Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ДЖ 9сынып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
405 Кб
Скачать
☆

5. Германия

1. Веймар Республикасы кезеңінің басталуы? 1919 жылдың жазында

2. Президент жалпы дауыс беру арқылы неше жылға сайланатын болды? 7 жылға

3. Бірінші президент болып кім сайланды? социал-демократ Фридрих Эберт

4. Заңның қай бабы президентке төтенше заңдар шығару құқығын берді? 48-бабы

5. Оңшыл топтардың әрекеті қандай атақ алды? апат саясаты

6. Германия социал-демократиялық партиясы және Орталық партия ұйымдары қалай аталды? Версаль бітімшартын орындауды жақтаушылар

7. Париж конференциясы кезінде Антанта елдері мен Германия Версальда бітімшартына қашан қол қойды? 1919 жылы 28 маусымда

8. 1922 жылдың соңында үкіметті буржуазиялық партия топтарының бастығы кім басқарды? В.Куно

9. Неміс пролетариатының жалпы ереуілі В.Куно кабинетін қызметтен кетуге қашан мәжбүр етті? 1923 жылдың тамызында

10. Мюнхенде Адольф Гитлер бастаған бір топ фашистер өз ұранымен көшеге қашан жетті? 1923 жылы 8 қарашада

11. Германияның жағдайы қашаннан бастап тұрақтала басталды? 1924 жылдан бастап

12. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы қашан құрылды? 1925 жылы

13. «Үлкен коалиция» қашан таратылды? 1930 жылы көктемде

14. Бұқара қозғалыс кімнің ықпалында болды? Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының

15. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург кімге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады? А.Гитлерді

16. 1933 жылдың сәуірінде не құрылды? гитлершілердің саяси құпия полициясы-гестапо

17. Гитлер қалай атанды? шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер мен рейхсканцлер

18. Мемлекеттік реттеу тетігінің құқықтық негізін құрайтын бірқатар заңдарды қашан қабылдады? 1933-1935 жылдарда

19. Өндірісте қандай жүйе таратылды? «фермерлік»

20. Германия шаруашылығын қажетті жұмысшы күшімен қамтамасыз ету мақсатында таратылған кәсіподақ орнына не құрылды? Неміс еңбек майданы

21. 1934 жылы қандай заң енгізілді? «Ұлттық еңбекті ұйымдастыру туралы»

21. Жұмыс күні нешеге ұзарды? 10-14 сағ-қа ұзарды

22. Германия мен КСРО қашан құпия келісімге қол қойды? 1939 жылы тамызда

6. Италия. Испания

1. Кім Париж бітім конференциясының Төрттік кеңесіне кірді? Италияның премьер-министрі В.Э.Орландо

2. Соғыстан кейінгі Италияның шетелдерге қарызы қанша болды? Алтынмен 65 млрд лир

3. Италиядағы нағыз саяси партия? Социалистік партия

4. 1919 жылы католиктік топтарды жақтаушы не құрылды? Халықтық партия

5. Италияның фашистік ұйымы қашаннан құрыла бастады? 1919 жылдың көктемінен

6. Фашизм ұғымы? Италияның Фашио деген сөзінен шыққан, мағынасы – Бума, одақ, бірлестік, күрес одақтары дегенді білдіреді

7. Помещиктерге қарсы шаруалар ұйымы қашан құрыла бастады? XIX ғасырдың соңында

8. XIX ғасырдың соңында помещиктерге қарсы шаруалар ұйымы қайда құрыла бастады? Сицилияда

9. Бірінші жалпыұлттық фашистік жиын қашан өтті? 1919 жылы наурызда

10. 1919 жылы наурызда бірінші жалпыұлттық фашистік жиын қайда өтті? Милан қаласында

11. Бірінші жалпыұлттық фашистік жиында не құрылды? Фашистік әскери отрядтар одағы

12. Фашистер қандай ұрандар көтерді? «Жер шаруаларға берілсін!», «Сұрқия буржуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!»

13. Фашистер съезі үкіметтен бірқатар министірлік портфельдер беруін қашан талап етті? 1922 жылы қазанда

14. Муссолини қашан фашистік топтарды Римге қарсы жорыққа бастады? 1922 жылы 28 наурызда

15. Король Муссолиниге жаңа үкімет құруды жүктеді және фашистерге жаңа кабинеттен не беруге келісім берді? 4 портфель

16. Кім фашистерді сынап, сайлаудағы заңсыздық әрекеттерін әшкерелеген болатын? Халық партиясының жетекшісі Джакомо Маттеотти

17. Конститутциялық монархия лаңкестік диктатураға қашан ұласты? 1924-1926 жылдары

18. Барлық азаматтар және саяси бостандықтар жойылды, тұрғындар барлық құқығынан қашан айырылды? 1926 жылдың қараша айында

19. 1927 жылы фашистік диктатураның маңызды жазалаушы қандай органы құрылды? Ерекше трибунал және құпия саяси полиция

20. «Еңбек хартиясы» қашан құрылды? 1927 жылдың көктемінде

21. Италия мемлекеті мен католиктік шіркеу арасындағы тартыстар қашан реттелді? 1929 жылы

22. Фашистік Италияның сыртқы саясаты немен ерекшелінді? өзінің озбырлық бағытымен

23. Италия – Эфиопия сығысының уақыты? 1935-1936 жылдары

24. Эфиопия Италия отарына қашан айналды? 1936 жылы

25. Дато қашан өлтірілді? 1921 жылы

26. Датоны кім өлтірді? анархияшылдар

27. 1923-1930 жылдар аралығындағы кезең қалай аталды? Примо де Ривераның диктатурасы

28. Генералдар мен адмиралдардан тұратын не құрылды? әскери диктатура

29. Диктаторды қолдаудан кімдер бас тартты? Испан социалистік жұмысшы партиясы басшылығы және Еңбекшілердің жалпы одағы

30. Буржуазиялық-демократиялық революцияның уақыты? 1931-1936 жылдар

31. Революция қандай кезеңде өтті? 2 кезеңде өтті: буржуазиялық-демократиялық және Халық майдан кезеңі

32. Буржуазиялық-демократиялық кезеңнің уақыты? 1931-1936 жылдар

33. Халықтық майдан кезеңнің уақыты? 1936-1939 жылдар

34. Муниципалдық сайлаулар қашан өткізілді? 1931 жылдың 12 сәуірінде

35. Демократиялық республика неден тұрады? Бір палаталы парламент - кортестен

36. Бір палаталы парламент – кортестен тұратын демократиялық республика қашан жарияланды? 1930 жылғы 14 сәуірде

37. Гитлерлік партияға ұқсас нені құрды? Испания флангасын

38. Гитлерлік партияға ұқсас Испания фалангасын қашан құрды? 1933 жылдың соңында

39. 1933 жылдың соңында гитлерлік партияға ұқсас Испания фалангасын кім құрды? Бұрынғы диктатордың баласы Хосе-Антонио Примо де Ривера

40. Қай жерлерде қарулы көтерілістер басталды? Баскония, Каталония және Мадрид аймақтарында

41. Халықтық майдан пактісіне қашан келісті? 1936 жылдың қаңтарында

42. Халықтық майдан пактісіне қандай мақсатпен келісті? Республикашылдар фашизмге қарсы бірігіп күресу мақсатында

43. Испания жағдайы? Испанияны азамат соғысы шарпыды

44. Испан фашистері Гитлер мен Муссолини қолдауына сүйене отырып, қашан бүлік шығарды? 1936 жылғы 17 шілдеде

45. Франко өз диктатурасын орнатып, оны қалай атады? Каудильо (көсем)

46. Не себепті республика жеңіліске ұшырады? КСРО көмектескенімен, фашистік дежавалардың интервенциясы және Батыс мемлекеттерінің «араласпау» саясаты салдарынан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]