Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция СПиГК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Трафикті сегментациялау

Трафикті сегментациялау екінші деңгейдегі домендерді шектеу үшін қызмет етеді. Бұл

функция порттардың бір-бірін көрмеу, реттеу үшін қолданылады және сонымен қатар магистралды желі провайдері мен серверлерді қосу үшін бөлінген порттарға қосылуға мүмкіндіктері болуы керек.

10.1 Сурет - Traffic Segmentation функциясын қолдану

Барлық компьютерлердің (PC2 - PC24) uplink портына мүмкіндіктері бар, бірақ екінші деңгейде бір-бірімен қатынас мүмкіндіктері болмайды.

Бұл шешім

:

- ETTH жобасында порттарды оқшаулау үшін (изоляции);

- ортақ серверге мүмкіндіктерді ұсыну үшін қолданылады

.

Ieee 802.1х хаттамасы

IEEE 802.1х хаттамасы клиент/сервер және аутентификация хаттамаларына қатынас мүмкіндіктерін анықтайды. Олар локалды желідегі коммутатор портына белгісіз қондырғыларды қоспайды. Сервер аутентификациясы (RADIUS) алдымен әрбір клиенттің қатынас құқығын тексереді., содан соң оларды коммутатор портына қосады (сурет 10.2).

Клиент аутентификацияланбайынша, 802.1х хаттамасының басқару қатынасы Extensible Authentication Protocol over LAN (EAPOL) хаттамасының трафикке (клиент қосылған портқа) қосылуына рұқсат береді. Аутентификация аяқталғаннан соң қарапайым трафик порт арқылы беріле алады.

10.2 Сурет - Аутентификация сервері (radius)

Клиент – бұл жұмысшы станция. Ол коммутатор сервисі мен локалды желіге енуге рұқсат сұрайды және коммутатор сұрақтарына жауап береді. Жұмысшы станциясында 802.1x үшін клиенттік бағдарламамен қамтамасыз етілу орындалады, мысалы: Microsoft Windows XP.

10.3 Сурет - аутентификация сервері

Аутентификация сервері – клиенттің аутентификациясын орындайды. Аутентификация сервері клиентті тексеріп, коммутаторға оның локалды желіге кіретін немесе кірмейтіні туралы хабар береді. Бұл сервер RADIUS клиент/сервер моделінде жұмыс істейді. Онда аутентификация туралы ақпараттар RADIUS клиенті мен сервер аралығында беріледі. Өйткені коммутатор прокси қызметінде жұмыс істейді, ал аутентификация сервері клиент үшін мөлдір.

10.4 Сурет - Коммутатор authenticator

Коммутатор (аутентификатор (authenticator)) деп те аталады – желіге физикалық қатынасты (10.4 сурет) береді. Коммутатор клиент пен сервер аралығындағы қатынасты атқарады. Коммутатор

RADIUS клиентінің инкапсуляция және деинкапсуляцияны орындайтын EAP кадрларына жауап береді және аутентификация серверімен өзара қатынаста болады.

Аутентификацияны тек коммутатор немесе клиент өзгерте алады.

Коммутатор клиенттен идентификация нөмірін сұрайды. Клиент EAPOL-start кадры арқылы аутентификацияны жібереді. Содан соң коммутатор клиент пен аутентификация сервері аралығында ақпараттар бере бастайды. Егер аутентификация дұрыс орындалса, онда коммутатор порты авторизацияланады.

ЕАР кадр аралығындағы алмасулар аутентификация әдісінің қолданылуына байланысты.

802.1х аутентификациясы МАС-адрес негізінде немесе порт негізінде орындалуы мүмкін:

- 802.1х аутентификациясы МАС-адрес негізінде орындалса, онда тұтынушының белгісі мен атын ғана емес, сонымен қатар жұмысқа мүмкіндігі бар максималды МАС-адрестерінің санын да сұрайды.

- 802.1х аутентификациясы порт негізінде орындалса, онда портқа қосылған кез-келген тұтынушы локалды желіге қосыла алады.

Коммутатор порттарының жағдайлары

Коммутатор порттарының жағдайлары клиенттің желіге қосылу мүмкінідігімен анықталады. Алғашқыда порт авторизацияланбайды. Бұл жағдайда ол 802.1х хаттама пакеттерінен басқа, кіріс және шығыс трафиктерінің өтуіне рұқсат етпейді. Ал клиент аутентифицияланса, онда порт авторизацияланып, кез-келген трафикті өткізе алады.

Клиент немесе коммутатордың 802.1х хаттамасын қолдамайтын жағдайлары

802.1х хаттамасын қолдамайтын клиент 802.1х авторизацияланбаған портына қосылады. Сонда коммутатор клиентке авторизациялауды сұрайды. Бұл жағдайда клиент жауап бермейді, ал порт авторизацияланбайды. Сондықтан клиент локалды желіге шыға алмайды.

Басқа жағдайда, 802.1х көмегімен портқа қосылады. Бұл жағдайда EAPOL-start кадрын беру арқылы клиент аутентификацияланады. Егер клиент жауап алмаса, онда оны бірнеше рет сұрайды. Порт авторизацияланған жағдайда жауап бермейді, сонда клиент кадрларды жібереді.

802.1х қолдайтын клиент пен коммутатор жағдайында клиент аутентификацияланса, онда порт аутентификация жағдайына ауысады және клиенттің барлық кадрларын бере алады. Егер аутентификация жағдайында қате пайда болса, онда порт аутентификацияланбайды, аутентификация қайта қалпына келуі мүмкін. Егер аутентификация сервері орындалмаса, онда коммутатор қайтадан сұрақ жібереді. Серверден жауап болмаса, аутентификация қатесінің салдарынан желіге шығу мүмкіндігі болмайды.

Клиент жұмысты аяқтаса EAPOL-logoff хабары жіберіледі, коммутатор порты авторизация жағдайынан шығады.

Порт канал байланысы активтен пассивке көшсе немесе EAPOL-logoff кадрын қабылдаса, онда ол авторизация жағдайына түседі.

№ 11 дәріс. Softswitch коммутаторлары

Мазмұны:

- Softswitch функциясы мен негізгі түсініктері;

- Softswitch архитектурасы;

-функционалды жазықтары: транспортты, шакыруға кызмет ету және сигнализация, ұсыныс және қызмет, эксплуатациялық басқару.

Максаты:

- Softswitch функциясы мен негізгі түсініктерін оқып-үйрену;

- Softswitch архитектурасын оқып-үйрену;

- Softswitch функционалды жазықтықтарын оқып-үйрену.

Softswitch архитектурасы

Softswich – бір немесе бірнеше желідегі байланысты орнатуды қамтамассыз етеді және сигнализация мен шықыруларға қызмет етудегі басқаруды тарататын интелектуалды желі болып табылады. Сонымен қатар, Softswich коммутаторы АТС функциясын орындайды, яғни шақыру абонентімен шақырушы абонент арасында байланысты қамтамасыз ете алады. Ол функция Call Agent, бұл функция абонент нөмірін анықтап, таңдайды, категориясын анықтайды. Сонымен қатар, тұтқаны қойған абонентті де анықтайды.

11.1 Сурет - Softswitch қүрамы

SG - Signaling Gateway (Сигналды шлюз)

TG - Trunking Gateway (Транспортты шлюз)

AG - Access Gateway (Катынау шлюз)

GK – Gatekeeper (Привратник)

МАК-Мультисервисті абоненттік концентраторлар

IAD - Integrated Access Device (Қатынау құрылғысы) МКД- Мультимедиялық қатынау коммутаторы

ААА - Authorization, Access, Accounts (Авторизация, қатынау, есеп беру)

Softswich-ке H323 хаттамасы бойынша привратник қосылады. Онда адрестің түрленуі және қатынауды басқару орындалады. Бұл привратник желінің анықтауын бір зонада басқаруды орындай алады. Сондықтан привратник логикалық обьект ретінде қарастырылады. Softswich коммутаторы өзара H323 SIP, BICS хаттамалары арқылы жалғастырылады.

11.2 Сурет - Softswich архитектурасы функционалды жазықтықтары

Softswich архитектурасы 4 жазықтықтан тұрады:

- эксплуатациялық басқару;

- ұсыныс және қызмет;

- сигнализация және шақыруға қызмет етуді басқару;

- транспорттық жазықтық.

Транспорттық жазықтық байланыс желісі бойынша ақпараттық таратуын басқаратын ақпараттар: сигнализация сөз немесе мәліметтер болуы мүмкін, транспорттық жазықтық сонымен қатар, IP-телефония желісіне де қосылуды қарастырады. Бұл жазықтық үш доменнен тұрады:

- І-ші IP-хаттамасы бойынша таралу домені;

- ІI-ші қарым-қатынас домені;

- ІII-ші мүмкінділік домені.

IP - хаттамасы бойынша транспорт домен магистралдық желіні және IP-телефония желісі бойынша пакеттерді тарату маршрутын орындайды. Бұл доменге коммутатор, маршрутизатор жатады.

Қарым-қатынас домені сыртқы желіден түсетін тұтынушы ақпараттармен сигналдарды түрлендіретін қондырғылардан тұрады. Сонымен қатар сигнализация шлюздері транспортты деңгейдегі транспортты шлюздер мен медиа шлюздерді қосады.

Транспорттық шлюзде әртүрлі транспорттық желідегі мультимедиялық мәліметтер тұтынушы ақпараттар функциясына түрленеді. Ал қарым - қатынас шлюздері бір транспорттық деңгейдегі әртүрлі сигнализация хаттамаларын қамтамасыз етеді.

Мүмкінділік домені. IP-телефония желісіндегі әртүрлі IP - терминалдарына мүмкіндікті ұйымдастырады. Ол мекемелік АТС ді аналогты кабілді модемдерді, OCL желісін транспортты шлюзді GSM радиотелефонын стандартты желіге қосуды, сонымен қатар, интеграциялық абоненттік мүмкіндік қондырғысын қосуды қамтамасыз етеді.

Шақыруға қызмет етуді басқару мен сигнализация жазықтығы

Бұл жазықтық IP-телефония желісіндегі негізгі элементтерді басқарады. Ол транспорттық жазықтықтан түсетін шақыруды, қызмет етуді басқарады және сигнал ақпараттарын бақылайды.

Бұл жазықтық медиашлюзді басқару қондырғысын шақыру үшін қызмет ететін басқару серверінен және привратник пен LDAP-серверінен тұрады.

Ұсыныс және қызмет жазықтығы

Бұл жазықтық IP-телефония желісіндегі қызмет және ұсыныс функциясын басқарады және олардың орындалуын бақылайды. Бұл жазықтық ұсыныс сервері және қосымша қызмет ету серверінен тұрады. Сонымен қатар, тұтынушы ақпараттарының орындалуын бақылайды.

Эксплуатациялық басқару жазықтығы

Бұл жазықтық абоненттер қызметтерінің жұмысын, техникалық қызметті және эксплуатациялық желіні бақылайды. Бұл жазықтық басқа жазықтықтармен ішкі хаттама немесе стандартты хаттама арқылы басқарылады.

Softswich коммутаторы Өзара байланыста H323, SIP, SIP-I, BICS, MGSP, MEGACO, ISUP хаттамаларын қолданады.

11.3 Сурет - H323 базасының IP-желісінде терминалдар мен шлюздер арасындағы құрылымы

H323 терминалы аудио, бейне ағындарын берудің соңғы қондырғысы болып табылады. Сонымен қатар, қысқартылатын текст пен аудио, бейне терминалдары да қолданылады. Олар қосымша хабарды беру мүмкіндігін орындай алады. Сондықтан H323 хаттамалардың барлық функцияларын орындай бермейді.

11.4 Сурет - H323 шлюзінің ТфОП ақпараттарын IP-желісінде беруі

H323 шлюзі ТфОП түскен ақпараттарды IP-желісінде берілетін түрге түрлендіреді. Шлюздің функционалды архитектурасындағы А интерфейсі ТфОП шлюзімен H323 шлюзінің арасында сигнал ақпаратын береді. В1…..Bn интерфейстері H245, H225, 0 соңғы сигнализация хаттамаларынан тұрады. С интерфейсі сигнализация әсерінен ТфОП ISDN шақыруларына қызмет етуді басқарады. Д интерфейсі коммутациялы арнаны желіге қатысты емес. Ол сигналды ақпараттық бақылаушыға береді.

Х интерфейсі H323 хаттамасының ішкі интерфейсі ретінде қолданылады. У төменгі деңгейдегі пакет және арна медия сигналдарын беру үшін арналған ішкі интерфейс болып табылады.

Z интерфейсі коммутация арна желісінің ішкі интерфейсі болып табылады, яғни ол OKC №7 cигнализация қызметін атқарады. Шлюздің барлық интерфейстері көп қолданыла бермейді. Соның ішінде А интерфейсі тұрақты қолданылады. Өйткені ол Soft Swich коммутаторы арқылы барлық медиа шлюздердің түрлерін басқарады, ал В және С интерфейстері тек транспортты шлюзден басқа шлюздерге сигнал ақпараттарын беруді қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, H323шлюзді сөз ақпараттары мен сигналдардан басқа IP-желісі бойынша коммутация пакеттерін де бере алады.

H323 хаттамасы бойынша жалғасуды орнату және бұзу алгоритмі келесі фазалардан тұрады:

- фаза А- байланысты орнату;

- фаза B- жүргізуші қондырғыны анықтайды және функционалды мәліметтерді алмасады;

- фаза C- шақырушы және шақырылған қондырғы арасында аудио байланысты орнатады;

- фаза D- өткізу жолағының өзгеруін анықтайды, яғни конференс байланысын ұйымдастырады және қосымша қызмет етеді;

- фаза E- байланыстың аяқталғанын анықтайды.

№ 12 дәріс. IP- телефония

Мазмұны :

- SIP хаттамасы. SIP архитектурасы, құрылымы және командалары;

- Н.323 хаттамасы. Н.323 архитектурасы, құрылымы және командалары,

Мақсаты:

- SIP хаттамасының архитектурасы мен құрылымын оқып-үйрену;

- Н.323 хаттамасының архитектурасы мен құрылымын оқып-үйрену;

- MGCP және MEGACO басқару шлюздерін оқып-үйрену.

SIP желісіндегі SIP хаттамасының ерекшелігі қайта адрестеу, маршруттау сияқты интелектуалды желі қызметін ұсынады. Сонымен қатар, мобильді қызметті де ұсынады. SIP желісі негізінен 3 элементтен тұрады:

  • тұтынушы агенттерінен;

  • рroxserver, яғни шақырту қайта ұсыныс арқылы түскенін анықтайды және қажетті байлынысты ұйымдастырады;

  • кайта адрестеу сервері.

SIP хаттамасының негізгі функциялары:

  • қызметтерді ұсыну;

  • softswich коммутаторына дистанциялық тіркеу арқылы тұтынушы мобильді телефонды қамтамассыз етеді;

  • дайындықты анықтау, яғни абонентке байланыстың дайын екенін ұсынады және хабарлайды;

  • желінің масштабты қамтуы, яғни SIP хаттама базасында құрылымдық желінің кеңдігі;

  • интерграциялануы, интернетке шығу мүмкіндігі;

  • сигнализация хаттамаларының қарым қатынасы.

SIP хаттамасы арқылы кез-келген ақпарат, сөз, бейне және мәліметтер беріледі. Сонымен қатар, берілетін ақпаратқа байланысты абоненттер арасындағы байланыс алмасуын және екі жақты конференс байланысын да ұйымдастырады. Ол 3 түрде орындалуы мүмкін:

  • көп адресті режим, яғни ақпарат алдымен бір адреске беріледі. Содан соң соңғы адреске беріледі;

  • конференс байланыс қондырғысының көмегі арқылы, конференцияға қатысушыларды ақпаратты «нүкте-нүкте» режімінде береді. Ал басқару қондырғысы ол ақпараттарды қабылдап, өңдеп қатысушыларға таратады;

  • «нүкте-нүкте» режімі арқылы, яғни конференцияға қатысушыларды бір-бірімен жалғастырады.

Сонымен қатар, SIP хаттамасы электронды поштаны да қолданады, Адрес ретінде арнайы универсалды ресурс көрсеткіш қолданылады. Ол екі бөліктен тұрады: І-ші бөлігінде станцияларда немесе домендерде тіркелген абоненттің аты жазылады, ІІ-ші бөлігінде домен желісі немесе шлюз аты көрсетіледі. Егер IP-адресін анықтау керек болса, онда домен артына қарау керек. Ал егер IP-адресі SIP адресінде орналасса, онда ол тікелей станциялармен байланыса алады.

SIP желісінің архитектурасы

SIP транспортты хаттама, яғни Soft Swich бақылаушыдан берілетін арналарға жауап береді. Мұндай жүйеде екі функционалды элемент болады «клиент-сервер». Сервер клиенттен сұруды қабылдап, оған жауап береді. Мультимедиялық байланысты ұйымдастыруда SIP желісі мына функцияларды қамтамассыз етеді:

- тұтынушылардың мекен жайын анықтайды;

- қарама-қарсы тұтынушының дайындығын анықтайды;

- қандай ақпаратпен алмасу керек екенін анықтайды;

- байланыс орнатады;

- байланыстың басталуы мен аяқталуын басқарады.

SIP хаттамасы қызметтерді анықтамайды, ол тұтынушыға байланысты орнатуды ұсынады және мультимедиялық конференс байланысын орнатады. Сонымен қатар, әртүрлі қызметтерді орындайды. Мысалы, телефон байланысы, интернет, қайта бағыттау сервердің қатысуымен телефон байланысын орнату алгоритмі.

12.1 Сурет - Байланысты орнату

А абоненті қайта бағыттау серверіне В абонентінің адресін жібереді. (1), (2) қайта бағыттау сервері. Ол адрес туралы ақпаратты адресті анықтайтын серверден сұрайды. (3) жауап алған соң қайта бағыттау сервері А абонентке береді. (4) А абоненті жауапты растайды. (5), (6) А абоненті тікелей В абонентіне қосылады. (7) В абоненті сұрауды қабылдап өндейді, таймерді қосу үшін А абонентіне жібереді. (8) В абоненті өзінің тұтынушысы кіріс қондырғысына кіріс сигналы туралы ақпаратты тікелей хабарлайды. (9) В абонентінің қондырғысы А абонентіне сигналды қабылдағаныны туралы хабар береді. (10) А абоненті В абонентіне хабарды алғанын хабарлайды. Содан соң, сөйлесу орнайды. (11) В абоненті тұтқаны қойғаны туралы хабар береді, (12) А абонентін растайды.

MGCP, MEGAGO транспортты шлюз хаттамалары

Транспортты шлюз ТфОП түскен сөзді сөз сигналын IP-желіде беру үшін тиісті код түріне түрлендіреді. MGC-шлюзде бақылаушы желідегі жүйенің жұмысты орындау функциясын атқарады. Сигнализация щлюзі SG- ТфОП берілетін сигнализацияны бақылау шлюзіне береді және кері процесті орындайды.

MGCP транспортты басқару хаттамасы бұл желіде негізгі қызмет атқарады, яғни SoftSwich коммутаторы басқарушы, ал транспортты шлюз жүргізуші немесе тасымалдаушы қондырғы болып табылады. Ол SoftSwich командаларын орындайды. Транспортты шлюзді орындауда сигнализация хаттамалары және қосымша қызметтер тез орындалады.

12.2 Сурет - MGCP, MEGAGO транспортты шлюз хаттамаларын колдану