Қорытынды
Құқық мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқық қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейді, құқықтың қоғамдағы адамдардың қатынасын реттеуі қызметі құқықтық нормалар қоғамдық практикаға, адамдар мен ұйымдардың, органдардың іс-әрекетіне енген жағдайда толық орындалады.
Құқық мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы және оларды жасақтау тәсілдері – лауазымды адамдарды сайдау және тағайындау, олардың билік аясы, өкілеттігі, іс-әрекеті мен оның әдісткрі құқықтық нормалар арқылы анықталады. Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың заңдық шарттарын белгілейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жеке меншіктің жан-жақты нысандары дамып келе жатқан, белсенді бастамашыл кәсіпкерлік қызмет пен адамның саяси және басқа құқықтарын еркін іске асыру мүмкіндіктеріне кең жол ашылып отырған жағдайларда, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық жүйесі құрылуда.
Құқық - адамдардың өмір сүруі үшін қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, күштеу шараларын қолдану үшін ғана қажет емес. Құқық азаматтардың өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар тарапынан құқық нормаларының талаптарын бұзғандарға шара қолданылғанда ғана нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Құқық негіздері» оқу құралы. Оспанов Қ.И., Алматы: Жеті Жарғы, 2006ж.
«Мемлекет және құқық негіздері» оқу құралы. Дулатбеков Н.О., Амандықова С., Турлаев А., Астана: 2001ж.
«Құқық негіздері» оқулық. Баққұлов С.Д., Алматы: 2004
«Құқық негіздері» барлық мамандықтардың студенттеріне практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Ахметова Г. Т., Алматы: 2005ж.
«Мемлекет және құқық теориясы» оқу құралы. Булгакова Диляра Асхановна., Алматы : Заң әдебиеті, 2006ж.
6. «Мемлекет және құқық негіздері» оқулық. Е.Баянов., Алматы: Жеті жарғы, 2001ж.
