- •54. Ликвация түрлері
- •55.Микроструктуралық талдау
- •56.Термиялық талдау әдісі
- •60. Қорытпалар күйінің диаграммасы
- •61. Қорытпалар теориясының негізгі ұғымдары (жүйе, компонент, фаза)
- •62. Болатты шынықтыру.
- •63. Шынықтыру температурасы.
- •64. Шынықтыру тәсілдері.
- •66. Болатты босату.
- •65. Шынықтыру ақаулары.
- •67. Босаңдату түрлері.
- •91. Балқыту әдісі бойынша классификациясы
65. Шынықтыру ақаулары.
Шынықтыру кезінде бөлшекте келесі ақаулар пайда болуы мүмкін.
Бұйым пішінінің өзгеруі, қисаюы, шытынаулар пайда болуы. Бұл ақаулар шынықтыру кезінде пайда болған ішкі кернеулердің әсерінен шығады. Бұл ақауларды азайтудың бір жолы – бөлшекті мартенситтік түрлену аймағында баяу суыту.
Шала шынығу. Бұл ақау қыздырылу жеткіліксіз болғандықтан (мысалы, эвтекоидқа дейінгі болатты Ас3 нүктесінен төмен қыздырғанда) немесе суыту жылдамдығы дағдарыс жылдамдықтан аз болғанда орын алады. Бұл ақауды жою үшін бұйымды қайта дұрыс режимде шынықтыру керек.
Асыра қыздыру. Бұл ақау қажетті температурадан асыра қыздырып шынықтырҒанда пайда болады. Нәтижесінде, асыра қыздырылған аустениттің түйіршікті өсіп, суытқанда ірі инелі мартенситке айналады да, бұйымда морт қасиет пайда болады. Бұл ақауды түзету үшін толық жасыту операциясын жүргізіп, қайта дұрыс режимде шынықтыру керек.
Бұйым ретінде жұмсақ дақтардың пайда болуы. Бұл ақау суытқан кезед бұйым бетінде бу тұрып қалып, суыту жылдамдығын төмендетуден болады. Ақауды жою үшін қайта шынықтыру керек.
Тотықтану мен көміртексіздену. Бұл ақау қыздыру кезінде бөлшек беттерінің пеш Атмосферасын әсерлесу нәтижесінде пайда болады. Ақауды жою әдісі қайтадан дұрыс, режимді термиялық өңдеу немесе бөлшекті бейтарап атмосферада қыздыру (азот, аргон, т.б.).
66. Болатты босату.
Босаңдату мақсаты – шынықтырылған болаттың жоғары беріктік шегін сақтау және бірге тұтқырлығын жоғарылату, ішкі кернеулерді азайту және тұрақтылау құрылым алу.
Шынықтыру кезінде болатта пайда болған тетрагоналды мартенсит пен қалдық аустенит құрылымдары қыздырғанда көлемдерін өзгертіп, тұрақтылау күйге көшуге тырысады. Мысалы, 100...2000С температурада тетрагоналдық мартенсит кубтық мартенсит құрылымын түзеді (босаңдату мартенсит). Қалдық аустенит 200...3000С температурада босаңдату мартенситіне айналады. Ал шынықтырылған болатты 3500С температурадан жоғары қыздыру мартенситтің феррит-цементит қоспасына ыдырауына әкеліп соғады.
Босаңдатудың мақсаты - шынықтырылған болаттың жоғары беріктік шегін сақтау және бірге тұтқырлығын жоғарылату, ішкі кернеулерді азайту және тұрақтылау құрылым алу.
Шынықтыру кезінде болатта пайда болған тетрагоналды мартенсит пен қалдық аустенит құрылымдары қыздырғанда көлемдерін өзгертіп, тұрақтылау күйге көшуге тырысады. Мысалы, 1ОО...2ОО°С температурада тетрагоналдық мартенсит кубтық мартенсит құрылымын түзеді (босаңдату мартенситі). Қалдық аустенит 200...300°С температурада босаңдату мартенситіне айналады. Ал шынықтырылған болатты 350°С температурадан жоғары қыздыру мартенситтің ферритцементит қоспасына ыдырауына әкеліп соғады.
Шынықтырылған болатты қыздыру температурасына байланысты босаңдатудың үш түрі ажыратылады: төмен температуралық, орташа температуралық және жоғары температуралық.
Төмен температуралық босандату деп шынықтырылған болатты 250°С-ке дейін қыздырып, сол температурада біраз ұстап тұрып, ауада суытуды айтады. Нәтижесінде, ішкі кернеулер азайып, жоғары қаттылығы сақталады (НКС 58...63). Босаңдатудың бұл түрі кескіш аспаптар мен жоғары қаттылық және тозуға төзімділікті талап ететін бөлшектерде қолданылады.
Орташа температуралық босаңдату деп шынықтырылған болатты 35О...45О°С дейін қыздырып, сол температурада біраз ұстап тұрып, ауада суытуды айтады. Оның нәтижесінде болаттың қаттылығы төмендейді, (НКС 40...50), тұтқырлығы жоғарылайды. Ішкі кернеулер азаяды. Сонымен қатар тұрақтылау троостит, троостосорбит құрылымдары түзіледі. Орташа температуралық босаңдату серіппелер, рессорлар, штамптар, соғу аспаптары т.б. үшін қолданылады.
Жоғары температуралық босаңдату деп шынықтырылған болатты 45О...65О°С-ке дейін қыздырып, сол температурада біраз ұстап тұрып, ауада суытуды айтады. Нәтижесінде, болаттың тұтқырлығы ең үлкен шамасына жетеді, беріктігі жеткілікті шамада болады, ал қаттылығы едәуір төмендейді. Ішкі кернеулер жойылады. Болаттың құрылымы сорбитке түрленеді. Оны босаңдату сорбиті деп атайды. Машина бөлшектерін шынықтырып, жоғары температуралық босаңдату - өте кең қолданылатын әдіс. Оны жақсарту деп атайды. Жақсарту құрамында 0,3...0,5% көміртегі бар конструкциялық болаттарға жүргізіледі.
