Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсты жмыс.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

3.5.“Самұрық” мемлекеттік холдингі

Жақында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің арнайы тапсырмасының “ Самұрық” атты мемлекеттік холдинг құрылды. Қазір оның қанаты астында Қазақстанның стратегиялық маңызы бар, ұлттық һәм мемлекеттік компаниялары бірінен соң кіріп жатыр. Енді әлемнің бір қатар өркениетті елдерінің көрген тәжірибеге сәйкес елдігі барлық ұлттық компаниялар бір жерден басқарылатын болады.Яғни, мемлекетті активтердің басқарудың механизмі қалыптаспақ. Сөйтіп, мемлекет елдегі түрлі компаниялардың тапқан, шашқан қаржысын бір арнаға тоғыстырып отырмақ.Бұл – мемлекеттің уәжі. Ал бұған қатысты және қарсы қоғамдық пікір қандай? Кейбір сарапшылар “ мемлекет мұндай холдинг құру арқылы ұлттық компанияларды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған олигархтардың екі аяғын бір етікте тығады” деседі.Керісінше болып шықса қайтеміз. Қазір ел ішінде “Самұрық” туралы сан түрлі пікір айтылуда. Мысалға мәжіліс депутаты Амангелді Таспиховтің пікіріне тоқталайық.

“Самұрық” ұлтқа қызмет ету керек.

“Самұрықтық” стратегиялық маңызы бар компаниялардың барлығының басын біріктіріп, мемлекет мүдесіне сай саясат жүргізетін мәлім. Ең алдымен, ол ұлттық компаниялардың жұмысын, бағытын талдап – сараптай келе “Мынау ұлттық компания”, ал мынау “ Ұлттық компания емес” деген мақсатта жұмыс жүргізу керек. Себебі, кейбір бүгінгі ұлттық компаниялардың мемлекетке қажеті де жоқ сияқты. Яғни, ұлттық компаниялар бірдей жағдайда әрекет еткені жөн. Иә, біз бүгінге дейін уақытты өтккізіп алдық. Холдингті құрмас бұрын, әлгі “дочка”,”внучка” дегендерді құрту керек еді. “Мемлекеттік емес активтерді ажырату керек” деген сөздер былтыр да айтылған болатын. Ол жолдауда да айтылған.Өкінішке қарай, ол толықтай жүзеге асқан жоқ.Мысалы, үкіметтің өзінде осыған дайындық іс-шараларын жүргізу керек еді. Ол жүргізілген жоқ. Сондықтан қазір бірден бастап шауып кету қиынға соғары сөзсіз.

Иә, бұл жерде қайсысы ұлттық компанияға жатады, ал қайсысы жатпайды дегенді анықтап алған абзал.ал жұмыс тәсілі дегенге келсек, холдингтің басында ең алдымен білікті мамандар отыруы қажет. Олар стратегиялық бағыттарды бағдарлап отырады. Әрі қай компанияның қалай жұмыс атқарғанын,ісінің мөлдірлігін,ашықтығын көрсетуі тиіс.

Мәселе,қай компания мемлекетке қандай пайда әкелді деген тұрғыдан қарастырылуы тиіс.Олүшін холдинг жыл сайын халықтың алдында есеп беріп отыру керек шығар. Оны да ойластырған жөн.

3.Әрине, үкіметің алдында есеп беруі керек. Ал үкімет халыққа да жариялы болуы керек. Қара халық та ұлттық компаниялардың не бітіріп, ненідей іспен шұғылданып жатқанынан хабрдар болып отырғаны дұрыс. Бұл жерде кез –келген компанияның ұлттың мүддесіне сай қандай іс – шаралар атқарып жатыр деген мәселе бірінші орында тұрса. Өйткені, ұлттық мүдде тұрғысынан алсақ, халыққа тиімді, пайдалы жұмыстар атқарған компания ғана дамып - өркендеп, өз қамын ойлағандары жабылауы керек. Ал үкімет басшысының бір сөзінде: “Холдинг ұлттық компаниялардың ішкі тірлігіне араласпайды” дегені – ол күнделікті жұмыстарына араласпайды дегені. Бірақ стратегиялық бағыттарын белгілеп береді.

  1. Шетелдік маман келуі керек дегенге мен қарсымын. Олар бізге келіп ақыфл – кеңесін берсін, ал холдиншті. Оның ішінде шетелден оқып, тәжірибе жинақтап келгендері де бар. Тіпті шет мемлекеттерде үлкен компанияларды басқарып жүргендері ба? Қалай десек те, “Самұрықты” отандық қа басқаруы керек деп есіптеймін. Себебі, “Самұрық” ұлттың мүддесіне жұмыс істеп компания болуы керек. Ол мемлекетті қауіпсіздік мәселелерімен де айналысы ұсыныс айтатын болса – құба – құп. Көбі шетелге жалтақтағанда, көріп отырмыз ол мүддесін, не сол елінің мүддесін ойлады. Біз бүгіге дейін жер астындағы байлығымыздың барлығын шетелге беріп қойды. Енді ұлттық компанияларды да беретін болсақ не қалады?.. Бұлай істесек, моральді тұрғыдан алғанда халықтың көңілінен шықпайды. Ал басшылығына кімді қою керек дегенге келсек, бізде білікті, іскер азаматтар көп. Мысалы, сол Сауат Мыңбаев немесе бұрын байланыс және ақпараттандыру агентттігін басқарған Біржан Кәнеш деген азамат бар. Содан кейін министрліктерде қызмет атқарып, ысылған Жақсыбай Күлекеев, әкімдердің ішінде де оқ озып жүрген Қырымбек Көшеребаев. Жалпы, мемлекеттің мүддесін ойлатын ондай жігіттер көп. Ол жерге келген біріншіден, білім деңгейі сәйкес болуы керек. Екіншіден, өзінің еліне, отанына деп патриоттық сезімі жоғары адамды қоюым қажет.