- •2.Мотивацияға(ынталандыру) басқару функциясы ретінде анықтама беріңіз.
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •5. Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз
- •1. Ресми ұйымдар
- •2. Бейресми ұйымдар.
- •2. Өзара көмек3. Өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
- •4. Өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.
- •Ұйымдық өзгерістердің табиғатын түсіндіріп, айнымалылардың өзара байланысын: мақсаттардың, құрылымның, технологияның, міндеттердің және адамдардың түсіндіріңіз
- •9. Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •8. Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз.
- •10. Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •11. Ішкі орта және оның факторларына сипаттама беріңіз
- •12. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз.
- •13. Бақылау түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз
- •14.Болжаудың сапалық әдістерін анықтап сипаттама беріңіз.
- •16. Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •17. Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •18. Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз Бақылау - бұл ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс.
- •20, Бақылау үрдісінің кезеңдері.
- •23. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Оғамдық ұйымдар шешімі т.Б.
- •Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •27.Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •28. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •29.Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •31.Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз.
- •31. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз:
- •32. Дивизионалды құрылым
- •34. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •37.Басқарудағы жүйелік тәсілдің мәнін ашыңыз.
- •38. Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз. (толық емес)
- •39.Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз.
- •40. Менеджер ұғымына анықтама беріп оған қойылатын талаптарды атаңыз
- •43.Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?
- •Мүмкіндіктері (Opportunities): шет ел мемлекеттеріне мобильділік бағдарламары бойынша 1-2 семестрге оқу мүмкіндігі, мемлекет тарапынан мықты қолдау
- •Қатерлері (Threats): жеке университтер ашылу салдарынан және жалпы бәсекелестік, университет төңірегінде жемқорлық туралы алып-қашпа әңгімелер оқу орнының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін
- •1.«Қақтығыстардан қашу», бұл адамның дау-жанжалдан алыс болуы, яғни стресске ұшырамау үшін.
- •2.Қарсы күрес, конкуренция – бұл өз көз-қарасынды қандай да болсын бағамен қабылдау басқа қатысушылардың пікірін сынға алмау
- •3. Тактикалық жоспарлау
- •52. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •Хоторндық эффект
- •Хоторндық тәжірибенің басқару теориясына ықпалы.
- •59. Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, кейбір ғылыми менеджменттің және бюрократияның қағидаларының қолдануын сипаттаңыз. Қалай ойлайсыз, осы сипаттамалар ұйымдарда мәңгі болады ма?
- •Ғылыми басқару
8. Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз.
Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр. Американдық басқару әдебиетінде әкімшілік (немесе оперативті, тактикалық) және басқарушылық (немесе жалпы, стратегиялық) бақылау деп ажыратылады. Егер әкімшілік бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана беретін және автоматизациялануға оңай көнетін болса, басқарушылық бақылау мақсаттарға жету барысында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған және шешім қабылдау мен саясатты жасаудың инструменті болып саналады.
Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының тиімділігін көрсететін және стратегиялық шешімдерді түзету, күнделікті қызметті реттеу туралы сапалы информация беру керек. Ол болашақта көптеген ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауды қамтиды. Бұл жерде сандық көрсеткіштен басқа да бағалау қажет, басқаша айтқанда санмен сипаттала алмайтын факторларды ескеру қажет.
Ұйым қызметін таңдау және баралау басқарудағы ең күрделі мәселелердің бірі деп саналады. Әр түрлі учаскелерге және басшыларға қазіргі жағдайда өте дәл және орынды баға беру — тиімді басқарудың басты шарты боп табылады.
Жалпы басқарушылық бақылаудың кемшіліктері, жақсы оперативті бақылау жүйесінің бар болғанның өзінде, неге алып келетінін «Крайслер» және «Локхид Эйркрафт» фирмалағының мысалдарында көрсетуге болады. 70-жылдардың аяғында бұл фирмалардың көрсеткіштері құлдырап кетті. Әр түрлі себептен туған фирма шаруашылығының нашарлауы жалпы бақылаудың кемістігі, оның ішінде технология дамуын бақылау, өндіріс шығындарын бақылау кемшіліктерінен болған, осының нәтижесінде қаражаттар шамадан тыс жұмсалған.
Сонымен басқарушылық бақылаудың тиімділігі ұйым тіршілігінде ең маңызды роль атқарады. Басқарушылық бақылау алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуден тұрады, сонымен бірге жоспарланған шешімдерді іске асыруды өндірістік информациялардың бағытын ұйымдастыру арқылы орындап тұрады.
Бақылай білудің зор маңызы бар.Зигерд пен Ланг наразылық туғызатын жеті түрлі қатені атап көрсетеді1)бақылау қақтығыспен шектелмеуі тиіс;2)жаппай бақылау ұқыпсыздыққа ұшыратады; 3)жасырын бақылау реніш туғызады;4)тек жауапты учаскені бақылаумен шектеуге болмайды;5)сенбегені үшін бақылауға болмайды;6)бақылау сырт көзге көріну үшін істелмейді;7)өз қорытындыңды іште сақтама.
Мінез құлық ғылымының өкілі Ньюмен бақылау тиімділігін арттыру үшін менеджерлерге бірнеше ұсыныс айтады.1.Қызметкерлерге қолайлы ойластырылған стандартты белгіле2екі жақты қарым қатынасты белгіле3 өрескел бақылауға жол берме4стандарттарды қатаң бірақ жеткілікті белгіле5стандартқа жеткені үшін мадақта. $Бақылау барынша қарапайым болған жөн.Тиімді бақылаудың келесі сипаттамасы үнемділік.Бақылауда көптеген жанама шығындар болады.Мәселен жұмыс уақыты мен ресурстар бөлу.
9. Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
Сыртқы орта – белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлардың, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдары мен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттар мен факторлар жиынтығы. Басқарушылық ілімде сыртқы ортаның маңызы мен ұйымға қатысты сыртқы күштерді есепке алу жайлы ойлар 50-жж. аяғында пайда бола бастады. Бұл басқару ғылымына жағдайлық көзқарастың салған ең елеулі үлесі, себебі басшыға ұйымды өзара байланысқан ,өз кезегінде сыртқы ортамен байланысқан бөліктерден тұратын біртұтастық деп қарастыру қажет екенін баса көрсетеді. Ұйым ресурстар, энергия, кадрлар мен тұтынушылар жеткізу жағынан ашық жүйе ретінде сыртқы әлемге тәуелді.Сыртқы ортаға ұйымға, оның қызмет етуіне, оның нәтижелеріне, қызметінің салдарына әсер ететін, бірақ ішкі өзгерістерге жатпайтын шаруашылық жүйенің элементтері кіреді.Сыртқы ортаның негізгі сипаттамасы оның күрделілігі, қарқындылығы мен белгісіздігі болып табылады. Сыртқы ортаның күрделілігі бірнеше жағдайларда көрініс табады. Нақты жағдайда ұйымның қызмет етуіне шарттар мен факторлардың үлкен саны әсер етеді. Олардың табиғаты әртүрлі. Техникалық факторларға технологиялар, материалдар жатады. Әлеуметтік шарттар мен факторлар деп әлеуметтік нормалар, құндылықтар, қалаулар және т.б. саналады. Ұйымдастырушылық факторлар — бұл қолданылып жүрген ұйымдастырушылық құрылымдар, шаруашылық байланыстар типтері. Сонымен қатар, экономикалық, құқықтық, саяси, мәдени-тарихи шарттар мен факторларды атап өтуге болады.Ұйымның қызмет етуіне халықаралық орта әсер етеді, әсіресе егер ұйым халықаралық операцияларды жүзеге асыратын болса. Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады:
• факторлардың өзара байланысы;• күрделілік;• қозғалмалылық ;• белгісіздік.
Сыртқы орта факторларының өзара байланысы - сыртқы ортаның бір факторының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететінін анықтау арқылы көрінеді.Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.Қозғалмалылық — бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де солғұрлым тез дамып отырады.Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.Сыртқы орталар: экономикалық шарттар, тұтынушылар, кәсіподақтар, басқарма актілері, заңды нормалар, бәсекелес ұйымдар, қоғамдық көзқарастар, техника және технологиялар.Бұлар ұйымда болып жатқан барлық факторларға әсер етеді. Мысалы, жаңа автоматтандырылған технология бәсекелестікке жетелейді. Бұл техниканы тиімді пайдалану үшін жаңашыл көзқарасты, жаңа білікті мамандарды жалдауы керек. Мұндай білікті мамандарды бәсекелес нарығы заманында жалдау үшін оның айлық жалақысын жоғарлату керек.Сыртқы орта әсерін : тікелей әсер ететін және жанама әсер ететін факторлар болып бөлінеді.
