- •050706 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы үшін алматы 2007
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5.Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.5.1 Пәннің мақсаты
- •1.5.2 Пәннің негізгі міндеттері
- •1.6 Тапсырмалар атаулары, түрлері және оларды орындау күнтізбелік реті
- •1.7. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •1.8. Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі
- •1.9. Модульдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған
- •1.9 Пәннің саясаты мен процедурасы
- •Негізгі таратылатын материалдар тізімі
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Дәрістер конспектілері
- •1 Дәріс. Кіріспе. Бұрғылау жұмыстарының өсүінің кысқаша тарыхы
- •2 Дәріс. Ұңғыларды бұрғылау үрдісіндегі негізгі жұмыс операциялары
- •3 Дәріс. Ұңғы түбін талқандалу өнімдерінен тазарту және оларды жер бетіне шығару
- •4 Дәріс. Ұңғымаларды бекіту
- •5 Дәріс. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
- •9Сур. Аударма түрлері
- •6 Дәріс. Қатты қорытпалармен бұрғылау технологиясы
- •7 Дәріс. Алмасты коронкалармен бұрғылау
- •11 Сур. Алмас кеңейткіштің сұлбасы
- •Алмас коронкалармен бұрғылау технологиясы
- •8 Дәріс. Кернсіз (роторлы) бұрғылау тәсілі
- •12 Сур. Роторлық бұрғылау аспабын жабдықтау сұлбасы
- •13 Сур. Шарошкалардың орналасу сұлбалары:
- •9 Дәріс. Соққылап бұрғылау әдісі
- •10 Дәріс. Айналсоқ бұрғылау тәсілі
- •11 Дәріс. Пневмосоққыштармен бұрғылау
- •Жыныс талқандағыш аспаптар м32к, мн-3 және п-122 пневмосоққыштарғаарналған колонкалар
- •20 Сур.Долото к-100 в қашауын қайрау сұлбасы
- •Колонкалық құбырлар
- •23 Сурет. Тұтас забойлы қашау (кпс)
- •24 Сурет. Колонкалық құбырлар:
- •25 Сур. Бұрандасыз қосылысты шнек
- •26 Сур. Магазинді шнек
- •13 Дәріс. Бұрғылау қондырғылары
- •17 Кесте. Ұңғымалардың тереңдігіне байланысты ұзындықтары
- •18 Кесте. Мұнаралардың техникалық сипаттамалары
- •15 Дәріс.Апаттар және олардың алдын алу
- •2.3. Зертханалық жұмыстар жоспары
- •1 Тапсырма Ұңғымаларды бұрғылау үрдісіне әсер ететін тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері
- •2 Тапсырма Қатты қорытпалы коронкалар құрылысын үйрену және зерттеу
- •3 Тапсырма Алмасты коронкалар құрылысын үйрену және зерттеу
- •4 Тапсырма Кернсіз бұрғылау тәсілінде қолданылатын жыныс талқандаушы
- •5 Тапсырма Жуу сұйықтарының көрсеткіштерін оқып үйрену
- •6 Тапсырма Бұрғылау тізмегі элементтері оқып үйрену
- •2.6 Өзінді бақылау үшін тест сұрақтары
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.8. Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттеріне арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Ратов боранбай товбасарович аршидинова махирам тургановна
5 Дәріс. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
Айналмалы тәсіл.
Тау жыныстарын талқандау тәсілдеріне сәйкес бұрғылау тәсілдері де айналмалы, соққылама, айналсоқ, діріл және т.б. тәсілдерге бөлінеді.Айналмалы тәсіл ұңғы түбінің формасына қарай колонкалық және кернсіз бұрғылау болып бөлінеді.
7-сурет. Ұңғы түптерінің түрлері |
Колонкалық бұрғылау кезінде тау жыныстарын талқандау сақиналы тәрізді түп бойынша жүреді және оның ортасында керн деп аталатын талқандалмаған тау жынысының бағаналы қалдығы (колонка) қалады. (7 а сур.). Егер тау жынысын талқандау ұңғы түбінің бүкіл ауданы бойынша жүрсе, онда бұл кернсіз бұрғылау, кей кездері роторлық бұрғылау деп аталады. (7 б сур). Сақиналы түп бойынша тау жыныстарын талқандайтын жыныс талқандаушы аспапты коронка деп атайды, ал түптің бүкіл ауданы бойынша талқандайтын аспапты қашаулар деп атайды. |
Жыныс талқандаушы аспаптың түрі бойынша колонкалық тәсілді қатты қорытпалы, алмасты, бытырамен бұрғылау болып бөлінеді.
Айналмалы бұрғылау тәсіліне сонымен қатар шнекті бұрғылау да жатады. Бірақ бұл жағдайда, жоғарыда атап кеткеніміздей, талқандалу өнімдерін тасымалдау шнекті транспортердің (шнектердің) көмегімен жүзеге асырылады.
Қатты қорытпалы бұрғылау. Жоғарыда атап кеткеніміздей, қатты қорытпалы бұрғылау колонкалық бұрғылаудың бір түрі болып табылады және жыныс талқандаушы аспап ретінде қатты қорытпалы коронкалар пайдаланылады.
Жалпы алғанда ұңғыларды бұрғылау кезінде әртүрлі бұрғылау құралдары пайдаланылады: технологиялық, көмекші, апаттық, көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу үшін арналған құралдар және т.б.
Бұрғылауда тікелей қолданылатын бұрғы құралдары технологиялық деп аталады, ал белгілі бір ретпен жиналған технологиялық құралды аспаптар деп атайды.
8 сур. Қатты қорытпалы бұрғылауға арналған бұрғылау аспабының сұлбасы |
Қатты қорытпалы бұрғылауға арналған бұрғыаспабының жинағы 8 суретте келтірілген, мұндағы 1 – қатты қорытпалы коронка, колонкалық құбыр, 3 – аударма, 4 – бұрғылау құбырлары, 5 – шлам құбыры, 6 – кернжұлғыш. Қатты қорытпалы коронкалар бұрғыланғыштық категориялары I- ден VII-ге дейінгі жұмсақ, орта және жартылай қатты тау жыныстарын талқандауға арналған. Кей кездері бұрғыланғыштығы VIII тау жыныстарын да бұрғылауға болады. Қатты қорытпалы коронкалар арналуына байланысты конструкциясы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: М типті қабырғалы, СМ типті кескішті, СА типті өзін-өзі қайрайтын коронкалар. Қабырғалы коронкалар с I-ден IV-ке дейінгі категорияларындағы жұмсақ тау жыныстарын бұрғылау үшін арналған жне сондықтан оның индексі М. |
Бұл коронкалар цилиндрлік трапециялы бұрандасы бар құбыр тәрізді болат корпустан және корпусқа пісірілген қатты қорытпалы кескіштермен жасақталған болат қабығалардан тұрады. Бұл қабырғалардың корпусқа қатысты пісірілу орнына және олардың санына байланысты қабырғалы коронкалардың клесі маркаларын ажыратады: М1, М2 және М5.
М1 коронкаларында қабырғалар корпустың қаптал беттеріне пісіріледі және олардың саны 4 болады, ал М2 коронкаларында қабырғалар копустың қаптал беттеріне пісіріледі, бірақ олардың саны 3 немесе 4 болады. М5 типті коронкаларында қабырғалар корпус шеттеріне пісіріледі және олардың саны әдетте 4, ал үлкен диаметрлі коронкалардың саны 6 дана болады.
СМ типті кескіш коронкалар
бұрғыланғыштығы IV-VIII
категориясындағы орта қаттылықтағы
тау жыныстарын бұрғылау үшін арналған.
Олардың конструкцияларының
ерекшелігі қатты қорытпалы кескіштер
корпус шетіне арнайы фрезерленген
ұяшықтарда пісіріліп орналастырылады,
сонымен қатар коронка шетінде жуу
сұйықтығы өту үшін жуу тесіктер
фрезерленген, ал оның қарама – қарсы
жағында қосқыш бұранда жасалған.
Қаптал беттерінің бойымен
жуғыш каналдар жасалған. Кескіш
коронкалардың келесі маркаларын
ажыратады: СМ4, СМ5, СМ6 және СТ-2.Бұл
типтегі коронкалардың кескіштері
мм-ге
шығыңқы тұрады. Өзін-өзі қайрайтын СА
(СА1, СА2, СА3, СА4) типті коронкалар
бұрғыланғыштық ктегориялары VII-VIII, кей
кездері IX (құрамында кварц бар тау
жыныстары) абразивті тау жыныстарын
бұрғылау үшін арналған.
Бұл коронкалар алдыңғы коронкалар сияқты шетінен орнатылған кескіш элементтері бар болат құбыр тәріздес корпустан тұрады. Кескіш элементтер кескіштермен жасақталған, жұмсақ болаттан жасалған металл пластина болып табылады.
Жұмыс істеу принципі кескіштер қажалған сайын кескішті пластина ұңғы түбіне тіреле беруіне негізделеді. Ол жұмсақ болаттан жасалғандықтан тез қажалады да қатты қорытпалар аршылады, сөйтіп олар тау жыныстарын қайтадан талқандайды.
Жоғарыда сипатталып кеткен коронкалардың техникалық сипаттамалары төмендегі кестелерде келтірілген.
кесте. Қабырғалы коронкалардың техникалық сипаттамалары
Колонкалы құбырдың сыртқы диаметрі, мм |
Коронка тұлғасының өлшемдері, мм |
Коронка түрі |
|||||||||||
D |
D1 |
d |
d1 |
М1 |
М2 |
М5 |
|||||||
n |
Кескіштер саны |
n |
Кескіштер саны |
n |
Кескіштер саны |
||||||||
Н |
Ш |
Н |
Ш |
Н |
Ш |
||||||||
73 |
93 |
57 |
74 |
61 |
4 |
4 |
4 |
3 |
12 |
- |
4 |
16 |
4 |
89 |
112 |
73 |
90 |
77 |
4 |
8 |
- |
3 |
12 |
- |
4 |
16 |
4 |
108 |
132 |
91 |
109 |
96 |
4 |
8 |
- |
4 |
14 |
- |
6 |
24 |
6 |
127 |
151 |
112 |
129 |
116 |
4 |
8 |
- |
4 |
14 |
- |
6 |
24 |
6 |
4 кесте. Кескіш коронкалардың техникалық сипаттамалары
Колонкалы құбырдың сыртқы диаметрі, мм |
Коронка тұлғасының өлшемдері, мм |
Коронка түрі |
||||||||||
СМ4 |
СМ6 |
СМ5 |
СТ2 |
|||||||||
Кескіштер саны |
||||||||||||
D |
D1 |
d |
d1 |
Н |
Ш |
Н |
Ш |
Н |
Ш |
Н |
Ш |
|
44 |
46 |
31 |
44,5 |
32,5 |
- |
- |
12 |
2 |
6 |
- |
6 |
3 |
57 |
59 |
44 |
57,5 |
45,5 |
- |
- |
12 |
4 |
6 |
3 |
6 |
3 |
73 |
76 |
58 |
74 |
61 |
9 |
3 |
12 |
4 |
6 |
3 |
6 |
3 |
89 |
91 |
74 |
90 |
77 |
9 |
3 |
18 |
6 |
8 |
6 |
8 |
4 |
108 |
112 |
93 |
109 |
96 |
9 |
3 |
18 |
6 |
8 |
6 |
12 |
6 |
127 |
132 |
113 |
129 |
116 |
12 |
4 |
24 |
8 |
12 |
9 |
12 |
6 |
146 |
151 |
132 |
148 |
135 |
12 |
4 |
24 |
8 |
12 |
9 |
12 |
6 |
5 кесте. Өзін-өзі қайрайтын коронкалардың техникалық сипаттамалары
Коронка түрі |
Коронка тұлғасының өлшемдері, мм |
Кескіштер саны |
Колонкалы құбырдың сыртқы диаметрі |
||||
D |
D1 |
d |
d1 |
О |
П |
||
СА1 |
36 |
21 |
34,5 |
22,5 |
6 |
6 |
34 |
46 |
32 |
44,5 |
32,5 |
8 |
8 |
44 |
|
59 |
44 |
57,5 |
45,4 |
8 |
8 |
57 |
|
76 |
59 |
74 |
61 |
12 |
12 |
73 |
|
93 |
74 |
90 |
77 |
16 |
16 |
89 |
|
112 |
93 |
109 |
96 |
16 |
16 |
108 |
|
132 |
113 |
129 |
116 |
20 |
20 |
127 |
|
СА2 |
46 |
31 |
44,5 |
32,5 |
10 |
6 |
44 |
59 |
44 |
57,5 |
45,4 |
15 |
9 |
57 |
|
76 |
59 |
74 |
61 |
20 |
12 |
73 |
|
93 |
75 |
91 |
77 |
25 |
15 |
89 |
|
112 |
94 |
110 |
96 |
25 |
15 |
108 |
|
132 |
114 |
130 |
116 |
30 |
18 |
127 |
|
СА3 |
93 |
75 |
91 |
77 |
30 |
10 |
89 |
112 |
94 |
110 |
96 |
30 |
10 |
108 |
|
132 |
114 |
130 |
116 |
36 |
12 |
127 |
|
5-кестенің жалғасы
СА4
|
46 |
31 |
44,5 |
32,5 |
12 |
3 |
44 |
59 |
44 |
57,5 |
45,4 |
12 |
3 |
57 |
|
76 |
59 |
74 |
61 |
16 |
4 |
73 |
|
93 |
75 |
91 |
77 |
20 |
5 |
89 |
|
112 |
94 |
110 |
96 |
20 |
5 |
108 |
|
132 |
114 |
130 |
116 |
30 |
18 |
127 |
Жоғарыда келтірілген
кестелердегі
коронканың
сыртқы диаметрін білдіреді,
-
коронканың
ішкі диаметрі,
—
коронкалық
сақинаның сыртқы диаметрі,
О және
П – негізгі
және қосымша кескіштердің сәйкес
сандары, n
— қабырғалы
коронкалардың қабырға саны.
Колонкалық құбырлар керн қабылдау үшін және оны жер бетіне шығару үшін арналған.
Колонкалық құбырлар шегендеуші құбырлар сияқты тігіссіз, қыздырылып оралған Д маркалы өте берік болаттан жасалынады. Құбырдың бір шетінде коронкамен қосу үшін, екінші жағынан аудармамен қосу үшін арналған ішкі цилиндрлік бұрандалары бар. Колонкалық құбырлардың техникалық сипаттамалары 1 кестеде келтірілген. Бірлік колонкалық құбырлар мен қос колонкалық құбырларды ажыратады. Қос колонкалық құбырлар керн шығымын жоғарылату мақсатында қолданады және олар айналатын ішкі құбыры бар (ТДВ) және айналмайтын ішкі құбыры бар болып екіге бөлінеді (ТДН). Аудармалар әртүрлі диаметрдегі құбырларды, әсіресе колонкалық құбырларды бұрғылау құбырлармен қосу үшін арналған.
Конструкциясы бойынша аудармалардың келесі түрлерін ажыратады: жай, фрезерлі, үштармақты и арнайы (9 сурет).
а) |
б) |
в) |
г) |
а- жай, б-фрезерлі, в- үштармақты, г- арнайы
