Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой1 Желдету Камзин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
965 Кб
Скачать
☆

2.7 Желдеткішті желіге соңғы таңдау, желдеткіш жетегінің қуатын есептеу және желдеткіш жетегін таңдау

Желдеткіш арқылы желіде қозғалатын ауа көлемін келесідей есептейміз:

(41)

мұндағы: – желіде аспирацияланатын барлық машиналардан сорылатын ауа көлемі, м3/ч;

– желдеткіш желісінің жұмыс үрдісіндегі сору линиясында жұтылатын ауа көлемі, м3/ч;

– желінің жұмысы кезінде шаң бөлгіште жұтылатын ауа көлемі, м3/ч.

, м3/ч шамасын нақталған өрнек бойынша есептейміз:

, (42)

мұндағы: – желінің сору линиясында ауа өткізгіштің жалпы ұзындығы, м;

– ауа өткізгіштің 1 м ұзындығына сәйкес келетін ауаның нормативті жұту коэффициенті, %/м, желіде ауысып отыратын шаң түріне және құрамына байланысты қабылданады.

– диірменнің майдалау бөліміндегі желілер үшін.

Желдеткіштің толық қысымы , Па, ол белгіленбеген қысым жоғалтуларына тиісті қор коэффициентін ескере отырып, желі кедергісіне сандық түрінде сәйкес келеді. яғни:

, (43)

мұндағы: – желі кедергісі, Па.

Желі кедергісін , Па шаң бөлгіштегі қысым жоғалтуларды, аспирацияланып отырған машинадағы қысым жоғалтуларды және ғимараттағы сұйылтуларды ескере отырып, магистральді бағыт бойынша желі алаңындағы қысым жоғалтуларының қосынды ретінде анықтаймыз:

, (44)

мұндағы: – ғимараттағы сұйылту көлемі, Па;

– магистральді бағыт келетін машинадағы қысым жоғалтулары, Па;

– жергілікті кедергілердегі және магистральді бағыт ұзындығы бойынша қысым жоғалтуларының қосындысы, Па;

– шаң бөлгіштегі қысым жоғалтулар, Па.

(45)

Келесі жұмыс параметрлері бойынша желдеткішті соңғы таңдаймыз:

;

Желдеткіштің аэродинамикалық сипаттамасы бойынша желдеткіштің берілген желіде жұмысы кезіндегі ПӘК-і [2] және айналу жиілігін , айн/мин анықтаймыз.

ВР-145-45-5 желдеткішін келесі параметрлермен таңдаймыз: ηв = 0,57; nв = 2505 айн/мин.

Желдеткіш жетігіндегі қуатты анықтаймыз, Nв, кВт:

(46)

Желдеткіш жетегі үшін электроқозғалтқыш қуатын анықтаймыз, Nэ, кВт:

(47)

мұндағы: – қуат қорының коэффициенті, .

Желдеткіш жетегі үшін электроқозғалтқышты AИРХМ132S4 ([2], приложение К) Nэ=7,5кВт қуатымен және nэ=1960 айн/мин айналу жиілігімен таңдаймыз.

Беріліс санын есептейміз:

, (48)

мұндағы: nэ – электрқозғалтқыш білігінің айналу жиілігі;

nв – желдеткіштің жұмыс дөңгелегінің айналу жиілігі.

.

Желдеткіштегі тегергіштің диаметрі стандартты диаметрлер dшв=180 мм қатарынан таңдалады. Желдеткіштегі тегершіктің диаметрі есептеледі

, (49)

Стандартты диаметр қатарынан тегершік таңдалады dШ.Э=315мм

3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

3. 1 Желдеткіш қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі

Осы желдеткіштердің жүйесіне, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және жарылыстан қорғалған желдеткіштерді жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта салуға, техникалық қайта жабдықталуға, консервациялау мен таратуға пайдаланылады.

Жарылыс қауіпті өндірістер үшін желдеткіштердің түрі мен орындалуын таңдауды тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына байланысты жобалық ұйым анықтайды.

Белгіленген санаттар мен топтардың жарылыс қауіпті қоспаларын тасымалдауға арналған желдеткіштерді басқа да төмен санат пен топқа жататын жарылыс қауіпті қоспаларды тасымалдау үшін қолдануға болады.

Желдеткіштерді пайдалану осы Талапқа, дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

Желдеткіштермен тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспалар концентрациясы жарылыстың төменгі концентрациялық шамасының 50 % аспайды. Бақылау операторға және қажеттілігіне қарай АҚАҚ жүйесіне дыбыстық сигнал берумен үздіксіз әрекет аспабымен жүзеге асырылады.

Авариялық жағдайларда жарылыс қауіпті қоспа концентрациясының пайда болуымен технологиялық жабдықтың толық тоқтағанына және үй-жайдан жарылыс қауіпті қоспа шығарылғанға дейін желдеткіштердің жұмысына рұқсат беріледі.

Желдеткіштерді пайдалану басталғанға дейін оларды қауіпсіз пайдалануға белгіленген тәртіпте оқудан және білімді тексеруден өткен жауапты тұлға тағайындалады.

Технологиялық регламент – өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

Желдеткіштердің ақаусыздығы мен жұмысын пайдалану персоналы ауысымына кемінде бір рет нәтижесін ауысым журналына жазумен жүргізеді. Желдеткіштерді жарылыс қауіптілік шарттарын бұзумен пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгіленген нормадан жоғары жарылыс қауіпті шаңы бар ортаны желдеткішпен тасымалдар алдында ол тазалануға жатады. Желдеткіштің өтетін бөліктерін шаңнан тазалау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес кезеңді жүргізіледі.

Кезеңді тазалау тасымалданатын шаңауалық қоспа өлшемдері мен тұндырылған өнімдердің физика-механикалық қасиетіне байланысты желдеткіштерді пайдалану тәжірибесі негізінде белгіленеді.

Жарылыс қауіпті агрессиялы ортаны тасымалдайтын желдеткіштерді пайдалану процесінде желдеткіштердің ағынды бөлігінің тоттану тереңдігін кезеңді тексеру жүргізіледі. Тоттану тозуының тереңдігін тексеру кезеңділігі мен тәсілін орта агерессиялығы деңгейіне байланысты пайдаланушы ұйым белгілейді.

Жылытудың барынша көп температурасы техникалық сипаттамада көрсетілген және жарылыс қауіпті қоспаның осы тобына рұқсат берілген температурадан жоғары болмайтын, барынша шекті рұқсат берілетін температурадан аспайды.

Қадағау кезеңділігі мен тәсілі желдеткіштерді пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетіледі.

Желдеткіштерді пайдалану кезіндегі ұзақ үзіліс кезінде мойынтіректерде тоттануды болдырмау бойынша шаралар қабылданады.

Резервті желдеткіштер әрбір 3-4 аптада сайын қысқа мерзімге іске қосылады.

Пайдалану процесінде қозғалтқыш иінін қосу жалғастырғышы мен жұмыс дөңгелегі иінінің немесе шкив пен электр қозғалтқыш иініндегі қайыс пен жұмыс дөңгелегінің жағдайы көзбен шолып қарау қажет. Жалғастырғыш тегістіктері бір-біріне тимейді. Қайыстардың техникалық қарау процесінде тексерілетін біркелкі тартулары болады.

Желдеткіштерді пайдалану кезінде дірілді оқшаулағыштар тоттануға ұшырамауы және барлық бекіту бөлшектері тартылған болуы қадағаланады.

Желдеткіштерді пайдалану процесінде жұмыс дөңгелегінен статикалық электрді қорғау үшін жетек иініне щеткалардың толық жанасуын қадағалау жүзеге асырылады.

Қадағалау кезеңділі мен тәсілі желдеткіштерді пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетіледі.

Желдеткіш бірден тоқтатылады, егер:

желдеткіште, қозғалтқышта немесе қосу жалғастырғышында тарсыл, соғылу және діріл пайда болса;

желдеткіш пен қозғалтқыш түйінде температура рұқсат берілгеннен артса;

іргетасты сызат болса;

желдеткіштен немесе ауа өткізгіштен газдың не будың ағуы болса.

Жұмыс дөңгелегінің қайтадан теңгерілу салдарынан желдеткіш тоқтаған жағдайда ол қосылар алдында теңгерілім жағдайы тексеріледі.

Жабдықпен құрылымды байланысты немесе технологиялық схемаға қоса салынған барлық желдеткіштерді, жарылыс қауіпті үй-жайда орнатылған басқа желдеткіштерді бір уақытта тоқтату жағдайында ғимараттан және басқару үй-жайынан тыс орнатылған құрал көзделеді.