Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

15 Жобалық талдаудың түрлері

Инвестициялық жобаны талдау қарастырылатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға  негізделеді. Сондықтан да, инвестициялық  жобаны жасау және жүзеге асыру үшін әлемдік және отандық тәжірибеде инвестицияық жобаларды талдауды бірнеше  түрге бөлуге болады.

Жобалық талдаудың түрлері:

  • Техникалық талдау;

  • Коммерциялық талдау;

  • Институционалдық талдау;

  • Әлеуметтік талдау;

  • Қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талдау;

  • Қардылық талдау;

  • Экономикалық талдау.

Техникалық талдау – бұл  инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды  анықтау және обьектінің орнын таңдай мәелелері шеңберінде жүргізіледі.

Техникалық талдаудың  негізгі мақсаты осы инвестициялық  жобаға ең тиімді техника және технология нұсқаларын қарастыру және анықтау  болып табылады.

Техникалық талдау келесідей  міндеттемелерді шешуге көмектеседі:

  • техникалық – технологиялық нұсқауларын анықтау;

  • орналасқан жерін таңдау;

  • жобаның көлемін анықтау;

  • жобаның жүзеге асыру мерзімін және оның кезеңдерін анықтау;

  • шикізат көздерінің, жұмыс күшінің және басқа да ресурстардың қол жетімділігін және жеткізілуін анықтау;

  • өнімінің нарық сыйымдылығын анықтау;

  • ескергендегі кездейсоқ жоспарланған жобаның шығындарын болжау;

  • жобаның графигін анықтау.

Жобаға техникалық талдауды жүргізу барысында жобаның сметасы  мен бюджеті анықталады. Мұндай кездейсоқ  шығындарға әкелетін мүліктік және бағалы факторларға талдау жүргізіледі. Техникалық талдау арқылы жобаның іске асырылуына қатысты құрылыстық және архитектуралық мәселелер шешіледі.

Техникалық талдауда инвестициялық  жобаның техникалық-экономикалық нұсқалары  зерттеледі, жобаның дұрыс таңдалғаны дәлелденеді, оның жүзеге асырылуының  оңтайлы мерзімдері, шикізаттық және басқа да қажетті ресурстардың болуы, жобалық зерттеу жұмыстарында және басқа да шығындарды есептейді.

Коммерциялық талдау немесе маркетингтік талдау өнімді өткізумен байланысты. Бұл талдаудың  мақсаты жоба бойынша өнімдер  мен қызметтерді тұтынушы жағынан  бақылау болып табылады.

Коммерциялық талдау жүргізу  үдерісінде осы инвестициялық обьектіні  аяқтап, іске қосқаннан кейін өнімді өткізу немесе қызмет көрсету нарығы зерттеледі. Мысалы, қажетті шикізаттар мен құралдарды жабдықтау жағдайы, өндіріс пен өткізу үдерісі, соның  ішінде нарық сыйымдылығы бағаланады.

Коммерциялық талдауда өнімді өткізу нарығымен байланысты шығарылатын  өнімнің сапасы мен көлемі, экспортқа  бағдарлануы, импортауыстыруы, дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестігі, өнімді өткізуде қалай жүзеге асатындығы, өнімді сату көлемінің жеткіліктігі, өндірілген өнімнің өткізуге байланысты бағасының  өзгеру жағдайында жобаны жүзеге асырудағы  табыстылықтың өзгерісі нақтыланады.

Коммерциялық талдауды маркетингтік зерттеулер жұмысымен байланыстыруға болады. Коммерциялық талдауды жүргізетін үш міндеті бар:

  1. маркетингтік қызметке байланысты;

  2. ресурстарды алу көздері мен шартарына байланысты;

  3. өндіріс пен өткізу жағдайына байланысты.

Коммерциялық талдау келесідей  мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жаңа баға белгілеу кезінде жобаның жүзеге асырылуы;

  • ұсынылған жобаның нарық сыйымдылығында қандай да бір бөлігін қамтамасыз етуі;

  • жалпы шығармашылық жолдарды нарыққа өткізу деңгейі,

  • тауардың отандық немесе экспортқа арналуы;

  • нарыққа тауарды өткізу үшін маркетингтік шаралардың өткізілуі;

  • әлемдік нарықта тауардың бәсекеге қабілеттігі деңгейінің болуы.

Институционалдық талдаудың  мақсаты – бұдл жобаны жүзеге асыру  және іске қосу барысындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайға баға беру болып табылады. Сондықтан  институционалды талдау арқылы басқару, ұйымдастырушылық құрылым, жоспарлау  кадрларды оқыту, қаржылық қызмет бойынша  қажетті ұсыныстар жасалады.

Сондай-ақ, менеджменттің  инвестициялық саласындағы әдістері,  моноторинг және бағалау әдістері, ұтымды ұйымдастыру құрылымы, бухгалтерлік есеп және аудит және тағы басқа  мәселелер қарастырылады.

Міндеттері:

  • әрекет ететін заңнамаға сәйкес жоба қатысушыларының міндеттерін анықтау;

  • материалдық-техникалық база, қаржылық жағдай, біліктілікті жоғарлату, құрылым бойынша жоба қатысушаларының әлсіз және күшті жақтарын бағалау;

  • қоршаған орта, жалақы, баға, мемлекетті қолдау, сыртқы экономикалық байланысқа қатысты заңдық нұсқаулардың, үкімдердің, жарлықтардың жобаға әсер етуін бағалау;

  • талдау үдерісінде анықталан жоба қатысушаларының әлсіз жақтарын жою және жобаға жағымсыз факторлардың әсер етуін төмендету бойынша шараларды жасау;

  • жобаның тиімділігіне әсер ететін ұйымдастырушылық факторларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау.

Институционалдық талдау инвестициялық жобада жүзеге асырылатын жағдайларды, яғни құқықтық, саяси ортаны және ұйымдарды бағалау, жобаның  мемлекеттік органдар талаптарына  бейімделуін талдау, кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметін, қаржылық жағдайын және тағы басқаларды талдау жүзеге асырылады.

Әлеуметтік талдау – жобаның  қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыскерлердің тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, еңбек ету, демалыс жағдайларында  кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.

Әлеуметтік талдаудың  мақсаты – бұл жоба жоспарының нұсқауларын, оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдауды жүргізу нәтижесінде  жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет етудің стратегиялық мүмкіндігін  қамтамасыз ету қажет.

Әлеуметтік талдаудың  шешетін мәселелері:

  • жобаға қатысты елдің халықаралық, әлеуметтік, мәдени және деморграфиялық сипаты;

  • жобаны жасауда сол елдің әдет-ғұрпының және дәстүрінің ескерілуі;

  • іске асыру барысында жергілікті халықтың мүдделерінің ескерілуі.

Әлеуметтік талдаудың  стандарттық әдісі мен процедураларының жоқтығынан бұл жобаның түрі өте  күрделі болып келеді.

Жоба бойынша әлеуметтік нәтижелер келесідей болуы мүмкін:

  • аймақтық жұмыс орындары сапасының өсуі;

  • жұмысшылардың тұрғылықты жағдайының жақсаруы;

  • жұмысшылардың еңбек шарттарының өзгеруі;

  • өндірістік кадрлар құрылымының өзгеруі;

  • халықтың және қызметкерлердің денсаулық деңгейінің жақсаруы.

Экологиялық талдауда –  экологияға залал тигізу туралы сараптамаға  баға беріледі. Залал орын алған  жағдайда оны жеңілдеті немесе болдырмау  шаралары анықталады. Дүниежүзілік тәжірибеде жоба бойынша шығындар сметасына  қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру шығындары енгізіледі. Олардың  ауытқу деңгейі барлық салымдардың 10%-ын құрайды. Сонымен қатар, шығындар сметасында күтілмеген шығындарға шағын жобалар үшін 5%, ал мегажоба үшін 15% шамасында шығындардың деңгейі қарастырылады.

Экологиялық талдаудың мақсаты  – инвестициялық жобаның өмірлік  кезеңдерінде жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу. Оның жағымсыз болған жағдайында залал  масштабы және оның алдын алу шаралары қарастырылады. Экологиялық талдау бойынша ранайы экономикалық қорытынды  жасалуы тиіс және ол экологияға байланысты мәселелерді жетік білетін мамандардың  қатысуымен дайындалып бекітіледі.

Экономикалық талдау кезінде  тек қана пайда мен шығындар қарастырылып қоаймай, әрбір қатысушы мен қоғам  тұрғысынан жобаны ұйымдастырудағы  ғаламдық проблемалар зерттеледі. Бұл  талдау түрі қаржылық, техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, және басқа да түрлерімен байланысты, яғни кеңірек болып келеді.

Экономикалық талдаудың  мақсаты – нарықтық мәмілелерде  көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды, сонымен  қатар, жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне  баға бере отырып, инвестициялық жобаның  нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады.

Экономикалық талдаудың  міндеті – жобаның іске асырылуымен  байланысты шығындар мен нәтижелерді  тікелей салыстыруға мүмкіндік  беретін тетктерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып  табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобаның даму мақсатына мүмкіндік  жасатын және ең аз шығынды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол  жеткізетін балама тәсілдерді анықтауға  бағытталған.

Қаржылық талдау – экономикалық талдаудың жалғасы ретінде қаржылық ақпараттарды жинау, трансформациялау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын  білдіреді.

Қаржылық талдауың міндеттері:

  • кәсіпорындардың ағымдағы және болашатағы қаржылық жағдайларына баға беру;

  • қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда кәсіпорындардың мүлкін болатын даму қарқынын талдау;

  • қол жеткізуге болатын қаражат көздерін анықтау отырып, оларды жұмылдыру мүмкіндігіне баға беру;

  • капитал нарығындағы кәсіпорынның жалпы жағдайына болжау жасау.

Қаржылық талдаудың негізгі  мақсаты – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен нәтижелерін  зерттеу ең бірінші кезекте әрбір  қатысушының максималды пайда алуының  тиістілігі ескеріледі.

Қаржылық және экономикалық талдау – инвестиция тиімділігінің  көрсеткіштерінтұтас экономика  үшін жобаның табыстылыған баға беріледі.