- •5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
- •Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
- •2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
- •3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
- •4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
- •5. Валюта және оның конверсиялануы.
- •Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
Ақшаның металдық теориясын «меркантилизм» мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 жж.) жасаған. Осы теорияға сай алтын және күміс өзін табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетіне және қуаты бойынша ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориасының дамуы тарихи тұрғыдан XVІ-шы және XVІІ –шы ғасырларда болған.Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан .
Тауар өндірісі мен өзге нысаны түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша-бұл тауар өндірісі және құн түрі дамуының өнімі. Алтын мен күміс өз бетінше ғана емес ,олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап ақша бола алады
Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастысы –олардың қоғамдық еңбектің –өнімі болуында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.
Несие қатынастары және ақшасыз есеп айырысуға көшу, несие алушылардың пайда блуы ақшаға деген номиналистік көзқарастың кеңірек тарауына алып келеді. Ақшаның номиналистік теориясының көп жаиы мынаған саяды:ақша тауар өнімі емес, олар шарты түрі болып табылады,бағалылығын мемлекет бекітеді.Осындай ақша белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ. Номиналистік теорианы жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж.Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльсонды жатқызамыз.» Дж.Кейнс еңбекпен қамту , пайыз және ақшаның жалпы теориясы» мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қарастырған. Алтын бағалылығын жасанды санаған, "алтын құштарлығынан" арылуға шақырған және мемлекеттік реттейтін қағаз ақшаны жақтаған.
Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша : " Ақша –бұл әлеуметтік шарттылық"2 .
Демек ,ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша , бұл зомбылық, бағалылықтағы жасанды төлем құралы,яғни алтынмен жоқ.
Бұрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және айырбас құнына ие болады. Сондықтан мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда-саттық кезінде алтын талап етілмейді.
Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ, онда барлық төлем есептеулерінің құралы тек алтын ғана болып табылады.
Ең соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді .Номиналистік теорияның алғашқы идиасы Ертедегі Римде пайда болды.Сол кездің өзінде мынадай хабар өмір сүрген, егер король немесе императордың ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болып, кез-келген ақшаның түрі, тіпті алтын монетаның өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим императоры Гай Калигулла (37-41 б.ғ.д) жүзіруге асыруға талпынды. Оған барлық өкімет билігі қолында сияқты көрінді .Ол өзінің жылқысын сенат мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүюді талап етті. Ешкім оған қарсылық көрсете алмады.
Ол кезде Индияда, Цейлонда, Африканың кейбір аудандарында ақша ретінде «каури» деп аталған ерекше қабыршақ қолданылды.Олар өте сирек кездесетін, оларды өндіру көптеген еңбекті талап етті, сондықтан олар өте қымбат бағаланды. Рим қазынасы шын азайған кезде, күштілігімен танылған Калигулла жарлық шығарды «менің нұсқауыммен теңіз жағалауынан жиналған ұлу қабыршағы ақша болып табылады». Алайда алып күш иесі имперотордың бұл жарлығының күл-талқаны шықты:ешкім де бұл ұлу қабыршағын алмады, себебі олар ақша емес еді.
Қазігі әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейбір елдерде ақша белгілері зомбылық курспен шығарылды және олар ешқандай материалдық бағалылықтармен қамтамассыз етілмеген. Тұрғындар одан құтылуға тырысқандай ,сөйтіп толыққанды шетел ақша белгілерін ала бастайды.
