- •Актиномициттер морфологиясы
- •Ашытқы саңырауқұлақтардың морфологиясы
- •Бактериялардың морфологиясы
- •Вирустар жайлы жалпы түсінік, олардың көбею жолдары
- •Залалсыздандыру дегеніміз не және оның түрлері
- •Инфекция туралы түсінік.
- •Қоректік орталар(дайындау, сұйық және тығыз қ.О)
- •Микробиологияның Қазақстанда дамуы
- •Микроорганизмдердің қоректенуі
- •Микробиология және вирусология пәніне кіріспе
- •Микробиол-қ лабор-да жұмыс істеу ережесі
- •Микробиологиялық зертханада қолданылатын нег.Дезинфекциялайтын заттар
- •Микробтарды боялған күйінде зерттеу
- •Микробтарды Грам әдісімен бояу
- •Микрооргназимдер систематикасы
- •Микроорганизмдер ферменттері
- •Микрооргназимдер физиологиясы
- •Микроорганизмге абиотикалық факторлардың әсері
- •Микроорг-ге биологиялық фактордың әсері
- •Микроорг-ге сытрқы орта факторларының әсері
- •Микроорг-ге физикалық фактор әсері
- •Микроорг-ге хим-қ факто-ң әсеі
- •Микроорг-ң тыныс алуы
- •Микроорг-ді сандық әдіспен санау. Ашытқылардан препарат дайындау
- •Микроорг-ді тірі күйінде зерттеу
- •Микроорг-дің көбеюі мен өсуі
- •Микроорг-дің таза дақылдарын бөлңп алу
- •Микроорг-дің тыныс алуы және қоректенуі туралы түсінік
- •Микроскоп және микроскоптау техникасы
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтар классифкациясы
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клетка құрылысын зерттеу
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиясы және классификациясы
- •.Микроскоптың құрылысы және оны күту ережелері
- •Прокариотты және эукариотты микробтар, олардың негізгі айырмашылығы
- •Риккетсиялардың морфологиясы
- •38.Судың микробиотасын зерттеу
- •1 Мл судағы микроо-ң жалпы санын анықтау.
- •Спирттік ашу процесі
- •Сыртқы орта факторлардың әсері
- •Тағам өнімдеріне микробиоллогиялық бақылау жүргізу
- •Тағамдық улану
- •Топырақ микробиотасын зерттеу
- •Ттура микроскоптау жолымен тағам өнімдерінің микрофлорасын зерттеу
Бактериялардың морфологиясы
Бактериялардың негізгі марфологиялық түрі.Бактериялардың көлемі өте кішкентай, орташа диаметрі 0,5- 0,8 мкм, ал таяқша бактерия ұзындығы 0,5-3 мкм кейбір бактериялардың ұзындығы 300 мкм. Ал ұсақ бактериялардың өлшемі 0,5-0,15 мкм. Сыртқы пішініне қарай бактериялар 3 топқа бөлінеді: 1. Шар пішінді 2.таяқша пішінді 3.спиральді пішінді.
Шар тәрізділер кокколо (коккус).
Егер микроскоппен қарағанда бөлек-бөлек болса микрококколар д.а.
Егер микроскоппен қарағанда қос-қостан болса диплококколар д.а.
Егер микроскоппен қарағанда4-тен болса тетрококколар д.а.
Егер микроскоппен қарағанда моншақ сияқты болса стрептококколар д.а.
Егер микроскоппен қарағанда жүзім сияқты болса стофилококколар д.а.
Егер микроскоппен қарағанда шоғырланып тұрса сорциналар д.а.
Ұзындығы диаметрімен, жасуша ұшының формасымен және спора түзуіне қарай бірнеше топқа бөлінетін, спора түзетін, таяқша тәрізді бактерияны бациллалар д.а. спора түзбейтіндерді бактериялар. Диплобациллалар таяқша тәрізділер. Диплобактериялар спора түзбейтіндер.
Ирек тәрізділер. Ұзыны және қысқасы кездеседі және ирек санына қарай бөлінеді:
1)бір ирек болса вибрион
2)бірнеше ирек спирилла
3)көп ирек болса спирохиттер
Бактерияның пішіні, өлшемі сыртқы орта әсерінен өзгеріп отырады. 3- топтың ішінен жасуша жағынан ең тұрақтысы коккалар. Өзгеріске ұшырайтын таяқша тәріздісі. Бактерияның ішіндегі өте ұсақтары ультрамикробтар. Қатты қоректік ортада калония түзеді, саны млн-ға жетуі мүмкін. Олардың пішіні, түсі әртүрлі болады.
Жасушаның құрылысы. Жасушалары қарапайым бірақ әлі толық зерттелмеген. Жасуша қабықшасы өте маңызды қызмет атқ, күрделі құрылысты органоид болып табылады. Беткі қабаты жасушаның пішінін белгілейді және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан қорғайды. Егер ортада қант мол болса жасуша қабығының сыртында капсула түзіледі, шырышты қабықша пайда болады. Бұл капсула жасушаның құрғап кетуінен сақтайды. Жасуша қабықшасы оның 20%-ын құрайды,бактерияның алуан түрлілігі осы қабықшаға байл. 1884жылы Дания ғалымы Грам барлық бактерияларды хим-қ құрамы мен кұрылысына байл 2-түске боялатынын көрсетті, бұл әдіс Грам бояуы д.а. Грам оң күлгін түске боялады, грам теріс қызыл түс. Грам оң жасуша қабықшасында бояуды ұстап тұратын күрделі гликопептид муригин және тейхой қышқылы бар. Муригин 80-90%. Грам терісте муригин-5-10% ғана. Тейхой қышқылы жоқ.
Егер жасуша қабықшасы ерекше ферменттің әсерінен ерітілсе осмостық қысымнан бактерияның түрі құрылады. Жасуша қабықшасы жоқ бактерия- L формалы. Бұларға микоплазмалар жатады. Олар өте кіші, ұсақ фильтрден өтеді. Грам теріс қозғалмайтын, спора түзбейтін сапрофиттер, бірақ арасында паразиттер де кездеседі. Ауру туғызады.
Цитоплазмалық мембрана. Жасуша қабықшасына іргелес орналасқан органоид. Қалыңдығы 7-10нм, екі қабатты липидтерден тұрады, сырты ерекше ақуызбен қапталған. Жасуша құрғақ затының 8-15%-ын құрайды. Цитоплазмалық мембранада түрлі тотығу тотықсыздану ферменттері орналасқан. Егер цитоплазмалық мембрананың бүтіндігі бұзылса жасуша тіршілігін жоғалтады. Мембрананың ойысуынан мезосомалар түзіледі. Олар энергетикалық үрдіске қатысады. Жақсы жетілген мезосома грам оң, грам теріс жетілмеген.
Цитоплазма. Химиялық құрамы күрделі, түссіз қоймалжың зат. Құр: су,май, белок,түрлі мин.заттар, ферменттер болады. Жас жасушада цитоплпзма бүкіл жасушаны алып жатады, ал ересек жасушада одан вакуоль түзіледі. Цитоплазмада гликоген, азотты заттар кездеседі. Олар ыдырағанда түрлі қанттарға айналады. Басқа цитоплазмада аминқышқылы РНҚ митохондрияларда орн, ал ДНҚ рибосомада орн. Цитоплазма ірі болғаннан, оның құрамы өзгеріп отырады.
Ядро. Химиялық құрамы күрделі, дезоксинуклеинпротеидтерден тұрады. Құрамында бірі ерекше ақуыз. Екіншісі, тимонуклеин қышқылы. Жасушада бір не бірнеш ядро болады. Пішіні шар тәрізді, сопақша заттар ДНҚ дан тұрады. Әдетте жасушаның ортасынан орын алады. Ядро немесе ДНҚ тұқым қуалаушылық қызметін атқарады. Прокариоттарда нағыз ядро болмайды, бірақ ядролық зат нуклеоид д.а. бұл екі есе спиральды ДНҚ ұзындығы 1-4нм. Кейде оларды бактериялдық хромосома д.а.
Бактериялардың қозғалуы,спора түзуі және көбеюі.
Қозғалу негізі бактерияларға тән құбылыс емес. Пішінге байланысты: шар тәрізділер мүлдем қозғалмайды, таяқшаның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын түрлері бар,ал ирек бактериялар түгел қозғалады. Қозғалудың 2 түрі бар: жүзіп және сырғанай. Сырғанай қозғалатындарға микобактериялар және күкіртбактериялар жатады. Олар толқын сияқты жиырылып, пішінің өзгертіп қозғалады. Жүзіп қозғалатын бактерияларда ерекше жіп тәрізді орган жіпшелері болады. Жіпшелер бактериялардың толқындалып шиыршықтала қозғалуына әсер етеді. Көптеген спириллалар жіпшеленіп қозғалады. Жіпшелердің ұзындығы бактериялардың клеткасынан бірнеше есе артық. Құрамында азот, көміртек, май, нуклейн қышқылы және аминқышқылы бар. Жай микроскоппен көрінбейді, тек электрондықпен ғана. Саны түрліше болады,осыған байланысты бірнеше топқа бөлінеді: монотрихтер және перитрихтер. Монотрихтер бір бағытта тіке қозғалады, ал перитрихтер ретсіз айналып қозғалады. Спора түзу барысында жіпшелері түсіп қалады. Температураның жоғарлауы мен төмендеуі әсер етеді және түрлі улы заттардың әсері бар. Жылдамдығы түрліше. Мысалы: шөп таяқшасы секудына 10мкм қозғалса, ал вибрион 30мкм қозғалады. Бактерияладың қозғалысын 2 әдіспен зерттейді: ілінген тамшы және жаншылған әдістері.
Бактериялардың көбеюі.
Бактериялар әдетте жыныссыз жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан 2 одан тағы бөлініп көбейеді. Алдымен нуклеиод бөлінеді осы кезде клетканың ортасында цитоплазмалық мембрананың 2 қабатынан тұратын қалқанша пайда болады. Одан болашақ қабықша түзіледі. Таяқша бактериялар бөлінер алдыңда ұзарады, бірақ клетка диаметрі өзгермейді. Бөлінер кезде ортасы жіңішкеріп, бөлініп кетеді. Бактериялардың жай екіге бөлінуін бинарлық көбею деп аталады. Көбею процесі өте тез шапшаңдықпен жүреді. Әрбір 10, 15,30 мин сайын кейбіреулері 20-24сағ.көбейеді. Сөйтіп аз уақыт ішінде көлемі 12мкм бір клеткадан көп клетка түзіледі. Бактериялардың өсуі олардың массасының өсуі, ал көбеюі сандық өсу деп аталады.
Ғылымда бактериялардың өсіп және көбеюінің бірнеше фазалар ажыратылады:
1.Лагфаза ортаға бейімделу фаза, бактериялар көбеймейді, тек клеткалар өсіп көбеюге дайындалады.
2.Активті даму фазасы, бұл көбеюдің ең активті фазасы клеткалары қарқынды дамып, тез көбейе бастайды.
3.Стационарлық фаза жаңадан пайда болған клеткалар мен қырылған клеткалар бірдей болады. Сондықтан теңесу фазасы деп те атайды.
4.Қырылу фазасы қоректік ортаның физикалық, химиялық құрамы өзгеріп, яғни қорек азайып клеткасы қырылады. Соңғы жылдары бактериялар әлемінде жынысты жолмен көбеюдің болатыны анықталды. Мысалы: ішек таяқша бактериялары,мұндай көбеюді конъюгация деп атайды. Бұл кезде зигота пайда болады.
Спора және оның түзілуі
Бактериялардың кейбір түрлері негізінен таяқшалар спора түзе алатын қабілеті бар оларды бациллар дейміз. Спора клеткада орналасқан дөңгелек кейде сопақша келген жарқырауық түйір. Шар тәрізді бактериялардың ішінде спораны мочевинаны ыдыратушы сорциналар түзе алады. Спора негізінен тыныштықтағы клетка сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына әсіресе температураға және құрғақшылыққа төзімді. Мысалы вегетатитік клеткалар +50-60 градус температурада қырылыса, олар спора күйінде 100 градус ыстыққа төзімді. Спора көп уақыт қолайлы жағдай туғанша тіршілік қабілетін өзгертпейді. Осыған байланысты әсіресе спора түзе алатын ауру қоздырғыш тағам бүлдіргіш бактериялар өте қауіпті. Сонымен спора бактерияларды сыртқы қолайсыз жағдайға бейімделу деп қарауымыз керек немесе бактериялардың түрін сақтап қалу үшін деп қарамау керек.
