Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304 Кб
Скачать
☆
  1. Атом энергиясының маңызды және қауіпті жақтарына сипаттама

Атом энергия бұлағы. 1903 жылы радий элементінің үздіксіз жылу шығарып тұратынын оқымыстылар ашқан. Осы жылдан бастап, ең алғаш рет атом энергиясы бар екенін оқымыстылар тапты, оны адам өміріне қолдану тәсілдерін зерттеп, ғажайып жаңалық жасады. Атом энергиясын осы күнгі кең пайдаланып отырған көмір және мұнай, газ энергиясымен салыстырғанда олардың арасында айырмашылық тым алшақ. Көмір немесе мұнай жанғанда ең жоғарғы температура 2 мың градусқа дейін көтеріледі. Уран ядросының бөлшектерінің ұшу жылдамдығында миллиондаған градусқа жетеді.

Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді. Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.

  1. Әлемдік көлемде таусылатын энергетикалық қорларды альтернативті таусылмайтын қорлармен ауыстыру мәселесіне мысалдармен талдау жасаңыз

Табиғи қорлар - бұл табиғат элементтері. Табиғи қорлар пайдаланылатын және қайта өңделетін табиғатты пайдаланудың басты объектісі. Табиғи қорлардың пайдаланылуымен қатар жүретін табиғи ортаның сапасын сақтауға бағыттанған іскерлік қалыптасқан (табиғатты қорғау проблемаларын шешу).Қорлардың табиғи шығу тегін, үлкен экономикалық мағынасын ескере отырып табиғи қорлардың келесідегі жіктеулерін көрсетуге болады: 1)   Табиғи (генетикалық) жіктеу: минералды (пайдалы қазбалар), су, жер (топырақ), өсімдік (орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер қуатының қорлары (күн сәулесі, жердің ішкі жылуы, жер қуаты және т.б.). Көбіне өсімдіктер мен жануарлар әлемі биологиялық қорларға біріктіріледі. 2)   Табиғи қорлардың экологиялық жіктелуі қордың таусылуы мен қалпына оралуына негізделеді. «Таусылу» деген ұғымға табиғи қорлардың көлемі мен қорына байланысты шаруашылықта алынуы жатады. Осы ерекшеліктеріне сай қорларды бөледі: *таусылмайтын қорлар адамдар пайдаланған уақытта дәл қазір немесе таяу уақытта таусылмайтыны анық қорлар (күн қуаты, жердегі ішкі жылуы, су қуаты, ауа); *таусылатын, бұрынгы қалпына келмейтін қорлар, үздіксіз экономикалық пайдалануға байланысты одан әрі алуға келмейтін және бұған қоса қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорлар (минералды қорлар); * таусылатын, бірақ қалпына келетін қорлар, қайтадан қалпына келу мүмкіндігі бар, қорлар көбейту немесе басқа да табиғи циклдар арқылы, мысалы, флора, фауна, су қорлары.Бұл топқа өте жәй қалпына келетін қорларды атап өту керек, жер құнары, жоғары сапалы ағашы бар орман қоры.