Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЭЦ-СОНИ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.Екі түйін әдісі. Түйін потенциалдар әдісі.

Түйін потенциалдар әдісі.

Бұл әдіс электр тізбегінің есептеу әдісі болып табылады, схемадағы түйіндер потенциалын белгісіз деп алса, түйіндік потенциалдар әдісі деп аталады. Түйін потенциалдар әдісі түйін саны m аз болған кезде қолданылады. Әдістің негізі, Кирхгофтың бірінші заңы мен Ом заңын пайдалануда.

1-сурет. Түйіндік потенциалдар әдісін сипаттайтын схема.

Түйін потенциалдар әдісімен есептеу тәртібі:

m,n – түйін, тармақ санын табамыз. Барлық шын токтардың бағытын белгілейміз.

Бір түйінді базистік түйін ретінде қарастырамыз және оның потенциалын 0-ге теңестіреміз(жерге қосылған түйін). Барлық түйіндерді белгілейміз.

Барлық токтарды Ом заңы бойынша потенциалдар арқылы жазамыз.

I Кирхгоф заңы бойынша қалған m-1 түйін үшін теңдеу құрастырамыз. 3-пунктегі теңдеулерді осы теңдеуге қоямыз.

Потенциалдар арқылы токтардың мәндерін анықтаймыз.

Екі түйін әдісі.

Бұл әдіс түйіндік потенциалдар әдісінің бір түрі болып табылады және ол тек қана екі түйіні бар тізбектерді есептеуге қолданылады. Алдымен екі түйін арасындағы түйінаралық кернеуді келесі формула бойынша табу керек:

мұндағы, - k – тармағының өткізгіштігі, – k – тармағының ЭҚК-і.

Егер тармақтағы ЭҚК бағыты түйінаралық кернеудің индексінде бірінші тұрған түйінге қарай бағытталса, бөлшектің алымында Ер көбейтіндісі суммаға оң таңбамен жазылады, ал егер керісінше болса теріс таңбамен жазылады. Кернеуді тапқаннан кейін Ом заңын қолданып тармақтардағы токтарды есепу керек.

2-сурет.Түйінаралық кернеуді көрсететін схема.

Мысалы, 2-суреттегі схема үшін түйінаралық кернеу келесі түрде анықталады:

8.Өзара принципі. Компенсация әдісі.

Компенсация әдісі

Егер электр тізбегінің кез келген бөлігін,осы бөліктегі кернеуге тең және бағыты осы кернеуге қарама-қарсы болатын ЭҚК көзімен ауыстырса,электр тізбегінің тармақтарындағы токтар өзгермейді.(72 –сурет).

Егер электр тізбегінің кез келген бөлігін,тоғы тармақтағы токқа тең және бағыты тармақтағы токқа сәйкес ток көзімен ауыстырса, онда электр тізбегінің тармақтарындағы токтар өзгермейді.(73 –сурет).

Өзара принципі

Өзара принципінің мағынасы мынада : егер ЭҚК ab тармаққа қосылған,пассивті cd тармақта I тоғы пайда болса,сол ЭҚК cd тармаққа әсер етіп, ab тармақта сондай I тоғы пайда болады.(1.37-а сурет)

cdтармақтағы ток:

=

ab тармақтағы ток(1.37-б сурет):

=

Сондықтан:

Өзара қасиетін тәжірибеде қолдануда токтар бағытының өзара сәйкестігін және сұлбадағы ЭҚК-сын есепке алу керек.Егерде, ab тармақтағы ЭҚК бағыты тармақ тоғына сәйкес болса,ca тармақтағы токтың оң бағыты ЭҚК бағытымен сәйкес болу керек.

9. Синусоидалды ток тізбектерінде Ом және Кирхгоф заңдарының комплекстік түрлері.

Мына сызбаны қарастырайық:

Енді осы теңдеудегі барлық элементтерді комплексті түрде жазып алайық:

;  ;  ,

Осыдан жалпы формуланы аламыз:

  — Бұл жерде z толық комплексті кедергі. Осыдан тізбектегі комплекстық амплетудалық Ом заңы :

 

Екеуін де   бөлу арқылы, Ом заңын әсерлік мәнге аламыз:

  

Электр тізбегі үшін Кирхговтың бірінші заңы:

.

Енді барлық тоқтарды комплексті түрде жазамыз және қысқартамыз :

;  .

Екі бөлігін де бөлсек , комплексті әсерлік ток үшін Кирхговтың бірінші заңын аламыз:

.

Яғни түйіндегі барлық тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.

Кирхговтың екінші заңы:

Мынадай тізбекті қарастырайық

Кирхговтың екінші заңы:

.

Енді комплексті түрге келтіреміз:

.

Яғни контурдағы комплексті ЕҚК суммасы, түскен комплексті кернеу суммасына тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]