- •5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
- •Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
- •2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
- •3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
- •4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
- •5. Валюта және оның конверсиялануы.
- •Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияға қарсы саясат.
Әлемдік теория мен практикада инфляцияға қарсы саясат жүргізуде үлкен тәжірибе жинақталған;
біріншіден, өсіп отырған ақша массасын жабуға қажет өнідіріс тауарларын арттыру есебінен баға өсімін нейтралдау қажет;
екіншіден, ұлттық валютаның тұрақты курсын сақтау;
үшіншіден, еңбек өнімділігі өсуі қарқыны еңбек ақы өсуі қарқынынан жоғары болуы тиіс;
төртіншіден, несие эмиссиясын қысқарту;
бесіншіден, теңестірілген бюджет саясатын жүргізу қажет;
алтыншыдан, сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу;
Мемлекеттің инфдляцияға қарсы саясаты экономиканы сауықтырудың жалпы экономикалық шараларын қарастырады:
еңбек ақы мен бағаны реттеу шаралары;
қаржылай сауықтыру, несиелік экспансияны тежеу, ақша эмиссиясын қаталдандыру ( жаға, басылған ақшаның кезекті партиясын шығару);
Аса болмаған жағдайда ақша реформасы жүргізіледі.
Инфляция- аурудың ерекше түрі. Ол бір мезетте материалдық-қаржылық теңестірілмеудің себебі де, салдары да бола алады.Барлық шаруашылық механизмдерін емдемей, оны жоюдың мүмкіндігі жоқ, дегенмен, егер, шаруашылық вирус инфляцияға қарсы саясатты жүргізуді қиындатып жіберсе, соңғыны емдеудің өзі нәтижесіз болуы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясаттың маңызды элементтері :
табыстар саясаты;
мемлекет шығынның өсуін ұстап тұрады. Еңбек ақы деңгейін қатырып тастайды, табиғи монополияның бағалары өсуіне бақылау жүргізеді.
Сұраным инфляциясын реттейтін, инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.
Орталық банктің ақша саясаты :
- ашық нарықтағы операциялар- бұл мемлекеттік құнды қағаздардың сату саудасы. Мемлекет Орталық банк көмегімен ашық нарықта облигациялар мен қазынашылық вексельдерді сатып алады және сатады;
- банктік проценттік ставканың өзгеруі ( өсуі -Егер банктік проценттік ставка ұлғайса, несие қамбаттайды, егер төмендесе, онда несие арзандайды.
- Банктік депозиттердің резервтік нормаларының өзгеруі ( ұлғаюы) . Банктік депозиттердің резервтік нормаларының өсуінен, банктердің несие үшін ұсынылатын ақшасын азайтады.
Ақша айналымын тұрақтандыру, ақшаны тұрақты етудің әдістеріне мыналарды жатқызады : дефляция, нөлдендіру, девальвациялау, ревальвациялау және деноминациялау.
Дефляция- ақша массаын айналымнан артық қағаз ақшаларды алып тастау жолымен төмендету (азайту)
Нөлдендіру ( ақшаны жоққа шығару) - айналымнан ескі құнсызданған ақша белгілерін алып тастау және белгілі бір курспен жаңасына алмасытру.
Бұрынғы КСРО да нуллификация екі рет жүрді. 1920-1924 жж азамат соғысы кезінде жіне 1947 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін.
Ескі үлгідегі құнсызданған қшалар 1947 жылы ақша реформасымен қатты рубльге алмастырылып, ақша айналымы нығайтылды.
Қазақстан Республикасында құнсызданған ресей рублдері ұлттық валюта енгізілуімен 1993 жылы 15 қарашада жүрді. 500 рубль үшін-1 теңге курсымен айрбасталды.
Девальвация ( құнсыздану) -шетел валютасына қатысты немесе халықаралық ақша бірліктеріне қатысты ұлттық валюта курсының төмендеуі.
Ревальвация ( құнын арттыру)- шетел валюталарына салыстырғанда ұлттық валюта құнының артуы, егер инфляция басқа елдермен салыстырғандатөмен қарқында болса, төлем балансы белсенді, кредиторлар мен импортерлардің мүддесі қарыз алушы мен экспортерлер мүддесінен жоғары болады.
Деноминация - ақша белгісі ұлттық құнының бекемделуі жаңа ақша бірліктеріне айрырбастауда бір мезетте баға, тарифтер , еібек ақы өсуімен, ұлттық құнының нығаюы. Бұрынғы КСРО да 1961 жылы, Ресейде 1998 жылы жүрді.
Ұғыну қажет терминдер :
Құнның түрлері, жай ( кездейсоқ), толық , жалпылама, ақшалық, тауар-эквивалент, вексель, банкнот, чек, төлем тапсырысы, несиеліктөлем карточкася, электронды ақшалар, несиелік ақшалар, ақша эмиссиясы, ифнляция, баяу инфляция, қарқынды, сұлама, басылыңқы (жасырын), ұшқыр инфляция, сұраныс инфляциясы, ұсыным инфляциясы, теңестірілген инфляция, теңестірілмеген инфляция, стагфляция, валюта, ақшаның ішкі конверсиялануы, ішкі валюта, сыртқы валюта, айырбас курсы, дефляция, нолдендіру, девальвация, ревальвация, деноминация, валютаның конверсиялануы.
Сабақтың үлгі жоспары:
Ақшаның мәні және қызметі. Ақша айналымының заңы.
Қағаз және электронды ақшалар.
Инфляция және оның мәні, түрлері, әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасында қолданылуының ерекшелігі.
Мәнжазбалар, хабарламалар мен баяндамалар
тақырыптары:
Несие ақшалар және Қазақстан Республикасынд электронды ақша қолдану мәселелері.
Ұлттық валюта - теңгенің сыртқы конверсиялану мәселелері.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бағылауға арналған сұрақтар
Ақша дегеніміз не ? Олар қалай пайда болды ?
Ақша қандай қызметтер атқарады ?
Несие ақшаны қалай түсінмеіз ?
Несие ақшаны қолдану қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді ?
Инфляция дегеніміз не? Оның түрлері қандай ?
Инфляцияға қарсы саясат : оынң қандай бағыттары бар ?
Валютаның конверсиялану дегенмізі не? Оның қандай жолдары бар ?
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" Казахстанская правда, 1993, 13 қараша.
"Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы" заңы. Казахстанская правда, 1994 жыл, 12 қаңтар.
Амбарцумов А., Стерлигов Ф., Нарықтық экономиканың 1000 термині., М.,Азимут-центр, 1992.
Борисов Е.Ф. Экономикалық теория. -М.,Юрист, 2001.
Войтов Аг:г. Экономика.Жалпы курс.Оқулық. М.,2001.
Долан Э. Және Кемпбелл К. Ақша, банк ісі және ақша-несие саясаты. Санкт-Петербург, 1991.
Кейнс Дж. Жұмыспен қамтылу, ақша және несиеның жалпы теориясы.-М.,Прогресс, 1987.
Экономика курсы. Оқулық. 2 томдық. Б.А.Райзбергтің редакторлығымен., М.,ИНФРА-М.,2000.
Экономикалық теория курсы. М.Чепуриннің редакторлығымен. Киров, АСА, 2001.
Козырев В.М. Қазіргі заманғы экономика негіздері.-М.,Финансы и статистика, 2000.
Маркс К. К.Макс пен Ф.Энгельстің 1857-59 жж. экономикалық қолжазбалары.Шығ., 46 том, 1 бөлім, 51-184 бб.
Самуэльсон П. Экономика.1 т. -М.,НПО "Алгон" 15,19 тараулары.
Қазіргі заманғы экономика. Лекциялық материалдар. Дондағы Ростов., Феникс, 2000.
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ.Шеденовтің редакторлығымен.Ақтөбе.,А-Полиграфия, 2004.
Харрис Л.Ақша теориясы.-М.,Прогресс, 1991.
Шаршов И.С. Капиталимдегі ақша эволюциясы. -М.,Финансы и статистика., 1990.
Экономикалық энциклопедия.( Саяси эконмия) 1 т., -М.,1979.
Экономика.Оқулық. А.С.Болатовтың редакторлығымен.-М.,Бек, 2000.
Экономикалық теория. Оқулық. Н.И.Базылевтің редакторлығымен, Минск, 2004.
1 К.Маркс және Ф.Энгельс Шығ. 23 т., 57 б
2 Самуэльсон П. "Экономика" -М., 64 бет
