- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
Қазақстан экон/сын дамытуда балама жолдар арқылы тұрақты экон/қ өрлеуге жол ашылады. Баламалы жолдарды таңдауда бірден бір себеп, қазіргі таңда пайдаланып отырған мұнай мен пайдалы қазбалар болашақта сарқылу жағдайында бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алу болып табылады. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, жер бетіндегі көмір қоры 130 жылға, мұнай қоры 50 жылға, уран қоры 90 жылға жетеді. Бүгінде мұнайсыз өркениет – өлі шаһар. Көліктер жүрмесе, үйлер жылытылмаса, жарық болмаса не болады? Осындай салдардан егін себілмесе, қажетті тағамдар өндірілмесе – ғаламшарды аштық пен үлкен экономикалық-экологиялық атап жайлауы мүмкін. Қазіргі тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын болжайды. Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге негізделеді ж/е дамыған, дамушы және өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады. «Табиғи капитал» көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан үшін, мысалы, экономикада пайдалы қазбалардың маңыздылығы өте ерекше болып табылады, яғни табиғи ресурстардың өте мол қоры экономиканың дамуында маңызды рөл ойнайды. Көптеген елдер өзінің бай табиғатының есебінен экологиялық туризм үшін табиғи капиталдың «рухани» қызметтерін қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» атты халыққа Жолдауында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс» деп, экономиканы балама жолдармен дамыту қажеттігін көрсетті. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы маңызды және баламалы энергия көзін пайдалануда Қазақстанның артықшылықтары мен мол мүмкіндіктері бар. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқашан басталған. Ғалымдардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ал осындай игіліктерді істердің атқарылуы үшін міндетті түрде қаражат керек. Қазіргі таңда, осы көрмені қаржыландыруға б/сты еліміз біршама қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Бұл қиыншылықтар, салық жүйесіндегі, зейнетақы жүйесіне де өз әсерін тигізіп жатыр. Бюджеттің шығыстарын ауқымды көлемі де осы көрме мақсатын орындауға жұмсалуда. Бұл болашақты жақсартудағы игілікті іс үшін жұмсалып жатқандықтан, ол заңды түрде. Кез келген істі бастамас бұрын, міндетті түрде басында шығынға ұшырайды. Ал, егер болашақта күтілген қиыншылықтардың қамін қазірден ойламасақ, болашақта одан да көп зиянға ұшыраймыз. Қорыта келгенде, дәл осындай қарқынмен энергияға деген тәуелділіктің деңгейін Қазақстанда да кемітіп, энергия алудың баламалы көздеріне көшу керек. Мемлекет экономикасын балама жолдармен дамыту арқылы Қазақстан тек шикізатқа тәуелділікті ғана емес, тұрақты экономикалық-экологиялық дамуға қол жеткізеді. Болашақта бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кандидатурасын ұсынуы әрі «Болашақтың энергиясы» атты жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таңдауы әлем назарын өзіне аударғаны хақ. Өйткені адамзат алдындағы күрмеуі қиын мәселе – энергияға деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді, мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50 жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт керек.
