- •2.Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •21. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •22. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •28. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •31. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •35.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •37.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •39. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •49.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •51 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •54.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •59. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •60. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •61.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •63. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •66.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •68. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •69. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •70. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •71. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •72. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •73.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •74. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •77.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •79. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •80.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •81. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •83.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •84.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •85.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •86.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •93.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •94.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •95. "Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы.
- •96. Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •97 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •98. Қазақстан - әлемдік қауымдастықта.
- •99. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •102.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Испиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика,медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырғанҮргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81_%D0%A1%D1%96%D0%B1%D1%96%D1%80" С HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81_%D0%A1%D1%96%D0%B1%D1%96%D1%80"ібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақОрта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»(1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
