Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз

Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.  Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.

Пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді: • кәсіпорын активтерінің рентабельділігі; • меншікті капиталдың рентабельділігі; • сатулардың рентабельділігі (өткізу); • өндірістің рентабельділігі; • өнімнің рентабельділігі.

Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді: R = П / У · 100

Рентабельділік деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына пайыздық қатынасымен есептеледі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасының тиімділігінің мәні.

Шаруашылықтың кез-келген жүйесінде өндіріс тиімділігінің спецификалық мазмұны келесілермен анықталады:

  • өндірістің қоғамдық нысанымен;

  • өндірістің мақсатты бағыттылығымен;

  • берілген жүйеге тән өндіріс факторы мен нәтижелерінің өзіндік сипатымен;

Өндірістің рентабельділігі – бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы: Rпр = Пб / (ОФ + ОС) · 100

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]