Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor new versiyon satsial ped.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

15 Әлеуметтік педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдарына тоқталыңыз.

16 Әлеуметтік педагогиканың заңдары мен категорияларын түсіндіріңіз.

Социологияның заңдары мен категориялары.

Кез-келген ғылым сияқты социологияның да өзiнiң категориялары мен заңдары бар. Категорилар әлеуметтiк болмыстың мәндi жақтарын, қасиет-белгiлерiн, құрылымдық элементтрiн бiлдiретiн негiзгi ғылыми ұғымдар. Яғни Социология ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады. Ал осылардың арасындағы iшкi және қажеттi байланыстар мен қатынастарды бейнелендiретiн ұғымдар заңдар болып табылады.

Социологияның ең негiзгi, мазмұны жағынан көлемдi категориясы “әлеуметтiк” ұғымы. Бұл ұғым “әлеуметтiк жүйе”, “әлеумттiк құрылым”, “әлеуметтiк институт”, “әлеуметтiк ұйымдастыру”, “әлеуметтiк топ”, “әлеуметтiк әрекет”, “әлеуметтiк мiнез-құлық”, т.б. көлемдi ұғымдрды қмтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бiрнеше маңызды категорияларға бөлiнедi. Мәселен, “әлеумттiк топ” категориясы “топ”, “халық”, “ұлт”, “жанұя”, ұғымдарымен тiкелей байланысты.

Әлеуметтiк заңдар адамдардың және олардың топтрының мiнез-құлқын реттейдi, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Әлеуметтiк заңдарға, мысалы, әлеуметтiк жiктелу, бiрiгу заңы, әлеуметтiк мобильдiлiк заңы, қоғамдық өмiрдiң интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуi,т.б. заңдар жатады.

Әлеуметтiк зңдарды жалпы және ереше заңдар деп бөлуге болады.

Жалпы заңдар- қоғам дамуын, бiртұтас әлеуметтiк жүйе дамуында анықтайды.

Ерекше заңдар- әлеуметтiк жүйенiң жекелеген ýлемнтерiн, қоғам бөлшектерiн сипаттайды.

17 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалына анықтама беріңіз.

2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы

Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін 4 топқа біріктіреді.

Бірінші – мегафакторлар (мега - өте – үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығында басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етері анық. Өлке – географиялық ұғым. Ол – табиғи шекарасы белгіленген, табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен ХХ ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғалымы В.М.Бехтерев, геофизик П.П.Лазерев, биолог А.Л.Лижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым – қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған энергиясының белсенділігіне байланысты екенін белгілеген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]