- •2.Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •21. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •22. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •28. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •31. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •35.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •37.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •39. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •49.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •51 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •54.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •59. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •60. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •61.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •63. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •66.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •68. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •69. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •70. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •71. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •72. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •73.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •74. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •77.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •79. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •80.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •81. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •83.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •84.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •85.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •86.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •93.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •94.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •95. "Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы.
- •96. Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •97 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •98. Қазақстан - әлемдік қауымдастықта.
- •99. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •102.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
26.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.
27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі. ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды. Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
