Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
internet_zhauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

20.Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдары.

Мультимедиалық журналистиканың

ақпараттық, мәтіндік, анимациялық,

визуалдық, дыбыстық құралдары интернетжурналистиканың бейнелеуші құралдары Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.Мультимедиа (multimedia) – бұл компьютерлік жүйеде мәтін, дыбыс, видеобейнелерді, графикалық бейнелерді және анимацияларды (мультипликация) біріктіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технология. Мультимедиа – бұл мәтін, графика, анимация, сандық бейнелерді, видео, дыбыс сияқты мәліметтер типін енгізуге, өңдеуге, сақтауға, беруге және бейнелеуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Мультимедиалық технологиялар (МТ) – визуалдау, аудиоэффектілерді және интербелсенді бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы басқаруымен әртүрлі жағдайларды мультипрограммалауды қамтитын электрондық құжаттарды дайындау әдісі.

Мультимедиа технологияның бұл екі анықтамасы мультимедиалық технология түсінігінің мәнін толық ашады, яғни МТ – бұл бірінші кезекте, компьютер экранында ақпаратты дайындау және ұсыну технологиясы. Мультимедиалық технологиялар толығымен компьютерлік оқыту технологиясының даму концепциясына сәйкес келеді. Оқытудың мультимедиалық технологиялары да компьютерлік технологиялар сияқты теориялық негізге ие. Оқытудың мультимедиалық компьютерлік технологияларын қазіргі заманғы компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін, программалау технологияларын және оқытудың компьютерлік құралдарын құрудың құрал-жабдықтар орталарын қолданатын компьютерлік оқыту технологиясы дамуының қазіргі заманғы кезеңі деп қарастыруға болады.

21.Журналистер үшін электронды почта не үшін қажет?

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау .Мұның бәрі журналист үшін өте тиімді болмақ.Себебі журналист өз материалдарын редакцияға жібергендегі жету жылдамдығы басты рөлді атқарады.Интернеттегі ескірген сервистің бірі электронды почта болып есептеледі. Ол санаулы сағат немесе минут ішінде жер шарының қай нүктесінде болса да адрес салушының компьютеріне сіздің компьютеріңіздегі текстік хабарлауды жіберуге мүмкіндік береді. Текстік қатынасқа – суреттер, дыбыстық мәліметтер т.б. кез келген екілік ақпаратпен файлдар тіркеуге болады.Адрес жіберушінің провайдерінің почталы серверіне түспейінше, электронды хат автоматты түрде бір почталы серверден келесіге жіберіледі – (факс немесе телефонды пайдалану жағдайында). Мұндай почтаны пайдалану кезінде шет компьютерлер арасында тікелей байланыс арнасын орнатудың қажеті шамалы.Осы серверден адрес салушы оны байланыстың келесі бір санасында алады. Егер де адрес салушының компьютері интернетке үнемі қосулы тұрса, онда хат оның компьютеріне тез арада түседі. Көрсетілген адресте жоқ болған жағдайда жіберуші ескертуге сәйкес хат алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]