Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor new versiyon satsial ped.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

11 Семьямен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

- балаға әсер ететіні күрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасьшдағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қоддануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оныңң қылығы жаман);

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықгап, кейін шешім қабылдаған жөн. Жұрт алдында өз беделіқті жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана үнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы қиындықгар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнеғесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық - сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

12 Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз.

13 Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалын ашыңыз.

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор (грекше – зор деген сөз) деп аталады. Оған өлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Белгілі философ Мишель Монтень адамдардың жүріс – тұрысы, өмір салты, іс-әрекеті, мысалы, соғысқа құмар, салмақтылығы, жайбарақаттығы, еңбекқорлығы, ғылым мен мәдениетке қабілеттілігі климаттық шарттар мен табиғи жағдайларға да байланысты болатынын атап кеткен. Географиялық және климаттық жағдай халықтың санына, өсіп - өнуіне де ықпал етеді, мысалы Куба мен Исландияның жер көлемі бірдей, бірақ Кубада жер жағдайымен климаты шаруашылыққа жайлы, сондықтан халық саны Исландияға қарағанда көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]