды. Мысалы D-Link DxS-10xx сериялы коммутаторы.
Реттелетін (настраиваемые) коммутаторлар - осылардың аралығында болады. Бұл коммутаторлар нақты бір параметрлерді ғана реттейді, бірақ SNMP басқаруды қолдамайды. Мысалы: DES-1218R/26R коммутаторлары.
Қазіргі кезде көбіне Web интерфейстерін қолдайтын коммутаторлар қолданылады: Мысалы Web-браузермен қамтамасыз етілген компьютерлер.
Сонымен қатар коммутаторлардың бағдарламамен қамтамасыз етілуін жаңартып тұруға болады. Бұл қондырғылардың ұзақ мерзімге қызмет етуіне мүмкіндік береді. Өйткені жаңа версия қабылданса, онда ескі версияның орнына жаңасын орнатады.
№ 7 дәріс. Виртуалды локалды желі VLAN
Мазмұны:
- VLAN түрлері; кадрларды таңбалау;
- магистралды байланыс технологиясы; VLAN конфигурациялау.
Мақсаты:
- магистралды байланыс желі технологияларын оқып-үйрену;
- VLAN конфигурациясын оқып-үйрену.
Virtual Local Area Network (VLAN) Виртуалды локалды желі – технологиясы көптеген коммутаторлардың жұмысын өзгертті. Қазір Ethernet желісінде бұл технология өте үлкен орын алады. Виртуалды локалды желі бір коммутаторда орналасқан тұтынушыларды бірнеше топтарға бөледі. Топтарға жеке МАС адрестері немесе коммутатор порттары беріледі. Бір топтың ішіндегі тұтынушылар трафигі шектеусіз коммутацияланады.
