Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ДЖ 9сынып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
405 Кб
Скачать
☆

33. Жапония

1. Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қашан қойылды? 1945 жылы 2 қыркүйекте

2. Либералдық және демократиялық партиялар нені ұстанды? АҚШ-тың даму жолы мен буржуазиялық бағытты

3. 1946 жылғы сайлауда кім жеңіске жетті? Либералдық және демократиялық партиялар

4. 1948 жылы неше адамға үкім шақырылды? 28 адамға

5. Неше қылмыскер абақтыға жабылды? 16 қылмыскер

6. Заң бойынша неше сағ-тық жұмыс күнін белгіледі? 8 сапғ-тық

7. 1945 жылы Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқының жағдайы? 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтай алды

8. 1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге қанша жер қалдырды? 3 тё (3 га-ға шамалас)

9. Кореядағы соғыс уақыты? 1950-1953 жылдары

10. Қандай ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады? Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б.

11. Қай жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды? 1950-1960 жылдардағы

12. Қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық қашан әкелді? 1997 жылы

13. Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің қаншасы Жапонияның үлесіне тиеді? 12%-ы

14. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) қашан 4,5 трлн долларға жетті? 1999 жылдың соңында

15. Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша нешінші орында? 3-орында

16. Жапонияның басқа елдердегі табысы? 1 трлн доллар

17. Жапонияның сыртқы сауда айналымындағы табысы? 140 млрд доллардан асады

18. 1954 жылы либералдар мен демократтар бірігіп не құрды? Либералдық-демократиялық партия (ЛДП)

19. 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті кім басқарды? ЛДП

20. Одан басқа қандай 4 партия қызмет атқарды? Социалисттік, коммунистік, демократиялық социализм және Комэйто (таза саясат партиясы)

21. Қашан ЛДП арасынан бірнеше топтар бірігіп, жаңа саяси паритиялар қалыптасты? 1980 жылдардың соңында

22. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында кім жеңгенімен, басты орын басқа парламенттерге тиді? ЛДП

23. Үкімет басында кім болды? «Жаңа көкжиек» партиясының өкілі М.Хосавака

24. 1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр кім болды? Т.Мурояма

25. 1996 жылы тамызда ЛДП 500 орынның нешіншісін жеңіп алды? 207-сін

26. 1998 жылы 31 желтоқсанда премьер-министр олып кім сайланды? Дз.Обути

27. 2000 жылы көктемде Обутидің орнын кім басты? Е.Мори

28. ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде кімнің жеңісімен аяқталды? Дзъюнтиро Коидзуми

29. 2003 жылы қарашадағы парламент сайлауында кім жеңді? ЛДП

30. Қашан елдің қарулы күштерін бітімгерлік операцияларға қатыстыру мақсатында өзге елдерге шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар заңдар қабылданды? 2001-2006 жылдары

31. Коидзуми қызметтен қашан кетті? 2006 жылы қыркүйекте

32. Коидзуми қызметтен кеткен сон орнына кім келді? С.Абэ

33. Абэ нені жасақтады? Алғаш рет үкімет құрамына Қорғаныс министрлігін

34. 2007 жылы жазда сайлауда кім жеңді? Парламенттің жоғарғы палатасына үміткер ЛДП

35. Абэнің орнына кім сайланды? Ясуо Фукудо

36. 2008 жылы шілдеде Хоккайдо аралында қандай самит болып өтті? Great-8 – Үлкен сегіздік

37. Сан – Франциско қаласында бітімге қол қашан қойылды? 1951 жылғы қыркүйекте

38. Жапония мен АҚШ өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік туралы жаңа шартқа қашан келісті? 1960 жылы

39. Осы шарт неше жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді? 10 жылда

40. Жапония мен АҚШ өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы қанша? 175 млрд долларға тең

41. 1954 жылы үкімет басына кім келеді? Демократиялық партия жетекшісі И.Хатояма

42. 1956 жылы 19 қазанда неге қол қойылды? Екі ел арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға

43. Жапония мен Қытайдың арақатынасы қашан реттелді? 1972 жылы қыркүйекте

44. Жапония мен Қытай қашан бітімге қол қойды? 1978 жылы

45. Екі ел арасындағы 1997 жылғы сауда айналымы? 60,8 млрд доллар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]