Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.

Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға.

Баға құру негізі қандай факторға байланысты болатындығы баға құрудағы әртүрлі әдістемелерге сай құрылады.

Баға құру әдістері өзіне мыналарды қосады: баға құру тұжырымдамасын (өндіріске әрі тұтынушыға қажетті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және қажетті пайдалылық); баға түрлерін; баға құрылымын; баға қызметін; баға құру принциптерін; баға құру әдістері мен әдістемелерін; баға құруды басқаруды. Тәжірибе жүзінде ең кең таралған әдіс шығындық әдіс болып табылады, өнімге бағаны есептеу өндіріс шығындарына қандай да бір мөлшерді қосумен анықталады. Оған келесі әдістерді жатқызуға болады: толық шығындар әдісі, тікелей немесе нормалық шығындар әдісі, шекті шығындар әдісі, залалсыздықты талдау негізінде баға құру әдісі, инвестициялар пайдалылығын есепке алу әдісі, бағаға үстемені қосу әдісі.

Толық шығындарды анықтауға («шығындар қосу» әдісі) негізделген әдістің мәні, шығындар жиынтығын (ауыспалы (тікелей) шығындар қосу тұрақты (қосымша) шығындар) және пайданы соммалауда.

Нормалық шығындар әдісі бірлік өнімге жұмсалатын шығындар есебінің нормативтер шығындарының барлық элементтері бойынша анықтауды ұйғарады. Нормативтік шығындар өндірістің тиімді әдістерін пайдалану кезінде және нақты жұмыс жағдайы мен сыртқы қоршаған орта жағдайын ескере отырып, қандай да бір уақыт аралығында бірлік өнімді өндіруге жұмсалған шығындар болып саналады. Осы нормативтермен нақты жұмсалған шығындар салыстырылады, ал алынған ауытқулар өндірістегі қателіктер мен кемшіліктерді анықтауға және оларды жою бойынша шараларды қабылдау үшін талқыланады.

Мемлекет ауылшаруашылық өнімдеріне және тұтыну тауарларына бағаны келесі қызметтер көмегімен реттеуі тиіс: бағалар мен тарифтерді қолдану және тағайындау бойынша әдістемелер; ауылшаруашылық өнімдері, өнеркәсіптер және басқа салаларда бағалары арасында паритетті қолдаудың экономикалық әдістерін дайындау мен енгізу; жергілікті монополияға қарсы комитеттер мен жергілікті әкімшіліктер қызметтерін үйлестіру мен әдістемелік жетекшілік етуді қамтамасыз ету; мемлекетаралық айырбас өніміне баға деңгейін анықтау; өзіндік құнның, инфляция деңгейінің өзгеруіне байланысты монополиялық жоғары бағаны реттеу туралы шешімдер дайындау. Сонымен қатар олардың орталықтандырылған сатып алу бағасы да олардың тауарлық өндірісінің 30-35% аз болмауы керек. Ал мал шаруашылығы өнімдеріне келесін болсақ, олардың негізгі бөлігі (80-90%) тұрғындардың жеке шаруашылығында өндіріледі, өнім тауарлығын арттыру мақсатында, оны «Мал өнімдері» АҚ қайта өңдеуші кәсіпорындары және жергілікті тұтынушылар кооперативі арқылы орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыруы керек.

Мемлекеттік сатып алу көлемін есептеу кезінде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері Төтенше жағдайлар Министрлігінің (ТЖМ) мобилизациялық резервтерге сондай –ақ арнайы тұтынушылардың – мемлекеттік мекемелерді Қорғау Министрлігі жүйесі, Ішкі істер Министрлігі, КУИС (әскери бөлім, жабық мекемелер) және басқа да мемлекеттік мекелемелер (балабақшалар, мектептер, ауруханалар) барлық қажеттіліктерін ескере отырып есептеу керек. 

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бағалық диспаритеттің өсуі, яғни ауылшаруашылық өнімдерге бағаның өсуі салыстырмалы түрде аграрлық өндіріс үшін ресурстарға бағаның тез өсуіне алып келеді – бұл нарықтық экономика үшін кәдімгі жағдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]